Аккузова айнур абдыжалиловна


әдірем  қал-ау,  сен,  әдірем  қал!



Pdf көрінісі
бет92/116
Дата05.04.2022
өлшемі2,11 Mb.
#29953
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   116
әдірем  қал-ау,  сен,  әдірем  қал!»  сынды  қарғыс  мәнді  оралымдарды 
кездестіруге болады. Осы ретте М.Әуезовтің  «Адам баласы  бір үлгі аларда, ең 
әуелі шын жүрегімен сүйген кісісінен күштеп алады. Сол сүйген кісісінен сүйіп 
алған  үлгі жүрегіне  нық орнайды.  Біздің  бала  күнімізден  елжіреп  сүйетін  кісі 
кім?  Ол  анамыз...  Бұлай  болғанда  біз  адамшылығымызға  ірге  болатын 
құлықты  әкеміз  қандай  ғалым  болсын,  қой  сауып,  тезек  теріп  жүрген 
анамыздан  аламыз.  Бұлай  болғанда  өмірінде  ғаділет,  мархамет,  махаббат 
деген нәрсенің атын естімеген ананың харекеті үй іші мен отбасынан, ғайбат 
өсектен аспаған анадан ақ жүрек, адал ниетті қамқор жан тууы мүмкін бе?... 
Сол себепті әйелдің басындағы сасық тұман айықпай халыққа адамшылықтың 
бақытты  күні  күліп  қарамайды.  Ал,  қазақ,  мешел  болып  қалам  демесең, 
тағліміңді,  бесігіңді  түзе!  Оны  түзейім  десең,  әйелдің  халін  түзе!»  деген 
сөздері ойға келеді [123]. 
Көркем  шығарманың  тілі  сөздің  тура  мағынасынан  өрбитін  сөздің 
ауыспалы мағынасы арқылы ажарлана түседі. Оны жүзеге асырушы – автордың 
қиялы  мен  тілінің  көркемдігі  негізінде  жазушының  тілі  даралана  түседі. 
«Ауыспалы  мағынаның  жасалуына  бір  зат  пен  екінші  бір  заттың,  бір  құбылыс 
пен  тағы  басқа  құбылыстың  форма,  сыртқы  түр,  түс  ұқсастығы,  қызмет 
сәйкестілігі  негіз  болады.  Сөздің  ауыспалы  мағынада  қолданылу  тәсілдеріне 
метафора,  метонимия,  меңзеу,  т.б.  жатады».  Д.Исабековтің  шығармаларында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет