Аккузова айнур абдыжалиловна



Pdf көрінісі
бет100/116
Дата05.04.2022
өлшемі2,11 Mb.
#29953
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   116
Сақалын  сипау.  Сақалын  сипап  біраз  отырды  да,  сөз  таппаған  соң 
балаға дүрсе қоя берді («Ақырамаштан наурызға дейін»). Ер адамдарға тән бұл 
кинема  олардың  терең  ойға  берілгендігін,  мәселенің  шешімін  іздеп 
отырғандығын білдіреді.  
Санын  соғуӘлден соң санын сарт еткізіп: 

 «Өйбұй!» 

 деді оқыстан. 
Кемпірі  аузына  апара  жатқан  шайын  шашып  алды.  Бұл  кинема  өкінудің, 
әттеген-айдың, бармағын шайнап қалудың белгісі.  
Ала  көзімен  ата  қарау. 

  Сайрай  бермей  баршы  орныңа, 

  деді  кемпірі 
шалына ала көзімен ата қарап («Қарғын»).  

  Оу,  әділқазылар-ау,  менің  әлгі...  пәселкемді  не  істейсіңдер? 

  деп  еді, 
екеуі де бұған ала көзімен ата қарап

  Өй,  поселкеңізді...  аларсыз  бір  кезде, 

  деді  мынадай  сәтте  басты 
қатырмашы дегендей теріс айналып («Ақырамаштан наурызға дейін»). 
Көз  соматизмі  арқылы  орындалатын  бұл  кинема  –  жақтырмау,  жаратпау 
мағынасын  білдіреді.  Жалпы  көркем  шығарма  тілінде  көз,  қас,  бас,  қол 
соматизмдеріне  байланысты  кинемалар  өте  өнімді  қолданылады,  бұл  адамның 
айтайын  деген  ойын  жеткізуде  дәл  осы  дене  мүшелерінің  басты  рөл 
атқаратындығын  білдіреді.  Д.  Исабеков  шығармаларында  көзге  қатысты  көзін 


125 
сығырайта  қарау,  бақырайып  қарау,  тесірейіп  қарау,  аларып  қарау,  ежірейе 
қарау, қадала қарау сияқты түрлері кездеседі.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет