Аккузова айнур абдыжалиловна



Pdf көрінісі
бет47/116
Дата05.04.2022
өлшемі2,11 Mb.
#29953
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   116
Байланысты:
Аккузовой А.А., Диссертация

дейін ес жиғызбайды Ақырамаштан наурызға дейін»). Сонау ақырамаштың 
алғашқы  суығында-ақ  терезеге  тұтылған  қанар-қап  су  тиіп,  енді  қатты 
аяздан  түйенің  мойнағындай  сіресіп  қатып  қапты  Тіршілік»).  Сөздіктерде 
«ақырамаш»  сөзінің  бірнеше  мағынасы  беріліп  жүр:  1.  Желтоқсан  айы 
(Б.Қалиев.  Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігі),  2.  Белгілі  бір  науқанның,  қарбалас 
шақтың  соңы,  ақыры  (Қазақ  әдеби  тілінің  сөздігі.  Он  бес  томдық.  1-том). 
Жазушы  бұл  сөзді  алғашқы  мағынасында  (ай  атауы  ретінде)  қолданғаны 
мысалдардан  түсінікті  болып  тұр.  2.  Кеурек.  Қураған  кеурек  пен  құлқайырдан 
итарқа  етіп  жасалған  шайла  астында  аптаптан  бас  сауғалап  екі  адам 
жатыр Дермене»). Құлқайыр, шағыр, бетеге, кеурек, сасыр дегендерің ұйыса 
өскен  («Мазасыз  күндер»).  Ен  даланы  қаптаған  шаңырақтай-шаңырақтай 
кеурек  пен  жусанның  ашқылтым  иісі  қатты  желмен  күшейе  түскен-ді 
Бекет»).  Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігінде  берілген  анықтама  бойынша, 
кеурек – шөлейт жерде өсетін шөптесін өсімдік. 3. Түніке. Мынау не, түнікелі 
тостақ  па?  Балам-ау,  түйедей  нәрсені  қалай  байқамағансың,  мә,  бәрін  де 
қайтарып  бер,  кісі  ақысының  сұрауы  жаман  болады  Дермене»).  Түніке 


68 
сөзінің  сөздіктегі  мағынасы  –  «үй  төбесінің  шатырын  жабатын  қаңылтыр»,  ал 
түнікелі сын есімінің мағынасы – «қаңылтыр шатырлы» деп берілген. Бұл атау 
бастапқыда  үймен  немесе  қандай  да  бір  құрылыс  нысанымен  байланысты 
қолданылғанымен,  жазушы  оны  ыдыс  атауымен  тіркестіре  беріп  тұрғанына 
қарағанда,  сөз  мағынасы  абстрактіленіп,  жалпы  шатырлы,  жабулы,  қақпақты 
деген мағынаны білдіріп кетсе керек. 4. Әбдіре – киім-кешек, әртүрлі бұйымдар 
салатын  үлкен  ағаш  сандық,  кебеже.  Күйінгенмен  іс  орнына  келе  ме,  кемпірі 
екеуі  ескі  әбдірені  аудар-саудар  ақтарып,  үйдегі  іліп  алар  тәуір  мата  мен 
жиған-терген  ақшаны  шүберекке  орып  қоржынға  сап  берді  Тіршілік»).         
5.  Дүрмек  –  әрлі-берлі  шұбырған  жиын,  мол  тобыр  (ҚӘТС).  Оң-солын 
танығаннан  бері  жат  кісі  атаулыдан  алғаш  рет  шын  мейірбандық,  шын 
жанашырлық  тапқан  Тұңғыш  мойны  қатса  да,  қанаты  қатпай,  дүрмегінен 
көз  жазып  қалған  соң  бір  қырғидан  жан  сауғалаған  бейшара  торғай  секілді 
көзі қарауытып кеп бірінші кездескен диуананы паналай кетіп еді Сүйекші»).  
Автор осы сияқты көнерген сөздерді образ жасауда, көріктеу құралдарына 
айналдыруда шеберлікпен жұмсай білген. Баршаға ортақ, қалың жұртшылыққа 
түсінікті  бейтарап  сөздерден  бөлек,  диалектизмдер,  көнерген  сөздер  –  көркем 
әдебиет  тілінің  негізгі  сипаты,  дегенмен  оларды  шектен  тыс  асыра  пайдалану 
шығарманың әрін кетіретіні рас. Ал оларды қажетті жерінде кәдеге жарата білу, 
керісінше,  мәтіннің  бейнелілік  қасиетін  арттырып,  оқырманды  қызықтыра 
түсері сөзсіз. Д. Исабеков көне сөздерді өте жиі қолданбайды, оларды мақсатты 
түрде, өз стиліне сай ара-тұра кірістіріп отыратынын байқаймыз.  
Ал көркем шығарманың көркемдігін арттырып, автордың асқан шеберлігін 
танытатын,  ерекше  стилін  көрсететін  –  тілдің  көркемдеуіш  құралдары.  Тілдің 
көркемдеуіш  құралдары  көбіне  көркем  әдебиет  стилінде  қолданылады.  Тілдегі 
көркемдеуіш құралдар қатарына теңеу мен эпитет, айшықтау және құбылтудың 
түрлері  кіреді.  Солардың  ішінде  белсенді  қолданысқа  ие  болғаны  –  теңеу  мен 
айқындау.  Айшықтаудың  түрлері  шендестіру,  қайталау,  паралеллизм, 
риторикалық  сұрақ-жауап,  дауыс  ырғағы  болса,  ал  ауыстыру,  кейіптеу, 
пернелеу,  алмастыру,  синекдоха,  гипербола,  литота,  ирония,  сарказм, 
перифраздар  құбылту  қатарына  жатады.  Осымен  байланысты  Д. Исабековтің 
шығармаларымен  таныса  келе,  автордың  теңеуді  көп  қолданғанын  көруге 
болады.  Автор  заттың  не  құбылыстың  ерекше  белгілерін  басқа  затпен  не 
құбылыспен  салыстыра  суреттеген.  Д. Исабеков  шығармаларында  «жүнін 
жұлған  құстың  денесіндей»,  «бүршік-бүршік  бетіне  үсіген  картоптай  емін-
еркін  мұрын  жайласыпты»,  «әжесінің  асқар  таудай  тілегі  –  жұдырықтай 
немересі»,  «көзі  шыныдай  жылт-жылт»,  «қабыландай  қайратты,  қабыландай 
айбатты  болсын»,  «көсеудей  қолын  көстеңдетіп»,  «жайынның  ауызындай 
жайылып жатыр», «тойған масадай торсиып кеткен», «қақпағы жабық қазандай 
жарылғалы келемін», «екі көзі  шырадай жайнап тұр», «сәбидей аңқау, сәбидей 
таза»,  «сұлулықтан  алдына  жан  салмайтын  кербез  актрисадай»,  «нағыз 
бақытқа  кенелген  адамша»,  «суға  сүңгитін  адамша»,  «сырықтай  жігіт», 
«күректей  алақан»,  «жүрегі  таудай  тулап»,  «көжектей  жас  жігіт»,  «құлаған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет