Аккузова айнур абдыжалиловна



Pdf көрінісі
бет6/116
Дата05.04.2022
өлшемі2,11 Mb.
#29953
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   116
Концептуалды  қызмет  –  тілдік  субьектілердің  сөз  қолданыстарының 
деңгейіне байланысты атқарылады. 
Конститутивті қызмет – тілдік жағдаятқа байланысты жүзеге асады. 
Көркем  мәтін  –  коммуникация  формасы,  оған  байланыс,  белгі  (код), 
меңгеру,  тезаурус,  дүниетаным,  коммуниканттардың  әлеуметтік,  тарихи, 



ұлттық  ерекшеліктері,  интенцияның  (мақсат,  дәлел,  себеп)  коммуникативті-
прагматикалық қарым-қатынас талаптарына сәйкес келуі жатады. 
Көркем шығарма – көп қабаттан құралатын күрделі құбылыс. Автордың 
дүниетанымы,  ой-қиялы,  өмірлік  тәжірибесі,  тілдік  қабілеті  арқылы  жүзеге 
асқан идеясының арқасында көркем шығарма оқырман жүрегіне жетеді. 
Лексикалық  ая  –  адамның  тіл  арқылы  жанама  қызметіне  қатыспайтын 
сөз мазмұнының құрамдас бөліктері.  
Лингвокогнитивтік  деңгей  –  тұлғаның  интеллектуалдық аясын  қамтып 
зерттеушіге  тіл  арқылы,  сөйлеу  және  түсінілім  процестері  арқылы  адамның 
біліміне, санасына, таным процестеріне шығуға мүмкіндік береді. 
Мәтін  –  автордың  ойын  объективтеу,  оның  шығармашылық  түпниетін 
жарыққа  шығару,  Адам  мен  оның  әлемі  жөніндегі  білімдерін  жеткізу  үшін, 
аталмыш ұғым-түсініктерін автор санасынан сыртқа шығарып, өзге адамдардың 
да игілігіне айналдыру мақсатымен жасалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет