ШЕНДЕСТІРУ
ҚАЙТАЛАУ
ПАРАЛЛЕЛИЗМ
Ашу алдында, ақыл
соңында,
Көнбегенде елің жаман,
жұртың
жаман,
я
болмаса ұлың жаман
деп
көнбей
отырған
жоқпын.
Атам өлсе қойылар,
Атан өлсе сойылар.
Ертесіне де ойламады,
өйткені
ойланатындай
ештеңе де өзгермеді: сол
ауыл, сол адамдар, сол
үй,
сол
жүн,
сол
тіршілік, сол күлкі, сол
мұң.
Неткен сұлулық!
Неткен тәкаппарлық!
Неткен нәзіктік!
Сол сияқты, автордың тілдік қолданысында жиі кездесетін құбылту
амалдарынан кейіптеу, ауыстыру, алмастыру, гипербола сынды түрлерін де
көрсетуге болады:
3-кесте
Д.Исабеков шығармаларында қолданылатын құбылту амалдары
үлгілері
КЕЙІПТЕУ
АУЫСТЫРУ
АЛМАСТЫРУ
ГИПЕРБОЛА
Кеудесіне
кеп
қонақтап жатқан
ұлпа
сезім
шудалары
Е-е, бұл далада
бәрі
бар,
Тәнейжан!
Тек
көре білу керек.
Тыңдай
білу
керек. Сүйе білу
керек.
Сонда
барлық құпияның
сыры ашылады.
Ауыл
түгел
ұйқыда.
Жүрегім кеудеме
сыймай.
Жағалауды
толқыны
баяу
соғып
Іздеген
жетер
мұратқа.
Сарт санасымен
байиды.
Жүрек
жұтқан
әйел.
Қайғының
қара
түтіні
жас
кеудеңді
қақ
жарып
Қалайсың-ей,
иттің баласы?
Қалауын тапсаң
қар жанады.
92
Жазушы шығармаларында көркемдеуіш құралдар саны өте көп. Бұл
тарауға тек бірнешеуі берілген. Келесі бөлімдерде олар жеке-дара талданатын
болады.
Автордың көркем мәтіндерін талдау барысында оның ең алдымен өз
ұлтының, халқының танымын, психологиясын, мәдениетін, қоғамдағы орнын
терең түйсінгенін, ішкі жай-күйін, қуанышы мен күйінішін бойынан өткізгенін
көре аламыз. Бір сөзбен айтқанда, жазушының шығармаларын оқи отырып,
өзіңді қарапайым қазақ ортасында, әлемінде жүргендей сезінесің. Демек,
жазушы шығармаларын жазу барысында адресант (оқырман) танымын, аялық
білімін, рухани әлемін ескере отырып жазған.
Мәтінді дәстүрлі лингвопоэтикалық талдауда тілдік құралдардың
стилистикалық ерекшеліктері, олардың шығарманың идеялық-тақырыптық
мазмұнындағы ролі басты назарда болса, ХХ ғасырда поэтиканы,
психолингвистиканы, антропология мен семиотиканы бірге қамтитын мәтін
лингвистикасы қалыптасты. Мәтінді кешенді зерттеу, оның ішінде мәтіннің
«когнитивтік-коммуникативтік құрылымдануы» идеясы қазіргі кездегі көркем
мәтінді зерделеудегі (интерпретация) негізгі концепция болып отыр.
«Кең мағынасында түсінілетін мәтін лингвистикасы
әлемдік тіл
ғылымының күретамыр бағыттарының бірі. Көркем мәтін лингвистикасы
мәтіннің бір емес бірнеше деңгейіне тән бірліктердің мақсатты өзара
әрекеттестігін қарастырады. Сондықтан да онда белгілі бір семантикалық және
эстетикалық функциялар барынша толық жүзеге асырылады» [124, 39 б.].
Мәтін автордың ойын объективтеу, оның шығармашылық түпниетін
жарыққа шығару, Адам мен оның әлемі жөніндегі білімдерін жеткізу үшін,
аталмыш ұғым-түсініктерін автор санасынан сыртқа шығарып, өзге адамдардың
да игілігіне айналдыру мақсатымен жасалады. «Мәтін дербес емес және ол
барлық жағынан жетілген де болмайды, ол сөз арқылы ойлау қызметінің негізгі
компоненті. Оның құрылымындағы аса маңызды құрамдас бөліктерге – автор
(мәтін адресанты), оқырман (адресат), бейнеленіп отырған ақиқат болмыс, ол
жөніндегі білімдер, сондай-ақ автордың өз түпниетін қажетті формада жеткізу
үшін іріктеп, пайдаланатын тілдік құралдар алынатын тілдік жүйе жатады»
[125, 10 б.].
Көркем мәтін қашан да кейіпкерлер, автор мен оқырман, кейіпкер мен
оқырман арасындағы байланыс арқылы қалыптасатын коммуникациядан
құралады. Бұл байланыс үзілген жағдайда туынды көркем шығарма деген
қасиетінен айырылады. Көркем шығарманың прагматикалық әлеуетін зерттеген
Г.Әзімжанова көркем шығарма мен коммуникация ұғымдары жайында пікірін
былайша сабақтайды: «Көркем мәтін – коммуникация формасы, оған байланыс,
белгі (код), меңгеру, тезаурус, дүниетаным, коммуниканттардың әлеуметтік,
тарихи, ұлттық ерекшеліктері, интенцияның (мақсат, дәлел, себеп)
коммуникативті-прагматикалық қарым-қатынас талаптарына сәйкес келуі
жатады. Көркем мәтіннің ақпараттық-мазмұндық және прагматикалық
деңгейдегі
экстралингвистикалық
(когнитивті)
аспектісі
коммуниканттардың тілдік және әлеуметтік тәжірибесіне негізделеді,
ақпараттық дүниетанымына және қатынасушылардың мақсатына сәйкес
93
болады. Сөздің эстетикалық мәні оның сапасы ретінде сипатталады, ол
мәтін жүйесінде лексикалық бірліктердің коммуникативті әлеует негізінде,
тұтас бүтіннің бейнелі перспективасында, оның басқа элементтермен жан-
жақты байланысында қалыптасады» [94, 28 б.]. Ғалымның бұл тұжырымында
көркем мәтінді зерттеудің жолдары мен қырлары анық көрсетілген. Яғни
көркем шығарманы зерттеуде автордың түсінігі мен танымын, ұлттық болмысы
мен мәдениетін, талғамы мен талабын зерттеу арқылы туындының
прагматикалық-коммуникативтік сипатын анықтауға мүмкіндік аламыз. Әрине,
авторды негізгі нысан етіп алғанмен, оның артында кейіпкер, оқырман
мәселелері де бар. «Автор – кейіпкер – оқырман» үштағанының
коммуникативтік-прагматикалық байланысын өзара тығыз байланысты
үшбұрышты кескіндеме арқылы көрсетуге болады:
Автор
Достарыңызбен бөлісу: |