Византия империясының әлеуметтік-экономикалық дамуында өзіне тән ерекшеліктері болды.
Біріншіден, ауыл шаруашылық өндірісі Батыспен салыстырғанда анағұрлым жоғары еді. Византия империясының құрамында ежелден егіншілік мә-дениеті жоғары елдер болған еді. Жердің құнарлығы мен ауа-райының қолайлығы кейбір аймақтарда 2-3 рет өнім жинауға мүмкіндік беретін. Империяның оңтүстік және оңтүстік шығысында Египет, Сирия суармалы егіншілік кең тараған. Екіншіден, Византияда латифундиялық түрдегі жерге жеке меншік ие-лері аз болды.
Византияда ірі жер иеленушілік негізінен импера-торлық өкіметтің, шіркеулер мен монастырьлардың қарама-ғында ғана болды. Үшіншіден Византияның аграрлық құрылы-сының ерекшелігі ерікті шаруалар қатарында жер иеленуші-лердің көбеюі болды.