Адам болмысының категориялары (бақыт, сенім, өмір және өлім) Адам болмысының негізгі категориялары-бақыт, сенім, өмір және өлім болып табылады. Бұл категориялар дам өмірінің мәнің анықтайды. Жалпы маңызды қасиеттер мен сапаларды көрсететін негізгі ұғымдар, тараптар мен шындық қатынастары – категория деп аталады. Осылайша, философиялық категориялар болмыстың қасиеттері мен арақатынасын ортақ түрде қарастырады.
Бақыт-адам болмысының философиялық категориясын төрт ұстаным арқылы қарастыруға болады:
1) Бақыт-тағдырдың мейірімділігі және сәттілік.
2) Бақыт - қарқынды қуаныш жай-күйі.
3) Бақыт - ең жақсы игіліктерге ие болу, өмірдің оң балансын табу.
4) Бақыт-өмірге қанағаттану сезімі.
Осы анықтамаларға сүйене отырып, бақыт - бұл жалпы адамның өмірі ішкі қанағаттану сезіміне әрі барлық игіліктердің оңтайлы үйлесімі болатын құндылыққа байланысты қалыптасады деуге болады.
Әрине, ешкім бақыт деген не екенін нақты білмейді және әр адам оны әртүрлі түсінеді. Ең көп таралған көзқарас бақытты қуанышпен байланыстырады.
Көп адам бақытты өз қажеттіліктерін толықтай қанағаттандырумен байланыстырады. Мысалы: оларда барлығы бар, олар бай әрі ауқатты тұрмыс кешеді, денсаулықтары сыр бермейді, олар үшін физикалық және рухани рахатқа кеңелу оңай әрі қол жетімді яғни, бақытты болу үшін не керектің барлығы бар. Бақыт жайында ежелгі грек аңызы бар: бірде бай патша Крез данышпан Солоннан ,бақытты адамды көрдің бе?,- деп сұрайды .Солон: бақытты адамды ешқашан көрмегенін және жалпы көре алмайтынын айтады. Сонда Крез: «Бірақ мен сенің алдыңда тұрмын, - деп ашуланды. Ең бақытты менмін, өйткені мен ең баймын»,-дейді. Бірақ Солон : «бұл туралы айтуға әлі ерте себебі ,Крез әлі тірі»,- деп жауап берді. Шын мәнінде, көп ұзамай Крездің мемлекетіне жаулар шабуыл жасап, оның мемлекетін талқандады және өзін өлтірді. Яғни, гректер тек өлім өмірге аяқталған көрініс береді деп санайды. Өмір аяқталған соң ғана адам бақытты не бақытсыз деп жауап беруге болады. Өмір жалғасып жатқан кезде, адамды бақытты деп айта алмайсын,- деп санаған.
Демек, бақыт-бұл ішкі тыныштықты білдіреді, қорқыныш пен уайымның орнына өмірдің әр өткен минуттың, қоршаған ортаның сұлулығы мен қасиетін бағалап түсінуден құралады.
Сенім адам болмысының басты категорияларының бірі. Діни сенім-өте сезімтал тәжірибе жемісі десе болады. Бірақ көптеген адамдар үшін мұндай тәжірибе-бос дыбыс іспеттес. Тіпті кейде сенім қол жетімді болса да, адамдар өзіне тән аса сезімтал сипатты яғни сенімді байқамайды, сезінбейді. Сіз сұлулықты тамашалай аласыз, онда қиял арқылы сұлулық жағымды эмоциялар ғана береді. Құдайға сенуге болады, бірақ күмәндануға, діни тәжірибеге күмәндануға, оны иллюзия деп санауға болады.
Франк сенімді, ақиқатқа жан арқылы ұмтылу, тыныш әрі әрдайым бар, «Құдай дауысына» құлақ асу еркі деп септеді. Бұл ерік бізді осы көрінбейтін және біздің жанымыздың қараңғы тереңдігінен ұшқындаған «шуаққа» мән беруге мүмкіндік береді. Бұл ұшқыннан рухани болмыстың күннен тараған шуақ сезіледі. Демек, сенім руханилықпен тығыз байланыста болады.
Өзінің түпкі мәніндегі сенім, трансценденттік жеке Құдайдың өмір сүруіне сенім емес, рухтың ішкі күйі, жүректің толымдылығы, баланың шынайы қуанышты секілді сипатқа ие. Бұл рухтың жай-күйі шексіз махаббаттың бізді жаратқан Құдайдың, шексіз махаббатымен, жақсылық , тыныштық, игіліктің сарқылмас қазынасымен тығыз байланысты сезімімен ұштасады.
Сенім идея да, идеялар жүйесі де емес. Ол өмірдің өзі мен тіршіліктің қайнар көзі. Ол өзіндік сезім және күш ретінде әрекет ететін өзіндік сана болып табылады.
Сенім адамды алға қарай жылжуға, қиын сәттерде мойымауға итермелейтін күш ретінде қабылданады. Ал сенімсіздіктің негізінде күмәндану бар. Яғни күмәндану, әрнәрсеге күдікпен қарау, сенімді жояды. Сенімді жоғалтпау үшін адам үнемі рухани тұрғыда дамуға, жан мен тән үйлесімділігін сезінуге, табиғатпен байланысын үзбеуге ұмтылу керек.
Өлім категориясы -адам өмірінің маңызды факторы болып табылады. Тек өлімге қарап, біз өмірді сүйе бастаймыз. Егер өлім болмаса, өмір мағынасыз болар еді. Ежелгі грек мифологиясында Құдайлардың адамды жазалай алатын ең қорқынышты жаза- мәңгі өлместік болды. Кітаптарда, романдарда, трактаттарда өлмеушілік адамзаттың басты арманы ретінде таңданды. Егер адам мәңгі өлмейді деп елестетіп көрсек: оның барлық туыстары мен достары, балалары мен немерелері өлді, ал ол өмір сүруде, мүлдем жалғыз және өзіңе түсініксіз , танымайтын уақыт пен мәдениетке тап болады. Бұл шын мәнінде қорқынышты. Сонда өмірдің бар мәні, құндылығы жойылатын іспеттес.
Өлім, туылу сияқты, адам өмірінің шекарасын қалыптастырады. Бұл шекаралардан тыс нәрселер, адам үшін жоқ болып есептеледі. Өлім адамның туған сәтінен бастап адаммен бірге болады. Адамның өмірінің қандай кезеңінде болмасын өледі. Өлім-адамның ең адал және ажырамас көлеңкесі секілді.
Бұл мағынада адам-тіршілік иелерінің ең бақытсызы, өйткені өзінің өлімі туралы алдын ала біледі. Бірақ сонымен қатар, бұл адам үшін үлкен бақыт болып саналады. Өйткені өлім адам өмірін жақсы жағынан ұйымдастырады, адамды қысқа мерзімде өмір мәнін түсінуге және өзінің өмірін бағалауға мәжбүр етеді.