Аксиология философиясы және этика


Қоғам философиялық ұғым ретінде



бет16/30
Дата16.10.2023
өлшемі355,26 Kb.
#116371
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30
Байланысты:
Аксиология философиясы және этика-emirsaba.org

Қоғам философиялық ұғым ретінде
«Қоғам» термині екі мағынада қолданылуы мүмкін. Кең мағынасында - бұл адам өмірінің тарихи дамып келе жатқан түрін білдіретін материалдық әлемнің табиғаттан оқшауланған бөлігі, ал тар мағынасында - бұл адам тарихының дамуының белгілі бір кезеңі болып табылады. Қоғам бірлескен мүдделер мен шарт негізінде адамдардың үлкен топтарының мақсатты және ақылға қонымды ұйымдасқан бірлескен қызметінің өнімі ретінде түсіндіріледі.Өзінің бастапқы мағынасында «қоғам» термині адамдардың ортақтығын, одағын, ынтымақтастығын білдіреді. Аристотель адамды «саяси жануар» деп атаған, тек адамдар ерікті және саналы түрде қоғамға бірігуге қабілетті бола алады. Алайда қазіргі түсінікте «қауымдастық» және «қоғам» терминдері бірдей қарастырылмайды. Қауымдастық жалпы тілі ортақ, шығу тегі бір, тағдырлары байланысқан адамдардың бірлескен болмысының немесе өзара іс-қимылының нысаны ретінде айқындалады; мысал ретінде отбасы мен халықты алсақ болады. Адамдардың кез келген қоғамдастығы қоғам болып табылмайды, бірақ кез келген қоғам - бұл өзін-өзі басқаратын қауымдастық болып саналады.
«Қоғам» термині үш негізгі мағынада қаралатын адамдардың ұжымдық жеке болмысының ерекше нысаны болып табылады:
- қоғам адамдардан ерекше құрастырылған ұжым ретінде қарастырылады мысалы: Қазақстан қоғамы, ардагерлер қоғамы және т. б. болып қарастырылады.
- қоғам адамдардың ұжымдық болмысының үдерісі ретінде, яғни жануарлар табынына қарағанда адамдардың қоғамдық өміріне басты назар аударады.
- қоғам өзара іс – қимыл жасайтын адамдар мен әлеуметтік топтар арасындағы тұрақты байланыстардың біртұтас жүйесі ,яғни қоғам әр түрлі бөліктердің-саяси, құқықтық, экономикалық салалардың, ғылымның, әлеуметтік топтардың органикалық қосылуы ретінде қарастырылады.
ХІХ ғасырдың өзінде қоғамды зерттейтін әлеуметтану ғылымы пайда болды. Яғни, әлеуметтанудың зерттеу пәні қоғам болып табылады. Оның негізін қалаушы О. Конт әлеуметтанудағы «әлеуметтік физика» және «позитивті моральді» түсініктерін адамзат үшін жаңа діни түсінік ретінде қабылданады деп санаған. Осы жүзжылдықта қоғам өсімдіктермен, жануарлармен, адаммен, одақтастық ретінде өзара әрекеттесіп ,ынтымақтасып теңестірілуде. Қоғамды зерделеудің философиялық және жалпы әлеуметтанулық тәсілдерін ажырата білу қажет. Әлеуметтану негізінен «әлеуметтік құрылым» деген терминмен белгіленеді. Бұл әлеуметтік жүйенің жекелеген элементтерін бірыңғай тұтастыққа ұйымдастыру және байланыс әдісі болып табылады. «Әлеуметтік топ» терминімен қоғамның тарихи белгілі бір үлгілері шеңберінде қалыптасатын ортақ мүдделері, құндылықтары мен мінез-құлық нормалары бар адамдардың салыстырмалы түрде тұрақты жиынтығы белгіленеді. Философия «мақсат, қозғаушы күш, мән мен бағыт, тарихи үрдіс» секілді ұғымдарға баса назар аударады. Қоғам ұғымының философиялық мәні индивидтердің біртұтас байланысы типінің ерекшелігін анықтауға негізделеді. Мұндай байланыстардың негізгі түрлерін рухани тұрғыда Августин, Фома Аквинский көзқарастарынан , конвенциалды тұрғыда XVII - XVIII ғғ.философтарының еңбектерінен, адамдардың өзара әрекеттесуіне негізделген материалдық тұрғыда К. Маркстың тұжырымдамаларынан байқауға болады.
Осы байланыстар мен заңдылықтарды түсіндіруге үш негізгі тәсілді қарастиырса болады.
Бірінші, натуралистік тәсіл- бұл тәсілге сәйкес адам қоғамы табиғат, жануарлар әлемі және ғарыш заңдылықтарының табиғи жалғасы ретінде қарастырылады. Осы ұстанымдардан бастап, А. Чижевский, Л. Гумилев түсініктері бойынша, қоғамдық құрылым мен тарих күн белсенділігі мен ғарыштық сәулелердің ырғағына байланысты анықталады. Ал, Ш. Монтескье, Л. Мечников түсініктеріне сәйкес географиялық және табиғи-климаттық ортаның ерекшеліктерімен, адамның табиғи тіршілік ретіндегі ерекшеліктеріне байланысты анықталады. Социобиологияның жақтастарының түсініктері арқылы оның генетикалық, нәсілдік және жыныстық ерекшеліктері негізінде адам қоғамы анықталады. Қоғам табиғаттың өзіндік эпифеномасы, оның жоғары білімі болғанымен, бірақ ең сәтті және тұрақты білімі емес. Табиғаттың бұл эксперименті адамның айқын жетілмеуіне сонымен қатар, шешілмеген жаһандық проблемалардың ауырлығына байланысты адамзаттың өзіне-өзі қол жұмсауына алып келуі мүмкін, бірақ қоғам өз болмысының формасын өзгертіп, ғарышқа ұшып, онда өзінің эволюциясының жаңа толқынын бастауы мүмкін болып табылады.
Келесі тәсіл - идеалистік, соған сәйкес адамдарды біртұтастыққа біріктіретін байланыстардың мәні қандай да бір идеялар, сенімдер, мифтер кешенінде қарастырылады. Бұл тәсілге бірегей діни сенімді ұстанатын, мемлекетті дін тұрғысында басқаратын теократиялық мемлекеттер, сондай-ақ қоғамдық құрылым қаңқасының рөлін атқаратын бірыңғай мемлекеттік идеологияға негізделген тоталитарлық режимдегі елдер мысал бола алады. Бұл идеялардың бастаушысы - діни көшбасшы немесе ұлт пен халықтың көсемі болып табылады. Ал басқа да тарихи іс-әрекеттер, соғыстар, реформалар, идеологиялық немесе діни жүйеге сүйенетін адамның еркіне байланысты анықталады.
Қоғамдық құрылымды түсіндірудің үшінші тәсілі тиісті табиғи жағдайларда және қандай да бір сенімдер болған кезде пайда болатын, өзін-өзі анықтайтын сипатқа ие адамаралық байланыстар мен қарым-қатынастарды талдаумен байланысты қалыптасады.
Қоғам өз негізінде дамитын күрделі жүйе болып табылады. ХХ ғасырда әлеуметтік жүйе туралы түсінік қалыптасты, ол қоғамның жүйелі ұйымына жататын, индивидтерді әртүрлі байланыстар мен қарым-қатынастармен біріктіретін жүйе ретінде қарастырылды. Қоғамдық қатынастар - бұл әлеуметтік топтар, санаттар, ұлттар арасында, сондай-ақ олардың ішінде олардың экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени өмірі мен қызметі процесінде туындайтын алуан түрлі байланыстар жиынтығы болып саналады.
Детерминист философтар: Г, Гегель, К. Маркс дамудың төмен формаларынан жоғарыға бағытталғанын мойындайды және даму прогрессивті сипатқа ие, қоғамның тұрақты жақсаруына алып келеді деп есептеді. Индетерминистер немесе волюнтаристер: А. Шопенгауэр, Ф. Ницше, К. Поппер адам психикасындағы бейсаналық бастаулардың рөлін абсолюттейді, олармен барлық әлеуметтік дамуды байланыстырады, сондықтан даму бағыты мен заңдылықтарын жоққа шығарады. Алайда, философтардың көпшілігі әлеуметтік құрылым мен адамдар арасындағы қарым-қатынастардың тұрақты дамуын тудыратын әлеуметтік өзгерістер фактісінің бар екенін мойындайды.
Әлеуметтік философияда қоғамдағы сапалы өзгерістердің себептері жөнінде түрлі пікірлер айтылды. Кейбіреулері оларды әлеуметтік өмірдің табиғи негіздерінің өзгерістерімен байланыстырды (Ш. Монтескье, В. Вернадский, Л. Гумилев), басқалары экономиканың, еңбек құралдарының, өндірісті ұйымдастыру әдістерінің өзгеруінің себептерін іздеді (К. Маркс, У. Ростоу), үшіншілері әлеуметтік даму үдерісін мәдени өмірдегі, рухани құндылықтар жүйесіндегі өзгерістермен байланыстырды (Гегель қ., О. Копт, П. Сорокин). Осы факторлардың әрқайсысы қоғамдық өмірдің дамуына белгілі бір әсер етеді,бірақ әлеуметтік өмірдің қозғаушы күші ретінде табиғи, биосфералық факторларды атап өтуге болады.К. Поппер өзінің «Ашық қоғам және оның жаулары» атты еңбегінде ашық және жабық қоғамдар арасындағы айырмашылықты негіздеді. Қоғамды былай ажыратуға болады:
Дәстүрлі қоғам
Индустриялық қоғам
Постиндустриялық қоғам
Әлеуметтік философиядағы маңызды мәселелер ретінде тоталитаризм және демократия мәселесін, жаңғырту мәселесін, жаһандану мәселесін қарастыруға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет