Аксиология философиясы және этика


Қазақстанның үшінші жаңғыруындағы цифрлық технология



бет29/30
Дата16.10.2023
өлшемі355,26 Kb.
#116371
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
Аксиология философиясы және этика-emirsaba.org

Қазақстанның үшінші жаңғыруындағы цифрлық технология
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы бойынша индустрияландыру бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда. «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасы қабылданды. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі дамуының кешенді стратегиялық жоспары әзірленді.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру төрт негізгі бағытта жүргізілетін болады:
-Цифрлық Жібек жолын іске асыру. Бұл сенімді, қолжетімді, жоғары жылдамдықты және қорғалған сандық инфрақұрылымды дамыту;
-Креативті қоғамды дамыту. Бұл цифрлық кономика үшін құзыреттер мен дағдыларды дамыту, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыстарды жүргізу, мамандар дайындау;
-Экономика салаларындағы цифрлық өзгерістер. Бұл экономиканың әртүрлі салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін цифрлық технологияларды жаппай енгізу;
-«Белсенді» мемлекетке көшу. Бұл электрондық және мобильді үкімет жүйесін жетілдіру, мемлекеттік қызметтер көрсету саласын оңтайландыру.
«Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасы мемлекеттің және мемлекеттің басты құндылығы-адамның дамып өркендеуі үшін құрастырылған. Аталған бағдарламаның іске асуы арқылы, елімізді «дамыған мемемлекеттер қатарына қосу, инновациялық технология саласында озық болу,цифрлық технологияларды кеңінен қолдану, адами капиталды нығайтуға баса назар аудару, әлемдік аренаға көтерілу, саяси, әлеуметтік, экономикалық тұрғыдан қарқынды даму және т.б.» деген ұстанымдарды негіздей аламыз. Осындай озық дамулар мен жетістіктер нәтижесінде, халық өзін дамытуға ұмтылады. Мысалы, интернет желісі арқылы кез келген ақпарат қол жетімді. Сол секілді, цифрлық технологиялар арқылы адам мен қоғам өміріне өте қолайлы қызметтер ұсынылады. Ең бастысы, халық цифрлық технологиялар саласында білімін жетілдіре алады, заман талабына сай, бәсекеге қабілетті бола біледі, уақыт үнемделеді тағы басқа оң тұстары өте көп.
Бірақ, кейде цифрлық технологиялардың дамуы, техногенді цивилизациялардың дамуының қарқын алуы жайында теріс пікірлерде кездесіп жатады. Егер адам шектен шықпаса, цифрлық технологияның озық жетістіктерін адами капиталды нығайту мақсатында оңтайлы әрі өз игілігі үшін іске асыра білсе, адам әлеммен, табиғатпен және ғылыммен үйлесімділігін сақтай алады.
Цифрлық технологияларды дамытудың оң ықпалын мына мысалдан көруге болады:
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Al-Farabi university smart city» бірегей инновациялық жобасы аясында «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы қызмет атқарады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті өзінің құрылымы және «бір терезе» және «бірыңғай офис» қағидасы бойынша көрсетілетін қызметтердің функционалдық толымдылығы бойынша әлемдік кеңістікте толыққанды аналогы жоқ ірі университеттік қызмет көрсету орталығы болып табылады. «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы -бұл ұжымдық өзара көмек, жоғары этикалық стандарттар мен әлеуметтік жауапкершілік негізінде заманауи ақпараттық технологиялар көмегімен әлеуметтік маңызды қызметтердің сапалы жаңа деңгейі болып табылады.
Қазіргі таңда, көптеген адамдар, цифрлық технологияларды қолданады, өйткені олар деректерді оңай және жылдам жіберуге арналған. Өз жүйелерін қайта құруды жоспарлағандар және тек цифрлық технологияларды қолданғысы келетіндерге цифрлық технологиялардың өз артықшылықтары мен табиғи кемшіліктері бар екенін ескергендері жөн.
Цифрлық технологияларды, мысалы, цифрлық бейнежазбаны қолдану қажет болатын салалар бар. Себебі, дискіге жазылған суреттерді сақтау оңай болады, өйткені олар ықшам және кез келген ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдетеді. Инновациялық жүйелерді құру үшін, цифрлық жабдықтарды жасайтын ірі компаниялар үлкен қаражат бөледі.
Цифрлық технологиялар дегеніміз не және олар адамға не бере алады? Ең алдымен, бұл әртүрлі ақпаратқа шексіз қол жеткізу мүмкіндігі. Кез келген интернет пайдаланушысы санаулы минуттарда кез келген жаңалықты немесе қажетті ақпаратты таба алады. Мысалы, егер Сізге қандай да бір көмек қажет болса, сандық технологияларды пайдалана отырып, сіз оны таба аласыз. Цифрлық технологиялар біздің өмірімізді, адам қызметінің барлық салаларын өзгертеді. Цифрлық технологиялардың таралуымен халықтың саяси сауаттылығы артуы мүмкін, мысалы. БАҚ саласына цифрлық технологиялар түбегейлі әсер етті - басылымдардың көбеюі, ақпаратты тұтыну мәдениеті мүлдем өзгеше сипатқа енді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет