Аксиология философиясы және этика



бет3/30
Дата16.10.2023
өлшемі355,26 Kb.
#116371
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
Аксиология философиясы және этика-emirsaba.org

Философиядағы таным
Таным теориясы- философия ғылымының саласы, танымның мәнін, ерекшелігін, әдіс кұрылымын, деңгейін, басқа таным формалармен байланысын зерттейтін ғылыми таным теориясы. Басқаша айтқанда, адамның тану қабілеті, танымның бастауы, формалары, әдістері туралы, ақиқат және оған жетудің жолдары туралы ілім. Айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында белсенді бейнелеуін, танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатысын, қоғамдық практика негізінде іске асатын таным процесінің заңдылықтарын, оның негізгі формаларын, әдістер, гепотезалары мен теорияларды құру мен дамытудың принциптерін зерттейтін философия ғылымының саласы.
Таным тарихы
Эпистемология философиямен катар пайда болып, өмір сүріп келе жатыр. Дегенмен егер қателік жібермесе, адам ақиқатты ақиқат ретінде тани алмас еді. Сондықтан гносеологияда адамның қалай адасатыны және одан кейін қалай тура жол табатыны да зерттеледі. Гносеология үшін дүние, адам және адамзат коғамы туралы дәйекті білімдердің болуының қандай практикалық маңызы бар деген мәселенің өмірлік мәні ерекше. Осындай толып жатқан мәселелер жиналып келіп, "Білім деген не?"деген сұраққа жауап беретін таным теориясының өзекті мәселесін құрайды. Таным - бұл адамның бейнелеу әрекетінің ерекше түрі. Философия тарихында таным деп адамның дәлелденген білім алу үшін әлемді және ондағы өзін мақсатты түрде бейнелеу аталған. Таным дегеніміз-білім алу үшін шығармашылық ізденіс. Таным адамның практикалық іс-әрекетінің рухани жағы болып табылады. Таным - адам арнайы танымдық мәселе мен есептерді қойып, мақсатты түрде қол жеткізетін ақпараттық жоғарғы деңгейі. Таным теориясы туралы термин философия ғылымына 1854 жылы шотланд философы Дж.Феррердің еқбектері арқылы енді. Бірақ таным туралы мәселе өте ертеден бастап-ақ қойылып келеді. Өйткені танымнан тыс білім де, ғылым да да болуы мүмкін емес. Таным теориясы этика, эстетика, адам туралы философиялық ілімдермен тығыз байланысты. Танымның формасы - сезімдік, түйсіктік таным; - рационалдық, логикалық таным. Танымның екі формасы: Сезімдік таным – сезімдер мен түйсікті білімнің қайнар көзі деп біледі. (Д.Локк, Беркли. Юм, Мах) Формалары: түйсік, қабылдау, елестету. Рационалдық таным – логика, ойлауды абсолюттендіру, танымның негізі ақыл, парасат деп ұғыну. (Декарт, Спиноза, Гегель.) Формалары: ұғым, пікір, ой тұжырым. Сезімдік таным формалары: Түйсік - заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерін бейнелеу; Қабылдау - сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін сыртқы заттар мен құбылыстардың тұтас бейнесі; Елестету - бұрын қабылданған заттар мен құбылыстардың бейнесін қайта жаңғырту. Рационалдық таным формалары:
Ұғым - заттар мен құбылыстардың елеулі белгілері мен қасиеттерін бейнелейтін абстрактілі ойлау формасы.
Пікір - дегеніміз бір нәрсені растайтын немесе терістейтін ойлау формасы.
Тұжырым деп бір немесе бірнеше пікірден жаңа пікір шығаратын ойлау формасын айтады.
Таным процесінде дүниені тануға бола ма, болмай ма деген мәселеге екі түрлі көзқарас бар:
1)Гностицизм – дүниені тануға болады,адамның танымдық мүмкіндігін шексіз деп түсінетіндер;
2)Агностицизм – дүниені тануға болмайды, адамның танымдық мүмкнідігі шектелген деп түсіндіретіндер. Қазіргі заманғы гносеология көбінесе гностицизм бағытын ұстанады.
Ақиқат ұғымы
"Ақиқат ұғымы" Білімдегі абсолюттік және салыстырмалылық диалектикасы. Таным нәтижелерінің практикалық қызметте жетістікпен колданылуы тек алынған білім дәйекті, ақиқатты болғанда ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Акиқат туралы мәселе, тиісінше, таным теориясындағыаса маңыздылардың бірі. Ақиқат — білімнің пәніне, нағыздығына сәйкестігі. Былайша айтқанда, ол — нағыздығтың дұрыс көрсетілуі. Акикаттың айқындамасын түсіну оның төменде келтірілген негізгі қасиеттерін, белгілерін дәл айқындап алуды талап етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет