Аксиология философиясы және этика



бет4/31
Дата31.03.2022
өлшемі137,46 Kb.
#29470
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Аксиология философиясы ж не этика

Ғылым және техника

Ғылым философиясы ғылыми білімнің сипаттамасын, табиғатын, жағдайын ашуды міндет етіп қояды. Ғылым философиясының пәні болып ғылыми білімді қалыптастырушы ерекше қызмет ретіндегі ғылыми танымның жалпы заңдылықтары мен бағдарлары табылады. Ғылыми – техникалық өркениеттің қалыптасуы мен дамуында ғылым әр кезде жетекші рөлді аткарып келді. Ғылыми танымның даусыз жетікстіктері қоғамдық санада ғылымның өлшеусіз асыра бағалануы мен ғылымға табынудың таралуына алып келді. Ғылымның даму қарқынына деген сенім, белгілі дәрежеде Тәнірге табынуды, сенімді алмастыра бастады, дүние әлемнің және адамзат тұрмысының қалыптасуында барлық түбегейлі мәселелеріне жауап берерліктей дәрежеге жетті. Ғылым жоғары мәдени құндылық ретінде танылды. Сонымен бірге, біздің қазіргі жағдайымыздағы ғылыми-техникалық өркениет алдарынан туындаған адамгершілікке қарсы әреккетер ғылымға қарсы белсенді оппозицияны туғызды. Ғылым көп жағдайда қазіргі өркениеттің барлық жаман жақтары мен күнәлеріне жауапты болатын жағдайда қаралып келді. Жаңашыл батыс философиясында белгілі ағым қалыптастырылған, ол өз алдына ғылымды тани білудің ерекшкліктерін және оның әртүрлі салалардағы өзгешеліктерін анықтауды, ғылыми білімнің құрылымы мен динамикасын, ғылымның даму заңдылықтарын айқындауды мақсат етіп қойған.

Осы ағым “ғылым философиясы” деген атқа ие болды. Ғылым философиясы шеңберінде бүгінде бірқатар ірі және жетекші орындағы мектептер қалыптасты. Оқу пәні ретінде “ғылым философиясы” Батыста ХІХ ғасырдың аяқ кезінен бастап және ХХ ғасырдың басынан бері жүргізіліп келеді, алғашқыда лингвистикалық философия бойынша курс ретінде, ал бүгінде, “ғылым философиясы” ретінде жүргізіле бастады. Ғылым философиясының негізін қалаушылар, оның ірі өкілдері: Л. Витгенштейн, Томас Кун, И. Лакатос, Э. Гуссерль, К.Поппер. Олар ұзақ жылдар бойы Батыстың ең жетекші университеттерінде сабақ берді. Біздің елімізде де әлемдік стандартқа сәйкес келетін білімнің жаңа жүйесін қалыптастыру іс жүзіне асырылып келеді. Сондықтан “ғылым философиясын” оқып-үйрену – бұл жай тек қана әлемдік білім деңгейіне сай келудің формальды түрі емес, жинақталған бай логикалық-рационалдық материалды және рефлекстік іс - қимылдың аса тиімді құралдарын игере білу болмақ. Оның негізгі мәселелері мен басты бағыттары төмендегідей болады: ғылымды оқып үйренудің негізгі аспектілерінің өзіне тән ерекшелігі мен өзара байланысы. Ғылым логикасы, ғылым философиясы, ғылым социологиясы, ғылым психологиясы және басқа бағыттар. Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын қолға аламыз. Оның мәні мынада:

1. Біз тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша студенттерге толыққанды білім беруге қажетті барлық жағдайды жасауға тиіспіз. Гуманитарлық зиялы қауым өкілдері еліміздің жоғары оқу орындарындағы гуманитарлық кафедраларды қайта қалпына келтіру арқылы мемлекеттің қолдауына ие болады. Бізге инженерлер мен дәрігерлер ғана емес, қазіргі заманды және болашақты терең түсіне алатын білімді адамдар да ауадай қажет.

2. Біз алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасаймыз. 2018-2019 оқу жылының өзінде студенттерді осы оқулықтармен оқыта бастауға тиіспіз.

3. Ол үшін қазіргі аудармамен айналысатын құрылымдар негізінде мемлекеттік емес Ұлттық аударма бюросын құру керек. Ол Үкіметтің тапсырысы бойынша 2017 жылдың жазынан тиісті жұмыстарға кірісе бергені жөн. Біздің әлеуметтік және гуманитарлық біліміміз ұзақ жылдар бойы бір ғана ілімнің аясында шектеліп, дүниеге бір ғана көзқараспен қарауға мәжбүр болдық. Әлемнің үздік 100 оқулығының қазақ тілінде шығуы 5-6 жылдан кейін-ақ жемісін бере бастайды. Сол себепті, уақыт ұттырмай, ең заманауи, таңдаулы үлгілерді алып, олардың қазақ тіліндегі аудармасын жасауымыз керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет