Активті rc-сүзгіштер (4/1/1сағат) Дәрістер жоспары



бет2/2
Дата07.01.2022
өлшемі28,93 Kb.
#20725
1   2
10 Тақырып. Кедергілерді түрлендіргіштер (2/1/1 сағат)

Дәрістер жоспары

1 Электроника тарихи
Электроника тарихи
Электроника – заман талабына сай ғылымдардың бірі. Ол әртүрлі аспаптардың физикалық негіздерін және тәжірибелік қолданылуын оқытады. Классикалық түсінік бойынша, электроника әртүрлі ортадағы электрондардың бағытталған қозғалысының қасиеттерін қолданатын ғылым болып табылады. Жартылайөткізгішті материалдарда басқа материалдарға қарағанда электрондардың қозғалысы анағұрлым байқалатын із қалдырады. Сол себептен осы заманғы электроника практикалық тұрғыда толық жартылайөткізгіштен жасалады.

Электроника келесі сұрақтарды қарастырады: жартылайөткізгіш аспаптар, олардың сипаттамалары, әрекеттестігі, математикалық моделдер, байланысу ережесі, жұмыс шарты және схемотехника.

“Электроника” түсінігінің көпмәнділігінен және көлемінің кеңдігінен, курс бойынша оқулық таңдауда қиындықтар туындайды. Олардың қайсыбірін ұсыну қиындай түседі. Электрониканың ғылым ретінде жедел дамуы және техниканың әртүрлі салаларындағы толғандырарлық қарқыны, қарастырылатын сұрақтардың көлемінің артуы мен қиындықтарға алып келеді. Ғылымның барлық бөлімдерін бір курста меңгертуге ұмтылу көбінесе ойдағыдай қорытынды бермейді. Оқулықтардың физикалық және математикалық бөлімдерінде, болашақ маманға қажетті ғылым мен ақпараттың тәжірибелік құнсыздануы жиілейді. Мұндай ақпараттар қазір схемотехника бөлімінің, электрондық сұлбаларды жобалаудың негізгі әдістері мен ережелерін қамтамасыздандыруда жоғары дәрежеде шоғырландырылуда.

Көзқарас бойынша схемотехникалық жартылайөткізгішті аспаптар белгілі сызықсыз сипаттамаларымен және өіне тән, ерекше қасиетінің жиынтығымен қарапайым электрлік элементтерге жатады. Схемотехника өзінің жеке заңдарына ие емес, ол толықтай электрониканың жалпы заңдарымен негізделеді, бірақ жартылай өткізгіштердегі тәжірибелік сұлбалар диапазонының шексіздігі электрониканың бұл бөлімін сарқылмастай етеді, ал керек десеңіз электрондық жобалау үрдісінде кейбір авторлар өнер саласының мамандары.

Физикалық электроникаға жатады: Өткізгіштер мен газдардағы электрондық және иондық үрдістер. Вакуум және газдың, қатты және сұйық дененің аралығындағы бөлу аймағы. Техникалық электроникаға электрондық аспаптардың құрылымын оқып, үйрену және оларды қолдану жатады. Электрондық аспаптарды өнеркәсіпте қолдану саласы, өнеркәсіптік электроника деп аталады.

Электрониканың жетістіктері белгілі дәрежеде радиотехниканың дамуына жағдай жасады. Электроник мен радиртехниканың соншалықты тығыз байланыстылығы, оларды 50-ші жылдары біріктіріп және техниканың бұл саласын радиоэлектроника деп атайды. Бүгінгі күнде радиоэлектроника бұл – ғылым және техника саласында, жиіліктің радио және оптикалық диапазонындағы электромагниттік тербелістер мен толқындар көмегімен ақпаратты жіберу, қабылдау және өңдеу мәселелерімен байланысты. Электрондық аспаптар радиотехникалық құрылғының негізгі элементі болып табылады және радиоаппаратураның маңызды көрсеткішін анықтайды. Басқа қырынан қарағанда радиотехникадағы көптеген мәселелер қолданыстағы электрондық аспаптарды әбден жетілдіруге және жаңасын ойлап табуға жол ашты. Бұл аспаптар радиобайланыста, телевиденияда, дыбысты жазу және оны тыңдауда, радиолокацияда, радионавигацияда, радиотелебасқаруда, радиоөлшеуде және радиотехниканың басқада салаларында қолданылады.

Техниканың осызаманғы даму кезеңі бүкіл адамзаттың өмірі мен тіршілік сферасында электроника үлесінің артуымен сипатталады. Америкалық статистиктердің мәліметі бойынша көлемі жөнінен барлық өнеркәсіптің 80%-ға жуығы электрониканың үлесінде. Электроника саласындағы жетістіктер қиын ғылыми-техникалық мәселелерді шешуде табысқа жеткізеді. Ғылыми зерттеулердің тиімдігі, машина және жабдықтардың жаңа түрін жасауды арттырады. Тиімді технологияны және басқару жүйесін өңдеуде: бірегей қасиеттегі материалды алу, ақпаратты жина және өңдеу үдерісін әбден жетілдендіру. Электроника ғылыми-техникалық және өндірістік мәселелерді ауқымды шеңберде қамти отырып, білімнің түрлі саласында жетістікке жетуде.

Осының аясында бір жағынан электроника басқа ғылымдар мен өндірістердің болашақтағы дамуына жағдай жасай отырып, олардың алдына тапсырма қояды. Басқа қырынан қарасақ оларды сапалы жаңа техникалық жабдықтармен және зерттеу әдістерімен қамтамасыздандырады. Электроникада ғылыми зерттеу бұйымдарына келесілер жатады:



  • Электромагниттік өрістегі электрондар мен басқада зарядталған бөлшектердің өзара әсерлесу заңын оқу.

  • Энергияны түрлендіру мақсатында қолданылатын электрондық аспаптарды жасау әдістерін өңдеу, ақпаратты өңдеу және сақтау, өндірістік үдерістерді(процесс) автоматтандыру, энергетикалық құралдар жасау, бақылау-өлшеу аппараттарын жасау, ғылыми эксперимент жабдықтарын жасау және басқада мақсаттар.

Арпап ішіндегі макроөріс, атом ішіндегі микроөріс, малекулалық және кристалдық торлардағы сияқты электронның өте аз инерциялылығы электрондардың өзара әсерін тиімді қолдануға мүмкіндік береді және жиілігі 1000ГГц-ке дейінгі электромагниттік тербелістерді түрлендіру және қабылдау.
Ұсынылатын әдебиеттер

1. Пасынков В.В., Чиркин Л.К Полупроводниковые приборы. Учебник для вузов СПб.:Лань, 2003

2. Федотов В.И. Основы электроники М.:Высшая школа,1990

3. Герасимов В.Г. Основы промышленной электроники М.: Высшая школа,1986



4. Гальперин М.В. Практическая схемотехника в промышленной автоматике М.: Энерго-атомиздат, 1987

5. Павлов В.Н., Ногин В.Н. Схемотехника аналоговых электронных устройств М.: Радио и Связь, 1997

6. Пароль Н.В. Кайдалов С.А. Фоточувствительные приборы и их применение: Справочник. М.: Радио и Связь, 1991

7. Булычев А.Л., Лямин П.М., Тулинов В.Т. Электронные приборы. Учебник для вузов. М.: Лайт ЛТД, 2000



8. Титше У., Шенк К.Полупроводниковая схемотехника: Справочное руководство. М.: Мир, 1982
СӨЖ үшін бақылау сұрақтары [1,3,8]

  1. Тиристорды ашатын кернеу немесе кернеу.

  2. Тиристор мен диоттың вольтамперлық сипаттамаларының айырмашылықтары неде?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет