Актуальные проблемы гуманитарных наук



Pdf көрінісі
бет8/16
Дата03.03.2017
өлшемі2,76 Mb.
#6102
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16

сөз-символы. 
Ол  ақын  А.Бақтыгерееваның  өлеңдерінен 
анықталады. «Ақұштаптағы ақ бесік ақ түтін, ақ түндер, ақ арман, ақ ұлпа, ақ 
нұр,  ақ  ұшқын,  ақ  қырау,  ақ  қар,  ақ  самал,  ақ  торғын,  аппақ  дүние,  ақ  үй  т.б. 
қолданысындағы  ақ  сын  есімінен  өрілген  сөз  тіркестері  өлең  шумағында 
қайталанып  келіп,  əуезділікті,  өлең  құрылымына  үйлесімділік  береді.  “Ақ”-  ізгі 
тілекке,  жақсылыққа,  игі  іске,  бақытты,  баянды  өмірге  қатысты  сипаттама»  - 
дейді [3,20б]. Мұны төмендегі берілген өлең  жолдарынан көруге болады:                                  
1) Сондайда дала пейіл адамдарда 
    Ақ ұлпа алақандар барын білгем. 
2) Жер мен көктің арасын  
    Ақ түтін етіп барасың.                            
3) Ақ түндер барлық жарығын, 
    Аяусыз жерге төккендей.   
         2.«Көк»  сөз-символы.  Оны  зерттеуші-  ғалым  ақын  К.Ахметованың 
шығармаларынан айқындайды:  
1) Ауаның өзінде де көк шырай қап, 
    Самал жел көк төксін ойнап…                  
2) Көк бұлттар көңілімнің ауыры ма, 
    Алапат кезікпедік дауылыңа. 

 
118 
3) Қатты сағынам көктем айларын, 
    Көктемнің ғажап сағынам көк тоғайларын. 
         Жас  ғалым  К.Қ.Есіркепова  мынадай  тұжырымға  келеді  «Күлəш  жұмсаған 
сын есім сөз тіркестері көк шырай, көк бояу, көк бұлттар, көк тоғай, көк орман, 
көк  тастар,  көгілдір  нұр,  көк  көбік  т.б.  өлеңдеріндегі  көк  түске  байланысты 
дəстүрлі  қолданыстағы  сөздермен    қатар,  ақынның  өзіндік  стильдік  сөз 
қолданысы  екенін  байқадық.  Ақынның  өлеңдерін  талдап  қарағанымызда,  бүкіл 
өлеңдерінің  өн-бойынан  көк  түске  байланысты  сөз  тіркестерінің  қолданыс 
жиілігін,  бұл  түр-түстің  ақынның  мінез-құлқына,  таным-талғамының 
жақындығына  көз  жеткіздік.  Табиғат  құбылысының  тылсым  сырларын,  сұлу 
көрінісін  жырлауында,  табиғаттың  ақын  жанының  сезім-сырына  ұласып 
жатқандығы байқалды» - дейді  [3,21бет]. 
         Ғалым  осы  екі  ақынның  өлеңдерін  талдай  келе,  мынадай  қысқаша 
қорытынды  жасайды,  дəлірек  айтқанда:  «біріншіден,  Ақұштап  пен  Күлəштің 
өздерінің талғамдарына тəн түсті қайталап, оны жиі қолдануы олардың  белгілі 
бір  түске  құмарлығын,  əуестігін  аңғартады.  Екіншіден,  белгілі  бір  түсті  əйел-
ақындардың əр алуан сөз тіркестерін жасап, орынды да образдылықпен қолдана 
білуі, олардың өзіне  тəн сөз саптау тəсілін,  стильдік ерекшелігін  аңғартады. Бұл 
ерекшеліктердің  артында  автордың  өз басына  тəн  психологиялық,  эстетикалық-
творчестволық    ерекшелігі,      эстетикалық  дүние  танымы,  ой  толғанысы,  мінез-
құлқы  (байсалдылық,    биязылық,  ойшылдық  т.б.),  көңіл-күйі  реніш,  қуаныш, 
сүйінуі т.б. қасиеттері тұрғандығы сөзсіз байқалады» [3,21бет]. 
         3.«Мен»  сөз-символы.  Бұл  қолданыс  Махамбеттегідей  Фариза  өлеңдеріне 
тəн  сөз-символы.  Ф.Оңғарсынова  өлеңдеріндегі  сөздердің  тізбегі  символдық 
мəнде  «мен»  жіктеу  есімдігі  арқылы  метафоралық  тіркестер  түрінде  келген. 
Мұны төмендегі берілген өлең  жолдарынан байқауға болады:                                  
1) Мен əлі нүкте де емен, үтір де емен, 
    Қидаймын жаңбыр сүйіп түтіндеген. 

 
119 
2) Мен жез едім 
    Өмір өзі шыңдады алмас қылып 
    Отыра алмаймын қаперсіз  малдас құрып. 
3) Мен айдын, мынау дүние тас қамалдай, 
    Қаламын кейде өзімді басқара алмай. 
         Бұдан «Мен» сөзін Фаризаны басқа ақындардан ерекшелейтін қасиеттерінің 
бірі,  өзіндік  сөз  қолданысы  екендігін  тануға  болады.  «Басқа  əйел-ақындармен 
салыстырғанда  өлең  өлкесінде  əйел  жанын,  оның  бұлқыныс  атқан  сезім 
сырларын салып, ақын «мені» мен лирикалық кейіпкер тұлғасы арасында көпір 
тұрғызған  суреткер  өте  сирек.  Ендеше,  мағыналы  сөздерді  символдық  белгі 
ретінде  алып,  ақын  сөз  өрнегін    өзінше  құбылтып  жəне  «мен»  деп  жіктеу 
есімдігін алуында, сөзден сурет  бояу жасап, ақындық «менін» нақтылай түседі» 
-  дейді  ғалым  К.Қ.Есіркепова  [3,22  бет].  Сонымен  бірге,  К.Қ.Есіркепова 
Махамбет  пен  Фаризаның  үндестігі  туралы  да  айтып  кеткен.  Екі  ақынның  
тіліндегі  «МЕН»  сөз-символы  Махамбет  пен  Фаризаның  бойындағы 
өжеттіліктің, намыстың, қайраттылықтың символы екендігін анықтаған. 
         4.«Арман»  сөз-символы  -  ақын  М.Айтқожина  қолданысындағы  сөз-
символы болып табылған. Дерексіз ұғымдағы «арман» сөзі символдық дəрежеде  
метафоралардың  ұлғайған  түрінде  көрініс  тапқан.  Атап  айтсақ,  «Армандардың 
тұрағы,  қызғалдақтай  қаулап  өскен  тəтті  арман,  қорғасындай  ауыр  ұйып 
жатты  арман,  арман-шынар,  аққу  арман  құлап  жатыр    қалжырап,  арман 
тауым шағылып, жүрегімнің  ой қамалын ақ армандар бекінген, арман көлі
1)  Кейбір хаттың ескерткіш боп иесі, 
     Қашан саған қолымды созбағалы, 
    Кеудемде арман көлі қозғалады. 
2) Мынау кеудем қашаннан да  армандардың тұрағы, 

 
120 
    Айна көлдің жанарлары мөлт-мөлт етіп тұнады. 
         Арман  -  адамның  жан-дүниесінде  өмір  сүретін    тіршілікке  ұмтылдыратын 
жақсылық  атаулыға  бағыттайтын,  мəңгі  құштарлықтың  белгісі.  Марфуға 
поэзиясында    арман-үміт,  арман  шынар,  арман  тауы,    арман  көлі  т.б. 
əуендерінің    бейнелік,  көркемдік  баламасы  мол,  эмоциялық  бояуы  мейлінше 
əсерлі,  экспрессивтік  қызметі  күшті.  Ақынның    арман-үміт  əуендері  адамның 
ақыл-ойын,  ерік-жігерін,  өмірге  деген  құштарлығынан  туындайды.  Ақын  өзінің 
асқақ арманын,  мұқалмас  үмітін  «шынарға»,  «тауға»,  «көлге»  балап  суреттейді. 
Ақындағы арман-үміт əуендері  ақыл-ой толқынынан ішкі ар қуатының күшінен 
осындай əсерлі күйінде стильдік сипатта бейнеленген» [3,22 бет].  
         Зерттеуші-ғалым К.Қ.Есіркепованың еңбегін оқи отырып, əр əйел-ақынның 
өзіндік сөз қолданысының ерекшелігін байқап, дəл анықтағанын көреміз. Себебі 
сөз-символ  -  сөзді  қолдану  арқылы  ақындардың    шеберлігінің  бір  қырын 
танытса, сонымен қатар олардың поэзиясы ұлттық танымды көрсетеді. 
         Енді  бір  ғылыми-зерттеу  жұмыстарында  ақын  Мұқағали  Мақатаевтың 
лирикасындағы символдық мəнде қолданылған сөздердің қолданысы жөнінде сөз 
етіледі.  Бұл  зерттеулерді  жас  ғалымдардың  ғылыми  мақалаларынан  байқауға 
болады.  Мысалы,  Р.Нұрмаханованың  «Мұқағали  -  мəңгілік  жыр»  атты 
мақаласында  суреткер  тіліндегі    құстар  символикасының  ерекше  орын 
алғандығы  айтылып,  жан-жақты  талданады  [4].  Мəселен,  ақынның  «Аққулар 
ұйықтағанда»  поэмасындағы  аққу  образы  -  əдеміліктің,  тектіліктің,  махаббатқа 
деген  адалдықтың,  қазақы  мəдениеттің  символы    ретінде  көрініс  тапқан. 
Поэмадағы көрінісі: 
Аққулар... 
Аққу мойын, сүмбе қанат, 
Алаңсыз тарануда күнге қарап. 
Айдынның еркелері, білмей тұрмын, 
Етермін тағдырыңды кімге аманат?! 

 
121 
Жаны сұлу ақ еркем, ары сұлу! 
         Сондай-ақ,  аққу,  сандуғаш,  тоты  құс,  жапалақ,  бүркіт,  торғай  сөздеріне 
қазақ  халқының  ұғым  түсінігін,  табиғат  бейнесін,  санасында  жағымды, 
жағымсыз  бағалауыштық  коннатацияларды  сыйғыза  білген.  Сонымен  қатар, 
ақын  бүркіттің  адал  достығы  мен  тектілік,  батылдық  қасиетін,  құсбегілік 
салтының бір бөлшегін «еркіндік» символына сыйғызған. 
         М.Мақатаев - Абай үлгісімен өзіндік «мен»  - автор образы арқылы ұлтына 
үгіт-насихат,  сын  айтатын  сипатынан  оның  жаршы,  насихатшы,  ақын  екендігі 
аңғарылады. Мақалада ақынның өзіндік «мені» - күрделі ұлттық таным екендігі 
көрсетілді. Демек, М.Мақатаевтың тілдік тұлғасы оның тіліндегі шоқтығы биік, 
қадау-қадау  көркемдегіш  құралдарды  пайдалануымен  ерекшеленеді.  Онда  сөз-
символдардың қолданысы оның тілдік қуатының тағы бір қасиетін байқатады. 
         Ал  «Мұқағали лирикасындағы  түр  мен  түстің  көркемдік  ерекшелігі»  деген 
Б.Бейсенбаеваның  мақаласында  ақынның  шығармаларында  пайдаланылған  түр-
түс  атаулары  қарастырылған.  Мұнда  суреткер  шығармасындағы  ақ  пен  қара 
түстің,  боз  бен  күрең  түстің  жиі  қолданылғандығы  жөнінде  айтыла  кетіп,  ол 
түстер жеке-жеке талданған. Мысалы: 
         Ақын жырларында «ақ» түстің басқа түске қарағанда өте көп кездесетіндігі 
анықталады.  Яғни  суреткер  көктем  бейнесін,  ауылдың  мамыражай  тіршілігін 
«ақ»  түспен  бедерлейді.  Ақынның  «Көктем  де  келер»  атты  жыр  жолдарында 
көктемдегі  көшіп  жатқан  бұлттар  бейнесін  «Ақ  көңіл  бұлттар,  ақ  нөсер  төгіп 
өтсін  де»  деп  жырлайды.  Сонымен  қатар  «Аққулар  ұйықтағанда»,  «Ақ  қайың 
əні»  поэмаларында  да  «ақ»  түстің    көп  кездесетіні  туралы  айқындалады. 
«Аққулар ұйықтағанда» поэмасында  ақ отау, ақ айдын, ақ мүсін, ақша бұлт, ақ 
нұр,  ақ  сəуле  ұғымдарының  кездесуі  тақырып  пен  идеяның  бірлігінен  туындап 
жатады.  
Құс аппақ, айдын аппақ, нұр да аппақ, 
Аппақ нұр аппақ нұрға қосылады» [5,124-125 бет]. 

 
122 
         «Ақ  қайың  əні»  поэмасында  «ақ»  түс  табиғаттың,  сезімнің    бейнесіндей 
жырланады. Бұл поэманың өзіндік ерекшелігі «ақ» пен  «қара» түсті ақын қатар 
алып  бейнелейді.  Поэмада  Бағдаттың  сезімінен  туындаған  «Ақ  қайың  əні» 
радиодан  шырқалады.  «Ақын  жырда  ақ  қайыңды  таза  сезім  көрінісі  ретінде, 
күздегі  айрылысқан  кезді  қара  түспен  суреттейді.  Ақ  пен  қараны  қатар  ала 
отырып  сомдайды.  Ақ  түспен  ақын  ақ  қайың,  ақша  бұлт,  ақ  өзенді  бейнелесе, 
Бағдаттың  дерті  асқынып,  қайғыда  қалған  сəтін  психологиялық  егіздеу  күйінде 
қара нөсер, қара бұлт, қара аспан, қара құс деп суреттейді»  [5,125 бет]. 
         Ал  «М.Мақатаев жырларында боз түсі түстік мəн мен күте-күте  боз түске 
енген эмоционалды кейіпкер болмысын танытады. 
Боз атқа мініп, боз тауға, мүмкін, шығарсың, 
Боз көйлек киіп, бозарған таңда тұрарсың. 
Боз айдай балқып, бозарған көкте тұнарсың, 
Бозарған жанымбоз түске неге құмарсың» [5,125 бет]. 
         Сондай-ақ  ақынның  жыр  жолдарында  «күрең»  түр-түсінің  көп  кездесуі 
жайында  айтылады.  «Күрең  күз  бейнесі  -  ақынның  көңіл  күйінің  көрінісі, 
жабырқауы,  көңілін  мұң  басуы.  Ақынның  күз  бейнесі  -  қызылынан  айрылып 
күреңіткен  кезі,  жыл  құстарымен    қоштасуы,  қайтқан  құстар  тізбегіне  қимай 
қарауы, жадырай алмай жабырқауы. Ақынның «Күн бүгін тұрып алды күреңітіп» 
атты өлең жолдарында: 
Күн бүгін тұрып алды  күреңітіп, 
Шіркіннің ашылмайды реңі түк. 
Күреңіткен ауылдың сырт жағында 
Мені де отыр ма екен біреу күтіп, - 

 
123 
деп  жырлай  келе,  күте-күте  күдерін  үзген  жанның  күреңіткені  -  мынау  күрең 
табиғаттың қабағы ма екен ақын жазы кетіп жабырқаған, шуағы жанын жылыта 
алмайтын көңіл-күйдің көрінісі ретінде бейнелейді» [5,126 бет].  
         «Қара»  түстің  уайым,  қайғы  түрінде  бейнеленгенін  ақын  жырларынан 
кездестіреміз.  Қара  уайым,  қара  шəлі  жамылған  тіркестер  кездеседі.  Ақынның 
«Көрмесем екен» атты өлеңінде қайғы мен көз жасы «қара» түспен бейнеленеді: 
«...Қара көзіңнен қара моншақтар төгілген, 
Қалған тұқыммен қара моншақтар себілген, - 
сонау қиын жылдарда дүниеге келген өз тағдырынан сыр шертеді» [5,126 бет].  
         Ақынның  «Райымбек!  Райымбек!»  атты  поэмасында  «қара»  түстің  өте  көп 
жырланғанын көруге болады. Халықтың қаралы көші, жаудан қажыған халықтың 
болмысын,  қайғысын  танытатын  поэмада  «қара»  түстің  көп  алынуы  авторлық 
идеяның  көрінісі.  Поэма  «Қаратаудың  басынан  көш  келеді»  атты  күңіреніспен 
басталады.  Елім-айлаған  халық  мұңы  мен  шерін  ақын  «қара»  түсті  қанық  етіп 
суреттейді. Қара қазақ, қара қайғы, қара жау, қара шаңырақ, қара жұрт, қара 
түн,  қара  күн,  қара  жауын  сынды  ұғымдар  поэманың  тақырыптық  ауқымын 
тереңдете түседі. 
         Демек,  Мұқағали  поэзиясы  тазалық,  шынайылық,  табиғи  тазалық 
болмыстан  тұрады.  Мұқағали  жырларындағы  сезім  мен  сурет  астасып 
жататындықтан сурет бояулары  мағыналы-мазмұндығымен ерекшеленеді.  
Пайдаланылған əдебиеттер 
1. Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі(Монография). - Алматы: Санат, 1995  208б. 
2. Салқынбай А. Махамбеттің Мені // Қазақ тілі мен əдебиеті. - №11.-2006. - 110-
116б. 
3.  Есіркепова  К.Қ.  1960-80  жылдардағы  əйел  –  ақындар  поэзиясының  тілі 
(Ф.Оңғарсынова,  М.Айтқожина,  А.Бақтыгереева,  К.Ахметова    шығармалары 
негізінде). Филол.ғыл.канд.дисс.авторефераты.-Алматы, 2005. - 26б. 

 
124 
4.  Нұрмаханова  Р.  Мұқағали  -  мəңгілік  жыр  //  Қазақ  тілі  мен  əдебиеті.  -  №12.- 
2007. - 15 - 18б.  
5. Бейсенбаева Б.Мұқағали лирикасындағы түр мен түстің көркемдік ерекшелігі 
// Қазақ тілі мен əдебиеті. - №10. - 2006. – 124-127б.  
 
 
 

 
125 
«Символ» терминінің қазақ тіл білімінде қолданыс ерекшелігі 
 
Есіркепова К. Қ., 
филология ғылымдарының кандидаты,  доцент 
                                   Қанапина С. Ғ., 
филология ғылымдарының кандидаты, доцент 
 Алиева Д. А. 
педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы 
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты 
Қазақстан Республикасы 
 
          Адам  санасының  дамуымен  байланысты  дүниетанымның    тереңдеуінің 
нəтижесі болып табылатын ерекше танымдық белгі  символ екені белгілі. Символ 
мəселесі    ғылым  нысанасына    ежелден  енген.  Алайда  қалыптасу  тарихы  тым 
арыда жатса да, бүгінгі күні “символ” ұғымының ауқымы кеңейіп лингвистика, 
философия,  семиотика,  психология,  əдебиеттану,  мəдениеттану  т.б.  ғылым 
салаларының    негізгі  нысанына  айналған.  Символдың  зерттелу  жайы  туралы 
тілші-ғалым  Қ.Т.Қаирбаева  «Қазақ  тіліндегі  этномəдени  атаулардың  символдық 
мəні»  атты  еңбегінде    сөз  етеді.  Яғни  «Символды»  тану  ХІХ  ғасырдың    соңғы 
ширегінде    дүниеге  келген    «символизм»  ағымынан    əлдеқайда    ерте  туған. 
Символ  туралы    ой  қозғау,  тұжырым  айту  Аристотель  мен  Платоннан  бастау 
алып,  Кант,  Шлегель,  Шеллинг,  Гете,  Гегель  т.б.  философтардың  еңбектерінде 
сипатталған»  деп,  символдың  зерттелуін  сонау  Аристотель,  Платон 
ғалымдарынан бастау алғандығын көрсетеді [1, 6 бет].   
         Сонымен 
қатар  ғалым  Р.Т.Лауланбекова  өзінің  диссертациялық 
жұмысында,  яғни  «Түр-түс  компонентті  күрделі  аталымдардың    танымдық 
сипаты  (сын  есім+зат  есім  бойынша)»  деген  еңбегінде  де  символдың  көне 
гректердің  сөзінен  шыққандығын  айтады.  «Тіл  біліміндегі  символика  о  баста 
көне  гректердің  «символ»  (symbolon  -  «белгілі  бір  қоғам    мүшелері    мен 
əлеуметтік  топтар    үшін  ғана    түсінікті  шартты  белгілер»)  сөзінен  шығып,  

 
126 
бүгінде «əр түрлі идеяны, түсінікті, ұғымды, ойды, сезімді, іс-əрекетті білдіретін 
шартты белгілердің жиынтығы» деген мағына береді» [2,11 бет].   
         Əрине,  символ  табиғатын  талдап  түсіндіргенде  көне  ғылыми  таныммен, 
пікір-тұжырымдармен  шектелмеуге  тиіспіз.  Бүгінде  символдың  теориялық 
мəселелері  А.Ф.Лосев,  Л.В.Уваров,  А.А.Потебня,  Ю.А.Лотман  т.б.  сияқты 
зерттеушілердің  еңбектерінде  баян  етіледі.  Ал  қазақ  тіл  білімінде  символды 
зерттеу  Ш.Уəлиханов,  А.Байтұрсынұлы,  Қ.Жұбанов,  Ə.Марғұлан,  М.Əуезов, 
С.Мұқанов  еңбектерінен  бастау  алады.  Осыған  жалғас  ғылыми  көзқарастарды 
тілші-ғалымдар  І.Кеңесбаев,  Ə.Т.Қайдаров,  Е.Н.Жанпейісов,  К.Ш.Хұсайынов, 
Т.Жанұзақов, 
Н.Уəлиев, 
Р.Сыздықова, 
Ж.А.Манкеева, 
Г.Н.Смағұлова, 
Ш.Бекмағанбетов,  Р.Ə.Авакова,  Г.Сағидолда,  Қ.Ғабитханұлы,  С.Е.Жанпейісова, 
И.Айбарша,  Б.Ақбердиева,  Қ.С.Дүсіпбаева,  А.Қ.Сейілхан  сынды    қазақ  тілі 
мамандарының зерттеу жұмыстарынан көруге болады. 
         Мəселен,  И.Айбаршаның  конференция  материалында  жарияланған  «Қазақ 
мəдениетінің  тілде  көрініс  тапқан  символдар  астары»  мақаласы.  Қандай 
халықтың  символдар  жүйесін  алып  қарастырсақ  та,  жалпы  адамзатқа  ортақ 
символдарды  кездестіреміз.  Алайда  ғалым  белгілі  бір    шығармашылық  процесс 
кезінде  туындаған  авторлық  қолданыстағы  символдардың  да  кездесетіндігін 
айтып өтеді. Осы мəселені кеңінен қарастырған мақаласында зерттеуші, сондай-
ақ  қазақ мəдениетінің тілде көрініс тапқан ұлттық таңбаларға (символдарға) да 
тоқталады.  Ғалым  «шырақ»  сөзінің  символдық  мəнін  айқындап,  оған  қысқаша 
түсінік  береді,  яғни  «қазақ  кең  көлемде  алғанда  түркі  мəдениетіндегі  маңызды 
мəдени символ-концептілердің бірі - шырақ тəңірлік дүниетанымға  ұласар өмір 
жəне ұрпақ  жалғастығының  символдық  мəніне  ие. «Шырағың сөнбесін» бата-
тілекте    «шырақ»,  «бала»,  «ұрпақ»  мағынасында  қолданылған»  [3,16  бет].  Ал 
келесі мына тұжырымдамасында «босаға» сөзінің қазақ мəдениетінде алар орны 
жоғары екендігі жайлы сөз етеді: «Қазіргі заманда қазақ ұлттық  тіл мен  ұлттық 
мəдениет  иелері  босағаның киелі  екендігін  өз бойларына сақтаған.  Босағаны 
оң  аяқпен    аттау,    босағаны  теппеу  т.б.  ұлттық   ділімізде  сақталған,   ғасырдан-
ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа  берілер  рухани құндылықтарымыз». Қорытындылай 
келе,  И.Айбарша  орыс  ғалымы  Ю.М.Лотман  еңбегіне  сүйене  отырып,  «символ 

 
127 
өзгеріссіз  ұрпақтан-ұрпаққа  берілер  «мəдени жады» деген пікірді ұстанады [3, 
16 -17 бет].  
         Осыған 
жалғас 
этнограф-ғалымдар 
Х.Арғынбаев, 
Ө.Жəнібеков, 
С.Қасиманов,  А.Сейдімбек  еңбектері  тілдік  деректердің  уəждемесін  анықтауға 
көмектесіп  қана  қоймай,  қазақ  мəдениетіндегі  ұлттық  символдар  табиғатын 
тануға, саралауға жол ашады. Бұл еңбектерде «символ» терминінің орнына кейде 
«белгі»,  «нышан»,  «рəміз»  сөздері  қолданғанын,  осылайша  əрбір  таным-
түсініктің символдық мəнін көрсетіп отырғанын айта кеткен  жөн. 
         Алайда  осы  жоғарыда  аталған  зерттеулерде  «символ»  терминіне  беріліп 
жүрген анықтама əр түрлі. Қазақ тіл білімінің негізін қалаған А.Байтұрсыновтың 
символға берген анықтамасын қарасақ. Ол өзінің «Əдебиеттанытқыш» еңбегінде 
символды  «бернелеу»  деп  атайды.  Ол  бернелеуді:  «Бір  нəрсенің,  көбінесе 
адамның  мінезін,  құлқын,  амалын  екінші  нəрсенің  мысалында  көрсетіп  айту 
бернелеу  болады.  Қазақтың  бернемен  сөйлеп  отыр  дегені  -  осы  бернелеу. 
Бейнелеу  бернелеумен  екі  арасы  жақын.  Бейнелеу  де,    бернелеу  де    екі  ұқсас 
нəрсенің  бірін  бірінің  орнында    айтудан  шығады.  Бейнелеу  ұлғайғанда 
бернелеуге    айналып  кетеді»,  -  деп  түсіндіреді  [4,161б].  Сондай-ақ  ғалым 
Р.Сыздықова  да  «Абайдың  сөз  өрнегі»  атты  монографиясында  лингвистикалық 
поэтика  саласында  «символ»  терминіне  беріліп  жүрген  анықтаманың  əр 
түрлілігін  айтады.  Мəселен,  Р.Сыздықова  «орыс  поэтикасына  қатысты  
зерттеулерде  «символ»  термині    суреткердің  (ақынның)    белгілі  бір  ұғымды, 
идеяны заттық образбен  (оның атауымен)  білдіруін атайды» деп көрсетеді [5,89 
бет].  Демек,  поэтикалық    образдың  заттық  белгісі,  яғни    символ  -  белгілі  бір 
заттың  атауы  түрінде  білдірілген поэтикалық образ.  Символ терминін  бұдан 
өзгеше  мағынада  ұсынушылық  та  бар.  Мысалы,  академик  В.В.Виноградов: 
«символ  -  поэтикалық  тілдің    семантикалық  единицасы  (дүниесі)»  деп  таниды 
[6,15 стр.]. 
         Орыс ғалымы В.П.Григорьев «Символ» терминіне  мағына жағынан өзгелер 
қолданатын  «стильдік  белгілер»,  «поэтикалық  тəсілдер»,  «əдеби  тəсілдер», 
«стильдік  единицалар»,  «поэтикалық  тілдік  элементтер»,  «образ    құрайтын 

 
128 
элементтер»,  «көркемдеу  құралдары»    деген  терминдер  сай  келетінін  көрсетеді 
[7,386 стр.]. 
         Ал  «қазақ  поэзия  тілін  зерттеушілер»  арасында  ол  бірде  перифраз,  бірде 
кейіптеу,    бірде  сөз    мағынасын    құбылтудың  бір  түрі,  бірде  балама  бейне 
үлгісінде    сипатталып  жүр.  Мысалы,  ғалым  Қ.Жұмалиев    Абайдың    қолдан 
ұшқан  ақ сұңқар деп Əбдірахманды  бейнелеп  атауын  символ дейді [8,125 бет], 
ал бұл - кəдімгі перифраз. 
         Əдебиет теориясына арналған еңбектерде  символды  көркемдік мақсатпен 
сөз  мағынасын  құбылтып  қолданатын  тəсілдердің  бір  түрі    деп  есептеп,    оған 
орыс  ғылымында  берілген анықтама ұсынылады. «Образ  тура өз мағынасында 
емес,    бейнелеу    мағынасында    айтылса,  символдық  образ  немесе  символ  деп 
аталады»  деп    түсіндіріліп,  бұған  М.Горькийдің    дауыл  дегені    революцияның, 
дауылпазы – оны  басқарушылардың  символы  деп мысал  келтіреді [8,125 бет]. 
Ал  дəл  осы  мысалды   əдебиет  теориясын  зерттеуші ғалым  З.Қабдолов  кейіптеу 
(жансыз    заттарды  жандылардың  қасиет,  қимыл,  əрекетін  беріп    суреттеу)    деп 
келтіреді [9, 234 бет]. Символды  бұл зерттеуші ғалым астарлау  деп атап,  оған 
толығырақ    анықтама  береді:  «Құбылтудың  бір  түрі    астарлау,  яки  символ,  бір 
нəрсені    не  құбылысты    тура  суреттемей,  бұларға  ұқсас  басқа  бір  нəрсеге    не 
құбылысқа    құпия  теліп,    жасыра  жарыстырып,  бүкпелей    бейнелеу,  ойды  да 
ашық  айтпай,  тартымды    тұспалмен    түсіндіру»  [9,  236  бет].  Зерттеуші    қазақ 
ақындарынан    мысалдар  келтіреді:  Əбділда  Тəжібаевтың    бір  өлеңінде    теңіз  - 
өмірдің  символы,  Қасым  Аманжоловтың  бір  өлеңінде    құз  -  терең  ой  үстіндегі 
ақынның (ойлы адамның)    символы  деп    дұрыс көрсеткен.  Көркемдеу  тəсілінің  
бірі  символ    мен  əдеби  ағым  символизмді    шатастырмау  керек  екендігін  де  
жақсы айтқан.  
         Нəтижесінде,  ғалым  Р.Сыздықова  əдебиет  теоретигі  Зəки  Ахметовтің 
«Символ  дегеніміз  -  балама  бейне.  Оған  негізгі  ойды,  айтқалы  отырған  нəрсені, 
құбылысты сол балама бейне, сурет арқылы тұспалдап көрсету тəн» [10, 22 бет] 
деген  көзқарасын    қолдай  отырып,  «...символ  –  идеяның  заттық  нышаны,  
астарлы образы» деп тұжырымдайды [5, 90 бет].  

 
129 
         Енді бір зерттеулердің көпшілігінде дерлік символ табиғатына  толыққанды 
теориялық талдау жасалынбаған, тек символдың жеке категорияларына  қатысты 
сөз қозғалады. Ғалым Қ.Т.Қаирбаеваның “Қазақ тіліндегі этномəдени атаулардың 
символдық 
мəні” 
атты 
кандидаттық 
диссертациясында 
символдың 
лингвостилистикалық  сипаты  жөнінде  баяндалады.  Мұнда  ол  символдың 
лингвистикалық  сипаты,  тілде  қалыптасқан  символдық  жүйе  -  ғаламның  тілдік 
бейнесі  жəне  символ  -  мəдениет  тілі  деген  тараулар  аясында  қарастырады  [1]. 
теориялық  тұрғыдан  анықтама  беріледі,  мысалы:  «Ішкі  терең  қажеттіліктер 
символдар  арқылы  оянады.  Сана  сыртқы  факторларға  таңдаулы    түрдегі 
тəуелділігін    немесе  ішкі  өсу,  жетілу  қажеттілігін  белгілі  бір  модельдің, 
форманың бойына жинақтау арқылы шешеді» деген ой айтады [11, 8 бет]. Ғалым 
С.А.Өткелбаеваның «Қазақ тіліндегі дыбыстық символика құбылысы» еңбегінде 
қазақ  тіл  дыбыстарының  символикалық  мəнін  ашу  мəселесі  қарастырылса  [12], 
материалдық 
мəдениет 
лексикасына 
қатысты 
символдық 
сипаттағы 
этноатауларды  ғалым  Ж.А.Манкееваның  “Қазақ  тілінің  заттық  мəдениет 
лексикасы”  атты  монографиясынан  көруге  болады  [13].  Ғалым  Ш. 
Бекмағанбетовтың  «Тілдік  таным  негіздері  жəне  тілдік  символдар»  атты 
еңбегінде  тілдің  пайда  болуы,сөзжасам,дыбыстаным  проблемалары,тіл  тарихы, 
тіл генеологиясы  жан-жақты сөз етілген [14]. 
         Түр-түс  атауларының  символдық  мəнін  анықтауға  арналған  еңбектер  де 
баршылық. Атап айтсақ, Ə.Т.Қайдаровтың “Қазақ тілінің өзекті мəселелері” [15], 
Б.Өмірбеков,  З.Т.Ахтамбердиевалармен  авторлық  бірлестіктегі  ”Түр-түстердің 
тілдегі көрінісі” [16] жəне басқа да көптеген еңбектерінде кейбір этнографизмдер 
мен  түр-түс  атауларының  символдық  мағынасы  айқындалған.  Мысалы,  жас 
ғалым  Ұ.Б.Серікбаеваның  «Қазақ  тіліндегі  «ақ»  жəне  «қара»  түр-түс 
атауларының  этнолингвистикалық  сипаты»  атты  кандидаттық  диссертация 
жұмысында  аталған  екі  түстің  мағыналық  даму  шеңбері,  қарама-қарсы  жүйеде 
қолданылуы, қолданыс аясы анықталса [17], ал Н.Н.Аитованың «Қазақ тіліндегі 
түр-түс  атауларының  когнитивтік  семантикасы»  атты  еңбегінде  түр-түс 
атауларының  тарихи  сипаты,  архетиптік  бейнесі,  түр-түстегі  ғаламның  тілдік 
бейнесі  жəне  т.б.  мəселелер  қарастырылумен  қатар  сол  түр-түстердің 

 
130 
символикалық табиғаты жайында да сөз етіледі. Мəселен, «Көк - символикалық 
жағынан  тыныш  теңізді,  ұстамдылықты,  ақшыл  көк  немесе  көгілдір  -  үлкен 
сезімді, нəзіктікті, бейбітшілікті білдіреді» [18,10 бет]. «Ақ-қара» - жұбы бар мен 
жоқ, тірі мен өлі, жақсы мен жаман символы» [18,10 бет] деп беріледі. Осы жəне 
басқа  қазақ  тіліндегі негізгі түр-түс атаулары - ақ, сары, қоңыр, қызыл, жасыл 
түр-түстері  қатысатын  лексика-фразеологиялық  бірліктер,  мақал-мəтелдер, 
қанатты  сөздер,  көркем  шығармадағы  қолданыстар  зерттеу  жұмысының 
нысанына  алынады.  Яғни  қара  аспанды  төндіру,  аузына  ақ  ит  кіріп  көк  ит 
шығу,  көк  долы,  ала  құйын,  ақты  ақтай,  көкті  көктей  сапыру,  қаны  қараю 
секілді  тіркестердегі  түр-түстердің  когнитивтік  семантикасы  жөнінде 
баяндалады. Алдында аталған ғылыми еңбектерден кейін қорғалған кандидаттық 
диссертацияда,  яки  Р.Т.Лауланбекованың  «Түр-түс  номинативті  күрделі 
аталымдардың танымдық сипаты (сын есім + зат есім бойынша)» еңбегінде түр-
түс  компонентті  күрделі  аталымдардағы  ұлттық  дүниетанымның  тілдік  көрінісі 
жəне  оның  мағынасы  мен  таңбалық  қызметі  қарастырылады.  «Тіліміздегі  түр-
түстер  өздерінің  символикалық    қасиеттері  арқылы    түр-түске  мүлдем    қатысы 
жоқ  не одан  бүгінде тым алыстап кеткен  ұғым-түсініктерді, мəн-мағыналарды  
білдіреді» деп зерттеуші өз жұмысында осындай қорытынды жасайды [2, 27 бет].  
         Тілдік  құбылыстарды  зерттеудегі  этнолингвистикалық  аспект  қазақ  тілінің 
сөз  байлығындағы  əлі  де  бұрын-соңды  зерттелмеген  лексикалық  топ  -  қазақ 
тілінің  сакральды  (киелі)  лексикасы  болып  табылады.  Қазақ  тілінің  сакральды 
лексикасын  киелі  семантикасы  мен  қызметі  бар  магиялық  сөздер,  магиялық, 
киелі денотаттар атайтын адамдардың, заттардың, географиялық жəне ғарыштық 
нысаналардың, дене мүшелерінің, жануарлар мен құстардың  атаулары құрайды.  
         Осы  киелі  сөздерге  этнолингвистикалық  сипаттама  беру  жұмысын    тілші 
А.Керімбаев  өзінің  диссертациялық  зерттеуінде  кеңінен  қарастырады.  Оның 
«Қазақ  тіліндегі  сакральды  атаулардың  этнолингвистикалық  сипаты»  атты 
еңбегінде  сол    киелі  сөздердің    семантикасы  біздің  қарастырып  отырған 
символикалық  мағыналары    арқылы  да  қалыптасатыны  жөнінде  айтылған. 
Мысалы  соның  ішінде  ғалым  қазақтардың  төрт  түлік  малдарының  киелілігіне 
қатысты  əр  түрлі  əдет-ғұрыптардың,  салт-дəстүрлердің  таңбалық  мағыналарын 

 
131 
анықтаған. Төрт-түлік малдың бірі - жылқының символикасы өте бай жəне алуан 
түрлі.  «Киелі  ат»,  «тұлпар»    ұғымдарына  қатысты  сөздердің  киелі 
семантикасының  этномəдени  мəні  əдет-ғұрыптар,  салт-дəстүрлерде  айқындала 
түседі:  ат тұлдау, аттың басын кебіндеу, бəсіре мал, баланы үзеңгіден өткізу, 
боз  биенің  сүтіне  шомылу  жəне  басқа.  Сондай-ақ  сан  атаулары  да  қазақ  тілінің 
киелі  лексикасында  ерекше  орын  алады.  Ғалым  бұл  жөнінде  «қазақтардың 
сандық  символикасында  əлемнің  мифологиялық  тік  жəне  көлденең    моделі, 
болмыстың маңызды заңдылықтары орныққан  түрде бейнеленеді, сондықтан да 
бірқатар  сандар  киелі  болып  табылады»  [19,  24  бет]  деп,  ондай  сандарды 
фразеологизмдерде, 
мақал-мəтелдерде, 
жұмбақтарда, 
қазақ 
халқының 
ойындарында  тұрақтанғанын  сөз  етеді.  Мəселен,  «бір  саны  даралықты, 
жалғыздықты,  бірегейлікті,  ерекшелікті,  бүтіндікті,  бірлікті,  яғни  Аллаға  тəн 
қасиеттер  мен  сипаттарды  танытады.  Бір  санының  осы  мəндері  мына  сөз 
тіркестерінде көрініс тапқан: бір құдайға сыйынды, бірлік бар жерде тірлік бар, 
хақ  бір,  сегіз  қырлы,  бір  сырлы,  жалғыздық  құдайға  жарасқан,  бір  кіндіктен 
жəне  т.б.»  [19,17  бет].  Бір  саны  туралы  осындай  тұжырым  айтса,  ал  екі  саны 
жайында:  «Екі  саны  «таным  кілтін»  символдайды,  себебі  əлем  мен  оның 
заңдарын тану екі полярлық, қарама-қарсы жақтарды, əлем, болмыс, құбылыстар 
қасиеттерін,  белгілерін,  негіздерін  танып-білу  арқылы  жүзеге  асырылады. 
Мысалы, ақ пен қараны ажырататын адам, оң-солын танитын адам өмір көрген, 
осы  өмірде  тіршілік  ете  білетін  адам  болып  саналады»  дейді  [19,17-18бет]. 
Осымен қатар емшілік сипаттағы киелі мəтіндердің, табу сөздердің, материалдық 
(заттық)  киелі  нысандардың  атаулардың  жəне  т.б.  да  сөздердің  сакральдығын 
айқындаған.   
         Символ  мəселесіне  байланысты  зерттеулер  мақалаларда  да  сөз  етілген. 
Мысалы,  Ж.Жампейісованың  «Ақ»,  «Қара»  концептілерінің  кумулятивтік 
қызметі» [20], Б.Сарбасовтың «Оғыз қаған» жырындағы бөрі символикасы» [21], 
А.Ш.Жылқыбаеваның «Түркі тілдеріндегі тағам атауларының  символдық мəні» 
[22],  А.Смайыловтың  «Фразеологиялық  бірліктердегі  «əйел»  бейнесінің 
символдық  мəні»  тəрізді  мақалаларда  да  символдың  əр    түрлі  категориялары 
қарастырылған.  

 
132 
         Түркітануда  тағамға  қатысты  символикаға  аса  назар  аудартады,  себебі 
тілдің    басқа  лексикалық    топтарына  қарағанда,  аталмыш  тақырыптық    топта 
символдар  өте  жиі  қолданыс  тапқан.  Осы  мəселенің  аясында  зерттеу  жүргізген 
зерттеуші  А.Ш.Жылқыбаева  түркі  тілдеріндегі  тағам  символикасын  2  кешенге 
бөліп  көрсетеді.  Біріншісі  -  ішкі  этникалық.  Бұл  тағамның  коммуникативтік, 
ритуалдық  жəне  киелік  кешені.  Екіншісі  -  тағам  жүйесінің  этнотаңбалық 
қызметімен  байланыстылығы.  «Түркі  тілдерінің  тағам  жүйесінде  əсіресе  сүт 
жəне сүт тағамдарына қатысты  лексика үлкен символдық мағынаға ие. Аталмыш  
тілдерде  олардың  жалпы  атауы  «ақ»  лексемасы.  «Ақ»  түркі  халықтарында 
«пəктіктің,  тазалықтың»  символы»  [22,171  бет].  Бұл  тұста  түркі  халықтарында 
қасиетті  сусын  ретінде  саналатын  «қымыз»  сөзі  талдауға  түседі.    «Түркі 
халықтарында  қымызбен жуу рəсімі болған. Мəселен, «Манас жырында»:  
Ажалым жетіп өлген соң, 
Көзім жұмылып кеткен соң 
Қымызбен мені жуыңдар», -  
бұл жерден қымыздың тазартушы қасиетін байқауға болады [22,171 бет]. Бұған 
қоса мақалада түркі халықтарының төстік, яғни «төс табағы»  - аралық əлемдегі 
өмір  символы,  «шашу»  -  тəтті  өмірдің  символы,  «нан»  -  молшылықтың,  ұзақ 
өмірдің символы болып табылатыны жөнінде анықталады.  
         Ал  А.Смайыловтың  ҚазҰУ-нің  Хабаршысында  жарық  көрген  мақаласы 
əйел  лексемасына  қатысты  фразеологизмдердің  символикасын  қарастыруға 
арналған.  Мақалада  тілімізде  сұлулықты,  көркемдікті  білдіретін  тұрақты 
тіркестердің  ішінде  жоғарыда  аталған  əйел  лексемасына  байланысты  сөздер 
көрсетілген. Мысалы: 
-  «күн» мен  «ай» сөздеріне байланысты тұрақты тіркестер: күндей көрік, күндей 
сəулелі, ай десе аузы бар, күн десе көзі бар, ай қабақ, ай мен күндей, айдай сұлу 
т.б.  
-  «ақ» сөзіне байланысты тұрақты тіркестер: ақ жарқын, ақ жүрек, ақ көңіл, ақ 
иық  т.б.  
- «əйел» атауына байланысты антропонимдер тілімізде молынан кездеседі: «Хауа 
ана,  Айша  бибі,  Бибіш  ана,  Бибі  Патима,  Қарашаш  ана  т.б.  Бұл 

 
133 
антропофразеологизмдердің бойында белгілі бір уəжділік, бағалауыштық қасиет 
бар.  Оның  мəнін  түсіну  үшін  осы  антропонимдерге  қатысты  тілден  тыс 
ақпараттарды, аялық білімдерді игеру қажет» [23,142 бет]. 
Жерік  болу  тұрақты  тіркесі.  «Ертедегі  адамдар  жыртқыш  хайуандардан  қатты 
үрейленетін. Сондықтан ендігі  дүниеге келетін ұрпақтарының  өздеріне тартпай, 
сол хайуандардай қайратты, жүректі болуын тілеген. Əйелдер аяғы ауыр кезінде 
азулы  жыртқыш аңның етіне, жүрегіне жерік болса,  одан туған бала  сол аңдай 
айбатты,  қайратты  болады  деп  түсінген.  Сондықтан  тілімізде  арыстандай 
айбатты,  жолбарыстай    қайратты,  ер  жүрек  т.б.  ерліктің  символдық  мəнін 
білдіретін  тұрақты  тіркестер  кездеседі.  Мұның  барлығы  жерік  болу  
фразеологизмдерінің  ассоциативтік    мəнін  білдіреді»  [23,142-143  бет].  Бұл 
айтылғандар, бір жағынан, «сұлулық» концептісін құраушы фразеологизмдердің 
молдығын байқатса, екіншіден, символдық сипатты білдіреді.   
         Заттар  мен  құбылыстардың  семиотикалық  мəні,  ұлттық  символдар сипаты, 
мəдениеттің  этнотаңбалық  мəні  туралы  барынша  тұжырымды  көзқарастарды 
этнограф-ғалым 
М.С.Мұқанов, 
К.Ш.Нұрланова, 
Ж.К.Каракозова,  
М.Ш.Хасановтың  еңбектерінен  табамыз.  Символдың  көркем  əдебиетте 
қолданылуы, 
аударылуы 
мəселесіне 
ғалым 
Б.А.Жетпісбаеваның, 
А.Т.Бақтыбаеваның,  А.С.Айкулованың  т.б.  зерттеулері  арналған.  Аталған 
еңбектер  символдың  ұлт    мəдениетіне    тəн  ерекше  құбылыс  ретіндегі  күрделі 
табиғатын жан-жақты жəне терең зерттеуге мүмкіндік жасайды. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет