Актуальные вопросы специального и инклюзивного образования



Pdf көрінісі
бет88/101
Дата02.11.2023
өлшемі1,88 Mb.
#121431
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   101
Key words:
basis of life safety, danger, safety, error, children with hearing impairment, parents. 
Өмір қауіпсіздігін сақтау негіздері бағдарламасына сай «Қауіп және қауіпсіздік» тақырыбы 
бірінші сыныпта өмірге қауіп тудыратын түрлі жағдайлар кезінде нақты амалдар қолдан білу үшін 
міндетті түрде жүргізіледі. Тақырып материалдарын 2-4 сыныптарда меңгерілген білімді 
қорытындылап бекіту үшін қолдануға болады. Бірінші сынып оқушыларының өмірге қауіпті 
заттарды бағдарлауға жеткілікті дәрежеде тәжірибелері бар. Мысалы, балалар өздері біліп-білмей 
істеген қателіктері адамдарға қайғылы жағдайға, жарақаттарға, ауруларға, түрлі қиындықтарға 
себеп болатынын біледі. Бұл болған оқиғалар балаларға өмір қауіпсіздік негіздері 
бағдарламасының қажет екендігін түсіндіреді. Осыған орай психолог мамандардың зерттеулері 
бойынша бірінші сынып оқушылары үйде жалғыз қалуға, ауырып қалуға, өліп қалудан ойша қатты 
қорқады. Балалар құбыжықтардан, қорқынышты түс көруден, табиғи апаттар жайлы, жер сілкінісі, 
өрт және соғыс хабарларынан да қорқады. Орташа есеппен алғанда қыз балалар ұл балаларға 
қарағанда қорқақтық қасиеті жоғары екен. Кей жағдайда қорқыныш сезімі мектеп табалдырығын 


104 
аттамаған жеті жасар балаларда жиі байқалады екен. Осы кезеңдерге қарай балалардың 
эмоционалды сферасы, өзін басқа біреудің орнына қоя білуінәтижесінде қорқынышты қабылдай 
алады. Жеті жастағы мектеп қабырғасында оқып жүргенбалада қоқыныш сезімі төмендейді. Оның 
себебі мектеп оқушысының жаңа әлеуметтік көқарасының қалыптасуында. Ұстаздар өмір 
қауіпсіздік негіздері сабақтарында оқушыларының қауіп және қауіпсіздік жайында білімдеріне 
сүйене бір уақытта балаларға өз қорқыныштарын жеңуге, қауіп-қатерді дұрыс бағдарлай алуды 
үйретуі тиіс. Оқушылардың психикасына нұсқан келтірмеу үшін өмір қауіпсіздік негіздерін сақтау 
керек. Қауіп тудыратын факторлар қауіптен құтылудың мәліметтерімен сай келуі тиіс. Оқушылар 
қауіптің пайда болу себептерін біліп-бағдарлауға және сол қауіптен құтылу жолдарын 
қарастыруы тиіс. Сонымен қатар балаларды қауіп-қатердің факторларын біліп, сенімділік пен 
үлкендерді көмекке шақыруға дайындығы маңызды [1]. 
Сабақ барысында оқытудың әр түрлі әдістерін қолдануға болады. Олар: деректі фильм, 
суреттер, плакаттар, өмір қауіпсіздігі негіздері жайлы оқулықтар және т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет