57
қолданады. Мысалы, швейцариялық педагогтар оқытуда диалогті ұйымдастыру жағдайында
үйретеді. Диалогтің 2 моделін қарастырады: мұғалім және бала мәселені қалай шешу керек екенін
талқылайды; диалог-конференция.
Ресейде техника, өнер, ғылым секілді әр түрлі аймақтан білім мен біліктілікті біріктіру,
топтық форма, жұптық, жеке формаларды қолданумен баланың өз бетінше
әрекеті бағдарланған
диалогтік оқыту әдісі жасалады.
Ресейде заманауи кезеңде қоғамның өзгеруімен тұлғалық-бағдарланған оқыту ойымен
сәйкес тәсілдер өзгерді. Ресей білім беру саясатында басты міндет 2010 жылға дейін ресей білім
беру тұжырымдамасын өзгерту қалыптасқан, мемлекет, қоғам, тұлғаның перспективті және өзекті
қажеттілігімен сәйкес және оның түпкі негізімен сәйкес сақтау негізінде білім берудің заманауи
сапасын қамтамасыз ету. Маңызды тәрбиелік міндетке жатады: құқықтық және азаматтық
жауапкершілік, мәдениет және рухтылық қалыптасытыру, бастамашылдықты, өзбетінділікті,
шыдамдылықты, қоғамда сәтті әлеуметтендіру қабілеті және
еңбек аймағында белсенді
бейімделуді қадыптастыру.
Білім беру жүйесі кез келген қоғамның мемлекеттік құралының бөлігі боып табылады. Білім
беру болашақ азаматты дайындауға әлекметтік тапсырысты орындаумен сәйкес. Адамдардың
әрекетінің көпшілігінде соңғы жылдары өзбетінше табыс құруы талап етеді, білім беру жүйесі
балаға оқыту үдерісінің белсенді қатысушысы болуға мүмкіндік береді. Оқушының белсенділігі
оқыту барысында баланың бастама пікір білдіру көлемін көбейтуді болжайды.
Дәстүрлі педагогтар диалогті жүргізуге балаларды оқыту қажеттілігін мойындайды.
Педагогикалық ғылымда «Тіл дамыту» бөлімінде диалогтік сөйлеу тілін (сұрақ және жауап)
қалыптастыру мәселесін қарастырады. Осы бөлімнің басты міндеті байланыстырып сөйлеу тілін
дамыту болып табылады. Бұл келесі жағдайлармен түсіндіріледі: біріншіден,
байланыстырып
сөйлеу тілінде тіл мен оның негізгі қызметі коммуникативтілік жүзеге асырылады, екіншіден, онда
баланың ақыл-ой мен тілдік дамуының өзара байланысы айқын көрінеді, үшіншіден,
байланыстырып сөйлеу тілі тілдің фонетикалық жүйесін, грамматикалық қатарын, сөздік қорды
қалыптастыру міндеті бейнеленеді.
Мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасы байланыстырып
сөйлеу тілінің диалогтік және монологтік формасын қарастырады. Диалогтік сөйлеу тілін дамыту
бойынша жұмыс қарым-қатынас үшін қажет біліктілікті қалыптастыруға бағытталған [2].
Сұрақ қою біліктілігін қалыптастыру міндеті мектепке
дейінгі оқыту мен тәрбиелеу
бағдарламасымен сәйкес. Сұраулы сөйлемді қалыптастырудың басты тәсілі алдымен мұғалімнің
сұрағын қайталауымен қалады.
Педагогикалық әдебиеттерде сұрақтар өздері орындайтын ойлау-сөйлеу міндеттеріне
байланысты іздеу және репродуктивті болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: