82
- буын қосу (қарағаш–қарағағаш);
- буындарды ұқсастыру (рарамал-орамал);
- буын, дыбыстардың орнын ауыстыру (ас-қа-бақ – аспабақ).
Кейбір балалардың сөздің буындық құрылысының бұзылатындығы байқалады. Бұндай
балалар сөйлеу тілінде сөздің дыбыстары мен буындарының орындарын ауыстырып шатастырады
немесе мүлдем айтпай түсіріп қалдырады немесе керісінше артық дыбыстарды және буындарды
қосып алады. Мысалы, “ескек” сөзін “екесек” деп, “кітап” - “каптап”, “бұтақ” - “бақ” деп
өзгертеді. Осының барлығы сөздің құрамындағы буындардың және дыбыстардың шатасып, сөздің
буындық құрылысының бұзылғандығын көрсетеді. Бұндай жағдайлар әсіресе үндестігі жағынан
ұқсас дыбыстардың қатар келуінің салдарынан немесе қос сөзден құрылған күрделі тіркестердің
қиындығынан жиі болады. Сондықтан баланың сөйлеу тілін тексерген кезде берілетін
тапсырмадағы сөздерді үндері ұқсас дыбыстардың, сөздердің, қос сөзді қиын тіркестердің, сөздің
басында, ортасында, соңында дауыссыз дыбыстардың қатар келіп айтылуын қиындататын
құрылысы әр түрлі буындардан тұратын сөздерден іріктей білу қажет. Бала алдымен бейнелі
суреттегі көрсетілген оқиға желісін өз сөзімен өз бетінше айтып береді, сосын айтқан сөзін
қайталайды. Балаға берілген бейнелі суретте тексеруге пайдаланатын сөздер көптеп кездесетін
болу керек. Мысалы, кітап, дәптер, ескек, милиционер, шар, бұтақ, бала, тарақ, жапалақ, теңіз,
терезе, бүлдірген, қарлығаштар, т.б.
Тексеруге қажет сөздер мектептің немесе мектепке дейінгі мекемелердің бағдарламасына
сәйкес құрастырылады. Сонымен қатар сөйлеу тілі бұзылған балаларға сөздік-буындық құрамы
қолжетерлік, қолайлы болуын ескеру қажет. Тексеру қорытындысын талдау барысында сөз
қорында қандай лексикалық топтардағы сөздерді қолданбайды, алмастырады, қандай сөздерде
қателер кездесетініне көңіл бөлу керек.
Буындық талдау мен жинақтауын тексеру:
1) Сөзді буындарға бөлу (шапалақтап, тақылдатып). Қолдың оң
жақтан солға қарай және керісінше сол жақтан оңға қарай қимылымен
буынға бөлу. Алақанмен аятыңғы иектің қозғалуын қадағалап, буынға
бөлу.
2) Сөздегі дауысты дыбыстарды табу (атау). Сөзде қанша дауы-
сты дыбыс болса, сонша буын болады.
3) Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату – логопед дыбыстарды (дауысты,
дауыссыз) айтқан кезінде балалар керекті дыбысты естігенде жалауша көтереді (сөздегі дауысты
және дауыссыз дыбыстарды атау, дауыссыздарды айтқандағы кедергілерді түйсініп айту).
Буындағы дауысты дыбысты атау: ах, ус, ма, да, кра, аст, зол.
а) буындағы тек дауысты дыбысты ата;
ә) буынның дауысты дыбысына сәйкес әріпті көтер;
в) буындардың тек дауысты дыбыстарын жаз;
г) берілген дауыстымен буын ойла.
ғ) буындағы дауысты дыбыстың орнын тап және сәйкес әріпті
көрсет.
д) дауысты дыбыс 1-ші, 2-ші, 3-ші орында тұратын буындар айт.[6]
Бастапқы кезде жеңіл тапсырмалар беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: