Актуальные вопросы специального и инклюзивного образования



Pdf көрінісі
бет84/95
Дата15.02.2023
өлшемі1,88 Mb.
#68090
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   95
Дәріс мақсаты: 
a) Оқушыларда «қауіп», «қауіпсіздік», «қауіпті жағдай», «астыртын жағдайлар», «қауіпсіздік 
ережелері» туралы түсінік қалыптастыру; 
b) Оқушыларды өмірдегі қауіпті жағдайларды бағдарлай білу дағдыларын дамыту; 
c) Қауіпсіздік ережерін сақтауға ынталандыру. 
«Қауіптілік» түсінігін қалыптастырудың әдістемелік материалдары. 
Қауіптілік көріністері бар соның ішінде үтік, автокөлік, улы саңырауқұлақ, қолшатыр және т.б. 
дұрыс емес қолдануыбейнеленгенфотосуреттерді талқылау ұйымдастырылады. Сұрақтар 
қойылады: 
-Қандай заттар қауіпті болуы мүмкін? 
-Қандай заттарды ұстау қауіпті? (ашық электр тоғы, ашулы ит т.б.) 
-Қандай заттарды дұрыс емес қолданғанда зиянды? (үтік,ине, электроплита т.б.).
-Сіз қандай қауіпті заттармен өздігінен қолдана аласыз? 
-Сіз қандай қауіпті құралдарды үлкендердің көмегімен қолдана аласыз? 
Педагог сабақ барысында қауіпті әр түрлі заттарды атайды немесе суреттерін көрсетеді, ал 
оқушылар телефон ас үй пышағы, шам, айна, жылан, найзағай, кірпіш, шеге т.б. заттардың атын 
естігенде қолдарын көтереді. Сабақ барысындаоқушыларда қауіпсіз заттардың қауіпті болуы 
мүмкін деген түсінік қалыптасады. Мысалы: егер оқ дәрі дайындау тәсілі көрсетілген кітап есі 
дұрыс емес адамның қолына түсетін болса, ол адам өзі немесе өзгені жарақаттауы мүмкін. 
Сонымен қатар қауіпті заттар өткір пышақ, электроүтік және т.б. заттарды ережеге сай қолданған 
адамдарға ол қауіпті емес.
Тапсырма: үй ішіндегі (көшеде,аулада, орманда, мектепте т.б.) қауіпті заттарды атап көрсету. 
Оқушылар тарапынан қиындықтар туындаған жағдайда қойылатын қосымша сұрақтар: Орманда, 
жағажайда, қалалық паркте, мектепте не қауіпті болуы мүмкін? Оқушылардың жауаптары: әдетте 
қауіпті заттар деп адамға, қоғамға зиян келтіретін мәселелерді атаймыз. Алайда көптеген 
нысандарды дұрыс пайдаланбаса за зиян тигізуі мүмкін. [2]. 
 Қауіпті жағдай» түсінігін қалыптастыруға арналған әдістемелік материалдары.
Балаларға қауіпті және кейбір жағдайда қауіпсіз болатын жағдайларды анықтауды сұрайды. 
Мұғалім оқушылардың өмірінде болатын бірнеше қауіпті жағдайларға (бала парк ауласында 
велосипед теуіп жүруі, жаяу жүргіншілер жолына шығып кетуі, автокөліктер жолына шығып кетуі 
және т.б.). Оқушыларға қауіпті жағдайларды қауіпсіз болу үшін талқыланатын материалдарға 
өзгерістер ұсыныстар енгізу ұсынылады. Осыдан кейін тұрмыс жағдайының өзгерінен пайда 
болатынқауіпті жағдайлар ұсынылады (қауіпті жағдайдың сипаты). Мысалы, әйел адам аулада 
қол арбамен жүреді; үй ауласына ауыр жүк машинасын мас күйдегі жүргізуші жүргізіп келді; үй 
төбесінен жаяу жүргіншілер жолына қар құлайды және т.б. Мұғалім қауіпті жағдайларды атағанда 
оқушылар қолдарын көтеріп қауіптілік жағдайын айтады.Қажет болғандақауіпті-қауіпсіз заттарды 
анықтауда оқушылардың мұғалімгесұрақтар қоюына тура келеді. Мұғалім оқушыларға қауіпті 
және қауіпсіз жағдайларға мысал келтіруге тапсырма береді. Балалар кезекпен өз мысалдарын 
айта бастайды. Осыған орай қауіпті жағдайлрды талдағанда мынандай сұрақтарға жауап беру 
керек:
-Кім немесе не қауіп төндіреді? (ит, ұры, өрт) 
-Қалай қауіп төндіреді? (тістейді,күйдіреді т.б.) 
-Кімге қауіп төндіреді? (балаға, ер адамға, тұрғындарға) 
-Неге қауіп төндіреді? (денсаулыққа,өмірге, материалдық құндылықтарға) 


105 
Ерекше жағдайларды талдай отырып, балалар тәуекел факторларын және мүдделерін, 
құндылықтарын көруге үйренеді. Мына факторлардың қайсысы қауіпті: улы саңырауқұлақ 
қосылған сорпа (денсаулыққа және өмірге қауіпті), аггрессивті иттің адамға ұмтылуы 
(денсаулыққа қауіп төніп, киімін жыртуы мүмкін), ұрының пәтерге кіруі (мүліксіз қалдыруы) т.б. 
[3]. 
Оқушылардың қауіпті факторларды қауіпті жағдайдан ажырата алуы үшін қандай жағдайда қауіп 
төнетінін анықтау ұсынылады (өзеннің тасқыны кезінде зардап шеккен аралдар, су тасқыны 
кезінде ауылды су алып үйлрдің жойылуы; елсіз аралдарда вулканның жарылып мұхитқа ағуы; 
тайгадағы найзағайдан кейін ағаштар бұтасыз қалды; найзағайдың әсерінен фермердің сиырлары 
өлуі т.б.). Қауіпті факторлардың болуы әрқашан қауіпті жағдайдың пайда болуын білдірмейді. 
Адамдарға, адам топтарына, өмірге, заттарға қауіп төндіредідеген қорытындығы келеміз. 
Төтенше жағдай түсінігін қалыптастыру үшін әдістемелік материалдар.
Өрт болып жатқан қонақ үйдің, су тасқыны болып жатқан ауылдың, жер сілкінісі болып жатқан 
қаланың, кәсіпорындағы жарылыстың, жағажайдағы цунамидің, авиалайлердегі апаттың суреттері 
бейнеленген материалдар қолданылады.
Төмендегідей сұрақтар талқыланады: 
-суретте не бейнеленген? 
-адамдарға қандай қатер төніп тұр? 
-кімге қауіп төніп тұр? 
-қандай зардап шегуі мүмкін? 
-суретте көрсетілген адамдар өздерін қалай ұстап тұр? 
Балаларға суретте төтенше жағдайлар бейнеленгендігі ескертіледі. Төтенше жағдайда бір мезгілде 
бірнеше адамға қауіп төнеді деген қорытындыға келеміз. Мұғалім суреттер арқылы түрлі 
жағадйларды сипаттайды ал балалар төтенше жағдайлар жайлы айтылғанда қолдарын көтереді. 
Далада нөсер жауын жауып тұр; жауған қалың қар қаладағы жол қозғалысын тоқтатты; теңіз 
толқындары желкенді кемені шайқады; жер асты дүмпуінен кейін қала жойылды; жартастың 
шетімен жүріп бара жатқан бала; жартас шетінде көшкін пайда болып бірнеше үй зардап шекті; ер 
адам темекіні орманға лақтырды; түскен темекіден ормандағы шөптер өртеніп кетті; тайгада 
болып жатқан өрт жүз гектар ауданды құрады. Балаларға неге осы немесе басқа мысалдарды 
қауіпті және төтенше жағдайларды жатқызатынын түсіндіреді. Бекітуге арналған сұрақтар: 
-төтенше жағдайдың қауіпті жағдайдан айырмашылығы қандай? 
-төтенше жағдай және қауіпті жағдайдың ортақ қасиеті қандай? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет