113
• Оқушылардың өз бетімен дайындығына жетекшілік ету және тәрбиеші жақтан жеке көмек
көрсетілуі керек;
Аталған дайындықтың түрлері күн тәртібімен сәйкес, түскі астан кейінгі қосымша
демалыстан кейін жүргізілуі қажет.
Осы жаста өз бетімен дайындық уақытында
білім беру, тәрбие, түзету міндеттері шешіледі.
Естімейтіндердің үй жұмысын орындауға формальдық қарым-қатынас белігеленеді. Үй жұмысын
орындаудың негізгі міндеттері балаларды өз бетімен жұмыс тәсілдерін үйреткенде ғана бекітіледі.
Қажетті лексиканы үйрету арқылы тәрбиеші жаңа білімді бекітеді. Үй жұмысын орындау кезінде
соған жақын жағдай жасау керек. Тапсырманың белгілі бәр бөлігін орындағаннан кейін, баламен
пікір алмастырылады. Үй жұмысын орындау уақытында тәрбиеші ауызша және жазбаша
жұмыстарды өзара тексеріп, үлгерімі төмен оқушыларға көмек көрсету керек. Үй жұмысын
орындаудың қорытындысы жайында тәрбиеші сурдопедагогқа хабарлау керек.
Естімейтін
балаларды оқыту, тәрбиелеу және дамытудың бұзылыстарын түзету
міндеттерін жүзеге асыру үшін арнайы әдістер мен білім беру технологиялары қолданылады.
Оқыту технологиялары қойылған міндеттерді жүзеге асыру кезеңдерін қарастырады.Арнайы білім
беру технологиялары туралы айтқанда оқыту әдістерін де қарастыру керек.
Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар адамға білім беру процесінде арнайы педагогика
арнайы білім беру технологияларын, оқыту әдістері мен тәрбие әдістерін қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: