Актуальные вопросы специального и инклюзивного образования


The content of aesthetic education of children of preschool age



Pdf көрінісі
бет77/95
Дата15.02.2023
өлшемі1,88 Mb.
#68090
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   95
The content of aesthetic education of children of preschool age 
In the article theoretical basics of esthetic education of children of preschool age with violations of the 
speech are covered. Esthetic education is a purposeful, systematic process of impact on the identity of the child for 
the purpose of development of ability in him to see beauty of the world around, art and to create her. 
Keywords: children of preschool age, esthetic education, principles of education, esthetica 
Қазақстанда білім беру жүйесінің құрылымы мен мазмұнын қазіргі таңдағы өзгермелі 
талаптарға, мемлекеттің даму болашағына сай жаңарту және оны әлемдік білім кеңістігіне 
кіріктіруге бетбұрыс жасалуда. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 
заңында, «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту 
тұжырымдамасында» мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде мәдени және шығармашылық 
бағыттағы оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға жағдай жасау, рухани және күш-қуат 
мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауттылықтың берік негіздерін қалыптастыру мәселелері 
қойылған.Мектепке дейінгі білім беру үрдісі – білім берудің алғашқы баспалдағы болып 
табылады. Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың 
мемлекеттік бағдарламасында мүмкіндігі шектеулі мектепке дейінгі балалардың білім алуына 
басым көңіл бөлінген.
Өскелең ұрпақтың эстетикалық талғамын қалыптастыру мәселесі бойынша Әл-Фараби, 
Қ.А.Ясауй, Ж.Баласағұни, А.Байтұрсынов, Ж.Аймаутов, М.Жұмабаев т.б. еңбектерінде негізгі бір 
арқау болған [1]. 
Зерттеудің жалпы педагогикалық теориялық және әдіснамалық негіздерін қалаған ресейлік 
ғалымдар Г.Н.Волков, М.Н.Скаткин, Л.С.Выготский, Л.Н.Леонтьев, Л.М.Зюбин, А.Сухомлинский, 
т.б. еңбектері ерекше маңызға ие [2]. 
Сонымен қатар оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру мәселесіне елеулі мән 
берген С.Ұзақбаева, Б.Әлмұқанбетов, А.А.Қалыбекова, Е.Омар, С.С.Тілеуова, Қ.Сарбасова, 
Р.К.Дүйсенбинова, Д.А.Кемешев,С.А.Жолдасбекова, А.Ж.Нуралиева А.Қ.Ералина, И.В.Коваленко 
және т.б. ғалымдардыңда еңбектерін атауға болады [3].
Уақыт талабына сай әлеуметтік өзгерістер мен қоғамдағы өндірістік қатынастардың дамуы оқу-
тәрбие талабы жаңғырып, өзгеріп, дамып отыруына әсер етіп отыр. Бұл тұрғыда философиялық, 
психологиялық және педагогикалық тақырыптағы ғылыми зерттеулер кеңінен арналған.
Дегенмен мектепке дейінгі балаларды эстетикалық тәрбиелеу педагогикалық-психологиялық
ғылыми-теориялық жағынан негізделген әдістемелік мазмұны әлі де зерттеуді қажет етеді.
Демек, мектепке дейінгі балаларды эстетикалық тәрбиелеу қажеттілігі мен оның теориялық 
негізделуінің және әдістемелік жабдықталуының жеткіліксіз деңгейде қарастырылуы арасында 
қарама-қайшылық анық байқалады. 
Зерттеудің мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларды эстетикалық тәрбиелеу жолдарын 
анықтау.Эстетикалық бастама дәстүрлі тұрмыста, күнделікті іс-әрекетте көрініс тауып, ондағы 
сұлулық пен мейірімділік ұғымдары қатар қойылды. Эстетика ғылымын қалыптастыруда Әбу 
Насыр әл-Фараби “Музыканың үлкен кітабы”, “Поэзия өнерінің каноны туралы трактат”, “Поэзия 
туралы кітап” атты еңбектерінде эстетикалық болмыс пен таным туралы терең пайымдаулар айтты 
[4]. Қазақтың төлтума эстетикалық мәдениеті хандық дәуірінде қалыптасып, ақын-жыраулар 
эстетикасының құндылығы шығарманың көркем мазмұнымен ғана емес, сонымен бірге дәстүрлі 
қазақ қоғамындағы қуатты әлеуметтік-мәдени орнымен және қызметімен айқындалады. 
Сондықтан оларға халық жаппай ілтипат білдірген. Ақын-жыраулар толғауларында бүкіл қазақ 
халқының ой-арманы мен эстетикалық талғам-түсініктері шынайы бейнеленген. 
Қазіргі кезде қоғамда жас ұрпақты өнердің барлық салаларында яғни: адамның өмірі мен
тұрмысындағы, еңбектегі,көркем өнердегі, табиғаттағы сұлулық пен әсемдікті көре білетін
сезе білетін, бақылай алатын және оларды өзі де жасай алатын азамат етіп тәрбиелеу, міндеті 
тұрады. 
“Эстетика” грек сөзі, яғни, сезім, түйсік деген мағынаны білдіреді. Олай болса, эстетика-
өмірді сезім арқылы танып, білудің негізгі жолы. Эстетикалық талғамы биік, сезімтал бала
еңбектегі әдемілікті,табиғаттағы, өнердегі сұлулықты танып, оны сүйе, қастерлей білетін болады. 


98 
Демек, мектепке дейінгі балалардыңэстетикалық талғамын қалыптастыру мынадай бағыттар 
бойынша жүргізіледі: ертегілер, әңгімелер, музыка, сурет салу, көркемдік, сұлулық сипатының 
тәрбиелік маңызы және т.б. Балалардыңпсихологиялық сезімдері олардың өміріне зор 
міндетатқарады.Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу баланың рухани өмірін байытады, 
қызғылықты етеді. Баланың эстетикалық талғамын қалыптастыруға еңбек, қоғамдық қатыныстар, 
қоршаған орта, тәртіп, тұрмыс, табиғаттың да әсемдік жақтары ықпал етеді. 
Эстетикалық тәрбиені қалыптастырудың өзіне тән міндеттері бар. Олардың бірі эстетикалық
сезімді және эстетикалық талғамды қалыптастыру. 
Эстетикалық талғам адамның өмірі, іс-әрекеті, тәжірибесімен органикалық байланысты. 
Сондықтан баланың жан-жақты, үйлесімді дамуын қалыптастыруды “әдемілік заңы” бойынша
құруға тырысуы қажет. 
Эстетикалық талғамның басты мақсаты табиғаттағы, өмірдегі, еңбектегі, өнердегі ең
жақсыны қабылдау. Эстетикалық талғамбаланы дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге 
үйретеді. 
Эстетикалық тәрбиенің негізгі мақсаты адамның эстетикалық мәдениетін қалыптастыру болып 
табылады, оған келесі компоненттер кіреді: Қабылдау - көріністердің кез-келгенінде, табиғатта, 
өнерде, тұлғааралық қарым-қатынаста әдемі көріну қабілеті. Сезімдер – әдемілікке баға беру 
эмоциясы. Қажеттіліктер - талдау және әдемі жасау арқылы эстетикалық тәжірибені жинақтау. 
Талғам - бұл қоршаған ортаның көріністерін оның эстетикалық мұраттарға сәйкестігі тұрғысынан 
бағалауы және талдауы. Идеалдар - табиғатта, адамда, өнерде сұлулықтың жеке көрінісі болып 
табылады. 
Эстетикалық тәрбиелеу құралдары: бейнелеу өнері (кескіндеме, мүсін); драматургия (театр); 
сәулет; әдебиет; теледидар, БАҚ; түрлі жанрдағы музыка; табиғат.
Әдістер мыналарды қамтиды: жеке мысал; әңгімелер; балалар бақшасында, клубтарда, 
студияларда, мектеп сабақтары мен сабақтары; экскурсиялар; театрға, көрмелерге, мұражайларға, 
фестивальдерге бару; тақырыптық кештер, ертеңгіліктер және мектепке дейінгі оқыту мен 
тәрбиелеу мекемелері.
Сонымен қатар эстетикалық тәрбиені мына қағидаларды негізге ала отырып қарастырамыз.
1. Ынтымақтастық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет