Педагог қызметінде өз пәнін жетік білу және оқытудың әдіс-тәсілдерін жақсы меңгеру маңызды ма, әлде оның педагогикалық мәдениеті мен өмірлік ұстанымы маңызды ма?
«Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр – сырын меңгермейінше, педагог ұстаздық шеберлікке қолы жетпейді».
К.Д.Ушинский
Педагогикалық әдеп
– мұғалімнің ең етене кәсіптік белгісі
Педагогикалық шеберлік
Педагогикалық шеберлік дегеніміз:
педагогтың пәнді жетік білуі
оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-
тәсілдерін міндетті түрде білуі
педагогтың өмірге деген
көзқарасы
педагогикалық әдеп
Педагогикалық шеберліктің негізгі белгілері
Кәсіптік білім
Біліктілік
Дағды
Кәсіптік қабілет
Педагогикалық әдеп
Педагогикалық техника
Педагогтың бойында қандай этикалық қасиеттер болуы керек?
Педагогикалық этикада ұстаздың адамгершілік қасиеттері қоғамдық құндылыққа айналады, бұл қасиеттерсіз мұғалімнің басқа да кәсіби қасиеттері мен икемділіктердің құндылықтары жойылады. Зияткерлік және психологиялық қасиеттермен бірге жауапкершілік, абырой, әділеттілік, шынайылылық, ар-ұят, қарапайымдылық сияқты қасиеттер педагогикалық беделдің негізгі құрауыштары болып табылады.
«Нағыз тәрбиеші ұстаз бойында он екі тума табиғи қасиетті меңгерген дана адам болу керек».
Әл-Фараби
Педагог пен оқушының жеке әлеуметтік-психологиялық өзара қарым-қатынасындағы педагогикалық әдептің алатын орны
Бірінші сыныпта оқитын Айдын сабақтан кейін мұғалімнің үстеліне таянып: “Білесіз бе, мен Сізден кеңес алайын деп едім....” деп сөзін бастап еді, мұғалім: “Сен мұғалімнің алдында қалай тұрсың?” – деп ашуланады, содан кейін ғана: “Менен не сұрайын деп едің?” – “Жоқ, ешнәрсе” – деп Айдын түнере жауап береді де, сыныптан шығып кетеді.
Педагогикалық жағдайлар
Жетінші сыныпта оқитын Айгүлге келген хат мұғалімнің қолына тиеді. “Төлегеннің түрі!” – деп, ұстаз хаттағы қателерді түзей бастайды. “Төлеген” сыныптан атып шығады да, мектепке келмей қояды.
Педагогикалық техника - педагогтың бойындағы тәрбиеленушілерге ықпал жасайтын икемділіктер кешені
Педагогикалық техника - педагогтың бойындағы тәрбиеленушілерге ықпал жасайтын икемділіктер кешені
Педагогикалық техника дегеніміз:
дұрыс және мәнерлі сөйлеу икемділігі (сөйлеу мәдениеті, оның эмоционалдық мінездемесі, интонация, сенім туғызуы);
жест және мимиканы, пантомимиканы қолдана білу икемділігі;
өзінің психикалық жағдайын – сезімдерін, көңіл-күйін - басқара алу икемділігі;
өзін-өзі сырттай көре алу икемділігі (әлеуметтік перцепция).
Педагогикалық техника педагог іс-әрекетінің ішкі мазмұны мен сыртқы көрінісінің үйлесімді бірігуіне ықпал жасайды
Педагогтың
киімі
эстетикалық
жағынан
әсерлі, әдемі,
жарасымды
болу керек
Педагогтың шаш
үлгісі де,
киген киімі де,
таққан
әшекейлері де
балаға ықпал ету
мақсатында
таңдалу керек
Педагогтың
жүзі жайдарлы,
қозғалыстары
жинақы болғаны
дұрыс.
Педагог
өзіне-өзі сенімді
болуы керек
Сауалнама “Кекшілсің бе?”
Мақсаты: Бұл тест сіздің адамдармен қарым қатынастағы қаншалықты кек сақтауыңызды сынайды. Сұрақтарға жауап бере отырып, өз проблемаңызды біреуге арттырып қоясыз ба әлде өзіңіз шешесіз бе?
1. Сіз әдетте өзіңіздің проблемаларыңыз бен сәтсіздіктеріңізді әріптестеріңізге айтасыз ба?
А) жоқ, бұл маған көмектеспейді - 3
Б) иә, бірақ бәріне емес, өзіме жақын адамдарға ғана айтамын – 1
В) әр кез емес, әркімнің өз ісі бастан асады -2
2. Сіз өзіңіздің сәтсіз ісіңізге қатты қапаланасыз ба?
А) иә, өте қатты - 4
Б) жағдайға байланысты - 0
В) барлық сәтсіздіктің ерте ме, кеш пе соңы бар - 2
3. Сіз бір нәрсеге өте қатты ашулысыз. Бұл жағдайда сіз не істейсіз?
А) ұнатқан ісімен айналасып кетемін - 0
Б) жақын достарыма барамын – 2
В) өзімді өзім аяп, үйде отырамын – 4
4. Жақын әріптесіңізбен ренжісіп қалдыңыз. Сіз не істейсіз?
А) үндемей қаламын - 3
Б) түсіндіруін талап етемін - 0
В) мені тындайтын адамға бәрін айтып саламын- 1
5. Сіз бақытты сәтіңізде ...
А) мүлде еш жамандық туралы ойламаймын - 0
Б) бақыттың тез кететіні өкінішті - 3
В) өмірдің ащысы мен тұщысы бар екенін ұмытпаймын -5
6. Сіздің психологқа өз көз қарасыңыз?
А) оның көмегіне жүгінбегенді қалаймын – 4
Б) олар көп адамдарға көмек көрсетеді деп ойлаймын – 2
В) адам өз-өзіне көмек көрсете алады – 3
7. Тағдыр, сіздің ойыңызша ...
А) үнемі мені сынайды – 5
Б) маған әділ емес – 2
В) менің жағымда - 1
8. Сіз жақын әріптесіңізбен ренжісіп қалдыңыз. Уақыт өте, ашуыңыз тарқаған соң не істейсіз?
А) бізді байланыстырған жақсы сәттерді еске аламын - 1
Б) өшімді алуды естен шығармаймын – 2
В) оның жағымсыз қылықтарын қайта- қайта есіме ала беремін – 3
7 – 15 ұпай, Сіз сәтсіздіктерді де, қиындықты да түсіне білесіз. Себебі өмірдің жақсыдан да жаманнан да тұратын білесіз. Ең бағалысы сіз өзіңізді аямайсыз. Сіздің ішкі жан дүниеңіз мақтауға тұрарлық.
16 – 26 ұпай, Сіз жиі өз өміріңізге налисыз. Өз проблемаңызды сыртқа шығаруға асығасыз. Сіз міндетті түрде өзіңізді біреудің аяғанын қалайсыз.
27 – 36 ұпай, Сіз өз сәтсіздіктеріңізбен күресе алмайсыз. Сондықтан да сәтсіздіктер сізде жиі кездеседі. Мұндай жағдай тек қана сізде емес. Қиын сәтте жақсы нәрсені ойлауға тырысыңыз
“Ұстаздарға жаднама”
1.Мұғалімнің биік те, абзал атына лайық болыңыздар. Жеке адам ретінде қалыптасу жолында жеке ұстаздардан тәлім алатынын ұмытпаңыздар.
Отанға адал қызмет етулеріңіз, сіздердің еңбекке деген көзқарастарыңыз, сіздердің азаматтық батылдықтарыңыз және сіздердің адамдар арасындағы тәртіптеріңіз өздеріңізден тәлім алатындарға мұра боп қалатындай болсын!
2.Оқушыларды сыйлаңыздар . Олардың ар – намысын қорғап, дамытып отырыңыздар,Бойында ар – намыстың дамуымен қоса жақсы қасиеттер өріс алады.Ар – намысты сақтаңыздар. Ар – намысын сақтай білмеген ұстаз, тәлім – тәрбие бере алмайды.
3.Өз артықшылықтарыңызды баса көрсетпеңіздер.Оқушылар сіздердің мұғалім, тәлімгер, үлкен, тәжірибелі және өздеріне қарағанда көп құқыққа ие екендеріңізді ұмытпайды, бірақ ол туралы жиі ескерте бергенді ұнатпайды. Сіздердің оқушылармен өзара қарым – қатынастарыңызда аралық шек болуы қажет екенін жоққа шығармаймыз,бірақ ол аралық шек өте алмас кедергіге айналып кетпесін.