Жаңа туған нәрестеге күтім жасаудың негізгі кезеңдері оның жатырдан
тыс өмір жағдайына ойдағыдай бейімделуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Бұл кезеңдерді есепке алмау салдарында жаңа туған нәрестенің бойында
қиындықтар туындап, инфекциялардың дамуына әкеліп соғуы мүмкін.
1. Нәрестені дүниеге келген сәтінде бірден жылы жаялықпен құрғатып,
сүртіп анасының ішіне жатқызады («теріні теріге тигізу»). Нәрестенің басына
телпегі, аяғына шұлығы кигізіледі. Анасының ішіне жатқызылған нәрестені
алдын ала жылытып, әзірлеп қойған жаялықпен және көрпешемен жауып,
орайды.
2. Нәрестенің кіндігі ол дүниеге келген сәттегі 1-ші минуттың соңында
кесіледі, бұл кезде нәрестені анасының кеудесіне жатқызу керек.
3. Кіндік кесудегі мейлінше тиімді әрі арзан тәсіл – зарарсызданды-
рылған резеңке, сол сияқты пластмасс қысқыш пен Роговин қапсырмасын
қолдануға да болады.
4. Дәрігерге қаралмаған не АИТВ жұқтырған әйелдерді босандыру бары-
сында нәрестенің кіндігін кесуде, қанның шашырауынан сақтану үшін кіндік
үстіне алдын ала шағын дәке таққан дұрыс.
5. Дүниеге келгеннен кейін бір сағат өткенде анасының ішіне жатқызылған
нәрестеге көз қарығуының (конъюнктивит) алдын алу амалдары жасалады.
Босану залында 1%-дық тетрациклин жақпа майын жағуға рұқсат беріледі.
Көзге май жағу процедурасын ана мен бала арасында көздік байланыс ор-
наған соң ғана жүргізген дұрыс.
6. Шырышты сору физиологиялық шара болып табылмайды, ол тек
дәрігердің көрсетуімен ғана орындалады (қағанақ суы нәресте тоңғағы-
мен (меконий) не қанмен барынша ластанған болса).
7. Нәрестенің бойында геморрагиялық аурудың (қанағыштық дерт) туын-
дауының алдын алу үшін К дәруменін енгізу ұсынылады.
8. Нәресте дүниеге келген соң екі сағаттан кейін оның салмағын өлшеп,
толық тексеріп қарауға болады. Нәрестенің кіндігін зарарсыздандырылған
(стерильді) майлықпен сүрту керек. Кіндікті басқалай өңдеп, тазартудың
қажеті жоқ. Нәрестенің терісіндегі шырышты ылғалды қалдыру керек. Ол
27
нәрестенің терісін зақымданудан және инфекциялардан қорғап тұратын
физиологиялық қабыршық болып табылады.
9. Нәрестені алғаш рет анасының кеудесіне салып, емізуді босану пала-
тасында, ана мен бала толықтай дайын болғанда, әдетте нәресте дүниеге
келгеннен соң 40-60 минуттан кейін бастаған дұрыс. Медицина қызметкер-
лері бұл процесті бақылауға алып, ананың әрекеттері дұрыс екендігіне көз
жеткізуі керек.
10. Егер анасы седативті препараттар әсерінен шыға алмаса немесе
болдырап, шаршаған болса, медицина қызметкерлері нәрестеге анасының
омырауын бірден тауып, еме бастауына көмектесуі керек.
11. Нәресте дүниеге келген сәттен бастап, алғашқы емізу аяқталғанша
нәресте анасымен бірге болғаны дұрыс, бұл тұрғыда медициналық қызмет-
керлер ана мен баланың өзара тығыз байланыс орнатуына жағдай жасау керек.
Жаңа туған нәрестені анасының денесіне жатқызып, «теріні теріге тигі-
зу» әдісінен бастап, алғашқы емізуге дейінгі шаралар (босану палатасында)
нәресте ағзасын анасының микрофлорасымен толықтыруға ықпал етеді,
былайша айтқанда, нәрестенің болашақ тіршілік ортасына сай штаммдар
жиынтығымен.
Жаңа туған нәрестені кесар тілігі арқылы шығарып алған жағдайда, ана
мен баланың «теріден теріге» өзара байланысы операция залында, анасы ба-
ласын іздей бастаған сәттен-ақ жасалуын ескеру қажет (егер босанған әйел-
дің жағдайы келсе). Егер босанушының жағдайы келмей жатса, «тері арқылы
байланыс орнатуда» нәрестені әкесінің кеудесіне жатқызуға болады.
Шала туған немесе науқас нәрестелерге қатысты жағдайларда бұл ба-
лалар бірден интенсивті терапия палаталарына жатқызылады және олар
өз бетімен еме алмайды, сондықтан да жас босанған анаға бірден босану
залында кеуде сүтін сүзіп, баласына уыз сүтін әзірлеуді үйрету керек. Жаңа
туған нәрестеге анасының уыз сүтін қандай да бір балама жолды қолда-
на отырып (саптаяқ не шприц көмегімен, т.т.) беруді ескеру қажет, бұл өте
маңызды.
Жас босанған ана босану палатасында болған кезде, интенсивті терапия
палатасына жатқызылған науқас баланың қасында әкесі немесе өзге де
жақын туысы (отбасы мүшесі) бола алады.
12. Егер ана жеке палатада босанған болса, ана мен бала бұл палатада то-
лық жазылып шыққанға дейін қала алады. Жалпы босану залында босанған
болса, жаңа туған нәресте мен ананы 2 сағаттан кейін босанудан кейінгі
бөлімге ауыстырады.
|