Ал, морфемаларды (бөлшектерін) оқып білудің, толық меңгерудің маңызы мынада



бет1/2
Дата15.06.2023
өлшемі19,66 Kb.
#101552
  1   2
Байланысты:
арнайы Динара


19.Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағында қолданылатын көрнекілік әдісі – бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту, өткен материалды бекіту үшін ұтымды әдістердің бірі.
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі материалын саналы түрда түсініп, есінде берік сақтауын қамтамасыз етуде көрнекі құралдардың мәні зор.
Бірнеше сезім мүшелері қатысуы арқылы жаңа ұғым адам санасына тез қонады және берік те сақталады.
Көрнекі құралдар оқушылардың материалды тез және саналы түрде түсінуін ұйымдастырумен бірге, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытудағы мәні ерекше. Оқушылардың дүниетанымы негізінен көрнекілік арқылы жүзеге асырылады.
Қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды қолданып, бастауыш сынып оқушыларының білім көлемін тереңдету, қызығушылығын арттырып және есте сақтау қабілетін пайдаланудың әдістемесін жетік біліп, жетілдіріп отыруы қажет.
Тақырып бастауыш сыныптағы қазақ тілі сабақтарында жоғарыдағыдай ережелер мен талаптарды ескере отырып, оқыту материалдарын, әсіресе, теориялық ережелерді тілдік материалдарды терең оқыту, берік есте сақтау ролін зерттеп, бастауыш сынып мұғалімдеріне ұсыныс беруді, әдістемесін көрсетуді негізге алады.

21.
Сөз құрамы – арнайы мектепте 5 сынып оқушылары үшін ерекше мәні бар әрі қиын тақырып. Сөздің мағыналы бөлшектерінің (морфемаларының) ұғымын жетік меңгеру процесі оқушылардың абстракциялы ойлауының дамуын, тіл фактілерін бақылап, оған талдау жасай алуын және мұғалімнің жетекшілігі арқылы өздігінен қорытындыға келе білуін талап етеді. 


Ал, морфемаларды (бөлшектерін) оқып білудің, толық меңгерудің маңызы мынада: 
Біріншіден, сөз құрамы жөнінен теориялық материалмен танысу балалардың тіл туралы білімін кеңейтеді. 
Екіншіден, сөз құрамын оқып үйрену оқушының орфографияны толық меңгеруіне, сауатты жаза білуіне негіз қалайды, өйткені қазақ тілі түбір сөздерін дұрыс жазу ережелері морфологиялық принципке негізделеді. Балалар сөз құрамы жөнінен үйренген теориялық білімдері мен сөзге талдау жасау арқылы меңгерген біліктерінің негізінде түбір сөзді және оған жалғанатын қосымшалардың дұрыс жазу заңдылықтарын саналы түрде бірте- бірте меңгере түседі. 
Үшіншіден, сөз құрамын меңгерту мен сөз жасау тәсілдеріне жаттықтыру оқушылардың сөз тануға деген назары мен ынтасын аударады. Сөздің мәніне терең түсініп, дұрыс қолдана білуге, сөз мағынасы мен формаларының ара қатынасына зейін аударуға дағдыланады. 
Төртіншіден, сөз құрамы бөліктерін үйретумен байланысты балалардың сөздік қоры байиды, сөз тіркестерінің байланысын табуға және өз ойларынан сөз тіркестерін жасауға, сондай-ақ сөйлем құрау дағдысына машықтану арқылы оқушылардың ауызша, жазбаша сөйлеу мәдениеті дұрыс қалыптасады, орфоэпиялық норманы сақтап мәнерлеп оқуға және таза сөйлеуге үйренеді. Сайып келгенде сөз құрамы тақырыбынан алғашқы ғылыми ұғымдарды меңгеруі, дағды алуы арқылы кем балалардың дүние танымының саналы қалыптасуына негіз болады. 
«Сөз құрамы» 5 және 8 сыныптарда өтіледі. 5 сыныпта түбір, қосымша, жалғау, жұрнақ, туынды сөз; 6-8 сыныптарда біріккен сөздер, қос сөздер, қысқарған сөздер деген грамматикалық ұғымдар меңгертіліп, олардың мағыналары, жасалу жолдары, жазылу емлелері үйретіледі.

Қосымшаның түрлері.


Қазақ тілінде қосымша жалғау, жұрнақ болып екіге бөлінеді. Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз: жұмыс – жұмысшы, ойын – ойыншық, оқу - шы, бала - лы, орын - дық, сыр - мақ т.б.
Ал сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз: жұмыс – жұмыста, ойын – ойынға, дәптер – дәптерді, көше – көшеде.
Қазақ тілінде жалғаудың 4 түрі бар:
1. Септік жалғау;
2. Көптік жалғау;
3. Тәуелдiк жалғау;
4. Жіктік жалғау.
Қазақ тіліндегі жұрнақ мағынасы мен қызметіне қарай екіге бөлінеді:
1. сөз тудыратын жұрнақтар өзі жалғанған сөзінен жаңа сөз тудырады. Мысалы, “жылқы - шы”, “біл - ім”, “жасы - қ”, “таға - ла”;
2. сөз түрлендіретін жұрнақтар өзі жалғанған сөзіне үстеме мағына қосып, сөздің тұлғасын өзгертеді. Мысалы, “көк-шіл”, “көк(г) - ірек”, “сары - лау”, “сары - рақ”, “жаз - ып”, “жаз - ғалы”. Жұрнақтар сөзге белгілі бір жүйеде рет - ретімен жалғанады.
Түбірге тете сөз тудыратын жұрнақтар, одан кейін сөз түрлендіретін жұрнақтар, бұлардан соң жалғаулар орналасады. Жұрнақтар түбірге де, туынды сөзге де жалғанады (“бас - шы”, “басшы - лық”, “ұйы - м”, “ұйым – дас – тыр – у – шы”).
Достық (жұрнақ) Адамдардың достығы әдетте жыл өткен сайын беки түседі.
Досым (жалғау) Менің досымның есімі - Арнұр.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет