Қала мен ауылдағы отбасының әлеуметтік мәртебесінің баланың әлеуметтену үрдісіне әсері



Дата20.11.2023
өлшемі15,51 Kb.
#125014
Байланысты:
Документ


3 СРС
Қоқанбай Арайлым 201-пх

Қала мен ауылдағы отбасының әлеуметтік мәртебесінің баланың әлеуметтену үрдісіне әсері


Отбасылық қарым-қатынас, тəрбие барысында балаға аға ұрпақтың өмірлік тəжірибесі, сезім мəдениеті мен мінез-құлқының деңгейі беріледі.


Қала Балаларды тəрбиелеудегі отбасылық əлеуметтендіру бала мен ата-ананың тікелей «жұптасып» өзара қарым-қатынас жасауын ғана білдірмейді. Идентификацияның əсері қарсы рөлдік өзара толықтыру арқылы бейтараптандырылады. Мысалы, ата-ананың екеуі де шаруашылықпен жақсы айналысса, балада мұндай қабілеттің дамымауы мүмкін, себебі баланың көз алдында жақсы үлгі болса да, отбасы баланың осы қабілеттерін қолдауын керек етпейді. Керісінше, анасы шаруашылықпен айналыспайтын отбасында бұл рөлді қызы жақсы атқарады.Және бұл жағдай көбіне қалаларда орын алады.

Қала мен ауылдың әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-психологиялық, мәдени және табиғи өмір сүру жағдайындағы айырмашылықтар олардың тұрғындарының мінез-құлқындағы ерекше белгілердің пайда болуының нақты алғышарттары болып табылады. Қалалық және ауылдық жерлерде өсіп келе жатқан жеке тұлғаға әсер ететін факторлар қалалық және ауылдық менталитеттердің пайда болуына әкеледі. Менталитет немесе діл (лат. мента — жан құрылымы) - ойлаудың үлгісі, этностың, әлеуметтік топтың, индивидтің жалпы рухани мінез-құлқы.


Қала мен ауылдың әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-психологиялық, мәдени және табиғи өмір сүру жағдайындағы айырмашылықтар олардың тұрғындарының мінез-құлқындағы ерекше белгілердің пайда болуының нақты алғышарттары болып табылады. Қалалық және ауылдық жерлерде өсіп келе жатқан жеке тұлғаға әсер ететін факторлар қалалық және ауылдық менталитеттердің пайда болуына әкеледі. Менталитет немесе діл (лат. мента — жан құрылымы) - ойлаудың үлгісі, этностың, әлеуметтік топтың, индивидтің жалпы рухани мінез-құлқы.

Ауыл балаларында ата-анамен, отбасы мүшелерінің арасында үйлесімді, өзара түсіністік қарым-қатынас баланың әлеуметтік-психологиялық дамуына ерекше тиімді ықпал етеді. Отбасындағы өзара сыйластық пен түсіністік ертең ер жеткенде қоғамдық ортадағы адамдармен жайлы қарым-қатынас құруға негіз береді. Ата-ана жас ерекшеліктеріне сәйкес баланы ертерекотбасы шаруашылығына араластара отырып, білмегенін түсіндіре отырып, бірге атқару арқылы танымдық үрдістерінің аумағын кеңейтеді, еңбек сүйгіштікті, еңбек әрекетінде өзгелермен үйлесімді қарым-қатынас жасау түсініктерін қалыптастырады.


Қала мен ауыл бойынша бала тәрбиесіндегі психологиялық-педагогикалық мәдениетін арттыру мақсатында бала-бақша тәрбиешілері, мектеп мұғалімдері жүйелі жоспармен қызықты тақырыптар бойынша жұмыстар ұйымдастыру арқылы жүргізу қажет. Егер мұғалім мектептен, ал ата-ана үйден бірі-бірімен байланыссыз баланы жеңіске жетелесе, оның нәтижесі көп болмайтыны ғылыми зерттеулермен тұжырымдалған. Сондықтан да баласының тағдырына алаңдайтын ата-ана мектеппен, мұғалімдермен тығыз қарым-қатынас орнатып, екі жақ біріге отырып, жүйелі тәрбие бере алады. Көптеген ата-аналармен жұмыс істеу табандылықты, зор еңбекті талап етеді

Зерттеуші отбасын әлеуметтік тұрғыдан зерттеу кезінде, ең алдымен, отбасындағы адамдардың тәртіп үлгілеріне, ондағы адамдардың атқаратын қызметіне, рөліне баса назар аударады. Осыған сәйкес отбасының қалыптасуы, ондағы ережелрдің, жыныстық тәртіптің, болашақ ерлі-зайыптылар өздерінің туыстарымен қатынасының жиынтығы ретінде қаралады. Отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттегенде мынандай жалпы ұғымдар қолданылады: 1) некелік қатынастардағы қоғамдық қажеттілік, талап-тілекткр, мұқтаждықтар; 2) отбасының әлеуметтік қызметі; 3) отбасы қатынастарындағы ережелер мен бағалық құндылықтар; 4) әр түрлі типтегі (түрдегі) отбасындағы тәртіп үлгілері, т.б. 


Отбасын кіші топ ретінде зерттеу - өзінің құрылымы жағынан азғана адамдар тобының, оның мүшелерінің жалпы әлеуметтік іс-қызметінде бір-бірімен тікелей араласуынан, бірыңғай эмоциялық қарым-қатынастың, топтық ереже және топтық процестің қалай пайда болатынын анықтау.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет