Қалалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары



Pdf көрінісі
бет8/23
Дата06.03.2017
өлшемі2,62 Mb.
#7697
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
 
«Білім туралы» Заң (8-бап) 
2.
 
ҚР-  да  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 
бағдарламасы. 
3.
 
Қазақстан  Республикасы  2015  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту 
тҧжырымдамасы // Қазақстан мҧғалімі.-2004.- №1. 
4.
 
Педагог кадрларды аттестаттау туралы ереже. 
4.Бағдарлама 3 (негізгі ) деңгей 
5. Мҧғалімге арналған нҧсқаулық 3 (негізгі) деңгей. 
6.  Синица  И.  Педагогтық  әдеп  және  ҧстаздық  шеберлік–Алматы:  «Мектеп», 
1987 
 
 
МӘҢГІЛІК ЕЛ –
 
БОЛАШАҚТЫҢ ЖАРҚЫН ЖОЛЫ!
 
 
Қазығҧлова М. Я.,  
Қоғамдық пәндер оқытушысы 
Гуманитарлық колледж 
 
Қазақстан  ХХІ  ғасырдағы дамудың  жаңа  моделін  қалыптастырды.  Қазақ 
елі дҥниежҥзіне бейбітшілік пен келісімде ӛмір сҥрудің ӛнегесін кӛрсетті.  
Тарих  беттерін  парақтасақ,  қазақ  халқы  ӛзінің  тарихында  талай  қилы 
қырғындарда ашаршылықты, зорлық-зомбылықты бастан ӛткерді... 
Бабалар  жҥріп ӛткен  жолдың  тарихи  тағлымы  бізге  береке  бастауы  –  ел 
бірлігінде  екендігін  айқын  кӛрсетті.  Қазақ  жерінде  тоғысқан  алуан  ҧлт  пен 
ҧлыстың  береке  бірлігі  мен  ӛсіп-ӛркендеуіміздің  алтын  қазығы  ретінде  алып, 
болашаққа қарай нық қадам жасады 
Қазіргі  таңда  Қазақстанды  әлем  танып,  бҥкіл  дҥние  жҥзі  мықты 
демократиялы және экономикасы нық орныққан мемлекет деп мойындауда. 
Оған дәлел, Елбасының халқына жолдаған Жолдауы ««Қазақстан 2050» – 
Мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жолы. 
«Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. 
Ол  арман  –  әлем  елдерімен  терезесі  тең  қатынас  қҧратын,  әлем  картасынан 
ойып  тҧрып  орын  алатын  Тәуелсіз  Мемлекет  атану  еді.  Ол  арман  –  тҧрмысы 
бақуатты,  тҥтіні  тҥзу  ҧшқан,  ҧрпағы  ертеңіне  сеніммен  қарайтын  бақытты  Ел 
болу  еді.  Біз  армандарды  ақиқатқа  айналдырдық.  Мәңгілік  Елдің  іргетасын 
қаладық», дейді Елбасы Н. Назарбаев. 
Жазбалардың  бәрінен  аңғарылатыны,  кӛне  тҥріктер,  біздің  ата-бабамыз, 
Кҥлтегін,  Білге  қаған,  Тоныкӛктер  тҥркі  қағанатының,  тҥркілер  мемлекетінің 
мәңгілік болуын қалаған. Сол арман-мақсатын Мәңгітасқа қашап жазған. Бҧл – 

72 
 
Мәңгілік ел идеясы.  
Астанадағы  салтанат  қақпасы  әлемдегі  санаулы  қалаларға  тән  ерекше 
сәулеттік-монументалды туынды "Мәңгілік ел" қақпасы мемлекеттіліктің  
мәңгілік  негізін  қалайды.  Қақпаның  сол  жақ  қапталындағы «Ақсақал» 
мҥсіні – халықтың ойы мен рухани ӛлшемінің кӛрінісі, даналықтың символы. 
Ана бейнесі қазақ ҧлты ҥшін «Отан-Ана», «Жер-Ана», «ана тілі» сынды 
киелі ҧлттық ҧғымдарына ҧласады. Жоғары бӛлігінде «Мәңгілік» дара таңбасы 
Елтаңбаның орналасуы - мемлекет пен ҧлттың уақытқа тәуелсіз киелі қорғаны. 
Бҥгінде  -  тәуелсіз  еліміздің  кӛп  ҧлтты,  тату,  ынтымақты  халқы  бар, 
қуатты  экономикасы  және  сенімді  саяси  жҥйесі  бар.  Ең  бастысы  –  бҥгіннен 
нҧрлы, бҥгіннен кемел болашағы бар.  
Еркіндікті  аңсаған  ата-  баба  арманы  шындыққа  айналды.  2010  жылы 
Астанада 56 елдің басшылары мен халықаралық ҧйым ӛкілдерінің басын қосқан 
Саммит  те  –  соның  айшықты  айғағы.  Сондай  ақ  әлем  деңгейіндегі  \/ІІ  қысы 
Азия ойындарының елімізде ӛткені мақтаныш, әрі абырой.  
Елбасы  Н. Назарбаев  Қазақстан  халқына  арналған  Жолдауында 
болашаққа  бағыт-бағдар  жолындағы  қҧндылықтарды  айқындап  береді.  Бҧл 
қҧндылықтар - уақыт сынынан ӛткен Қазақстандық жол тәжірибесі. 
- Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы. 
- Қоғамымыздағы ҧлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. 
- Зайырлы қоғам және жоғары руханият. 
- Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық ӛсім. 
- Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы. 
- Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы. 
-  Еліміздің ҧлттық қауіпсіздігі және  бҥкіләлемдік, ӛңірлік мәселелерді  шешуге 
жаһандық тҧрғыдан қатысуы. 
Осындай  қҧндылықтар  арқасында  елімізді  нығаюда.  Біз  ҥшін 
болашағымызға  бағдар  беретін  ҧлы  мақсаттарға  жетелейтін  идея  бар.  Ол  - 
Мәңгілік Ел идеясы.  
Бҥгінде  Тәуелсіз  Қазақстан  ата-бабамыз  аңсаған  азаттық  пен 
тәуелсіздікке қолы жетті. Еліміздің еркін ӛміріндегі бҥгінгі табыстарының бәрі 
де  -  тәуелсіздіктің  нәтижесі.  Тақырып  барысында  студенттермен  ӛткізілген 
сауалнамалармен ой бӛлістім.  
Студент: Мен Қазақстанда білім алып жатырмын. Елімді мақтан тҧтамын. 
Елбасы  мынаны  баса  айтты:  «Қазақстандағы  қоғамдық  келісім,  ең  алдымен, 
қазақтың  келісімі  екендігін  мықтап  есте  сақтаған  абзал.  Қазақтың  ынтымағы 
мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тҧтастық келбетін сақтау мҥмкін 
емес». Елімнің гҥлдене бергенін қалаймын. 
Студент. Бҧл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету 
ҥшін  қаншама  қиын-қыстау  кезеңдерді  бастан  кешірді.  Елбасы  сессияда 
сӛйлеген  ӛз  сӛзінде:  «Бір  халық»  –  бҧл  барлығымыз  ҥшін  ортақ  ҧлттық 
мҥдделер, «Бір ел», бҧл – барлығымыз ҥшін ортақ Отан. «Бір тағдыр», бҧл – біз 
бірге жҥріп ӛткен қиындықтар мен жеңістер! Тәуелсіз елімді мақтан тҧтамын. 
Студент:  Біз  кӛппіз  және  бәріміз  –  бір  Елміз,  бір  халықпыз.  Ӛз  еліне 

73 
 
пайдасын  тигізу,  ӛз  Отанының  тағдырына  жауапты  болу  –  әрбір  адамат  ҥшін, 
әрбір  қазақстандық  ҥшін парыз  және  абырой.  Біз,  бірлік  пен  татулық 
қҧндылықтарын әрбір болашақ буын аялауымыз керек. 
Студент: Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы. Бҧл 
дҥниеде  біздің  бір  ғана  Отанымыз  бар,  ол  – тәуелсіз  Қазақстан. «Қазақстан-
2050» Стратегиясы  осынау мәңгілік  жолдағы буындар  бірлігінің,  ҧрпақтар 
сабақтастығының  кӛрінісі. Бҥгінгі  ҧрпақ  білімді  болса,  ел  ертеңі  жарқын 
болмақ. 
Студент:  Елбасының  «Дҥниеде  тәуелсіз  Қазақ  елі  бар.  Әлемде  егемен 
Қазақстан  бар.  Оның  кӛп  ҧлтты,  тату,  ынтымақшыл  халқы  бар.  Қуатты 
экономикасы, сенімді саяси жҥйесі бар. Ең бастысы – бҥгіннен нҧрлы, бҥгіннен 
кемел  болашағы  бар.  Туған  жерлерінің  қасиетті  топырағын  енді  басып,  ӛз 
қадамдарын  енді  жасаған  ҧрпақтары  ҥшін  де  осы  ел,  қазақ  елі  мәңгілік  болса 
екен!  
Ендігі  кезекте  ата-  бабаларымыз  салған  сара  жолдың  тарихи  тағлымын 
жалғастыру - болашақ ҧрпақ еншісінде.Тәуелсіздіктің іргесін бекітіп, берекесін 
нығайту  –  бҥкіл  елдің,  болашақ  ҧрпақтың  кезектегі  мақсаты  мен  парызы. 
Мәңгілік ел – болашақтың жарқын жолы! 
Пайдаланған әдебиеттер: 
1.
 
Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы - 2011ж 
2.
 
«Қазақстан - 2050» Жолдауы, 2014ж 
3.
 
«Қазақстан тәуелсіздік жылдарында» - 2006 ж  
«Мәңгілік  ел»  идеясы  -  тарихи  сананы  жаңарту  бағыты»  Шнанов 
Ӛтелбек, №59 мектеп-лицейінің тарих пәні мҧғалімі. 
 
 
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫ ТАРИХИ САНАНЫ
 
ЖАҢҒЫРТУ БАҒЫТЫ
 
 
Шнанов Ӛ. Р.,  
Астана қаласы №59 мектеп-лицейінің  
тарих пәні мұғалімі  
 
«Тәуелсіздігімізбен  бірге  халқымыз  мәңгілік  мҧратына  қол  жеткізді.  Біз 
еліміздің  жҥрегі,  тәуелсіздігіміздің  тірегі  мәңгілік  елордамызды  тҧрғыздық. 
Қазақтың  мәңгілік  ғҧмыры  ҧрпақтың  мәңгілік  болашағын  баянды  етуге 
арналады.  Ендігі  ҧрпақ  –  қазақтың  мәңгілік  перзенті.  Ендеше  қазақ  елінің 
ҧлттық идеясы – Мәңгілік ел» Елбасы Жолдауынан 
Қазақстан  Республикасы  ӛз  тәуелсіздігін  алған  сәттен  бастап  әлемдік 
аренада ӛз орнын нақты қалыптастыра бастады. Ел дамуының тҥрлі бағыттары 
Елбасы  саясатының  стратегияларынан  анық  кӛрінеді.  Елбасы  ҧсынған 
«Мәңгілік  ел»  идеясы  да  халық  қолдауын  тапты.  Мәңгілік  ел  идеясы  сонау 
ӛткен тарихымызға тамырын терең тартады. Тҥркілік кезең тарихын зерттеуші 
ғалым Қаржаубай Сартқожаҧлы: «Мәңгілік ел  – тҥрік жҧртының данагӛйі, ҥш 
бірдей  қағанның  кеңесшісі  болған  Тоныкӛк  негізінен  қалған  идея...»  -  деп 

74 
 
кӛрсетеді.  [1,20-21бб]  «Елбасы  және  Мәдениет»  кітабында  Елбасымыздың  ӛзі 
кӛне  тҥрік  жазуларындағы  мәтіндерге  кӛп  кӛңіл  бӛлу  қажеттігін  айтады.  [2, 
158-160бб]. Мәңгілік ел идеясының тарихын терең тҥсініп, бҥгінгі кҥнде жҥзеге 
асыру  барысында  тарихи  сананы  жаңғырту  ісі  маңызды  іс.  Ата-
бабаларымыздың  мәңгі  ел  болу  жолындағы  жҥріп  ӛткен  жолынан  ҥлгі  ала 
отыра, ҧлттық қҧндылықтарымызды заманауи талаптармен ҧштастыра отырып 
болашаққа жол салу қажеттігі туып отыр. Тарихи сананы жаңғыртып, бабалар 
салған  «Мәңгілік  ел»  идеясымен  болашаққа  бет  алсақ  адаспасымыз  анық. 
Патшалық және кеңестік дәуірлерде тарихи санамыз бҧрмаланып, ӛткенімізден 
қол  ҥзіп  қала  жаздағанымыз  ащы  да  болса  шындық.  Бҥгінгі  таңда  сол 
олқылықтардың  орны  біртіндеп  толып  жатыр.  Тарихи  сана  қалыптастыруда 
тарихи  білімнің  ӛзіндік  ҥлкен  орны  бар.  Қазақстан  Республикасы 
тарихшыларының  І-конгресінде  мемлекеттік  хатшы  М.Тәжин  Қазақстан 
тарихын  зерттеудің  басым  бағыттарын  айқындап,  тарих  ғылымының  алдында 
маңызды  міндеттер  қойды.  Пәнаралық  және  обьективтілік  тәсілдің  негізін 
қалауда  мемлекеттілік,  ҧлттық  идея  тыс  қалмауы  және  тарихи  мҧраны  сақтау 
мәселесіне назар аудару қажеттігін айтқан болатын. [3, 3-4бб]. Елбасымыз Н.Ә. 
Назарбаевтың 2015 жылғы ақпан айындағы Жолдауында: «ХХІ ғасырда білімін 
дамыта алмаған елдердің тығырыққа тірелетіндігі анық...» - делінген. [4]. Шын 
мәнісінде  де  білім  мен  тәрбие  беру  ісінде  ҧстаздар  қауымына  ҥлкен  жҥк 
артылып  отыр.  Патриоттық  тәрбие  мен  тарихи  сананы  қалыптастыруда 
тарихшы  ҧстаздардың  ролі  ерекше.  Елбасы  «Қазақстанның  болашағы  - 
қоғамның  идеялық  бірлігінде»,  «Тарих  толқынында»  атты  еңбегінде:  «Аса 
маңызды  идеологиялық  міндеттеріміз  Қазақстандық  патриотизмге  тәрбиелеу, 
әр азаматтың ӛзін-ӛзі айқын билеуі» - деп кӛрсетті. [5]. Мектептерде оқушылар 
бойында патриоттық сезімдерінің артуына тарих пәнінің қосатын ҥлесі ерекше. 
«Мәңгілік  ел»  идеясының  қҧндылықтарының  бірі  тарихтың,  мәдениет  пен 
тілдің  ортақтығы  екендігі  кӛрсетілген.  Қазақстанда  тҧрып  жатқан  барша 
халықтардың  бойында  Қазақстандық  патриотизмді  қалыптастыру  ісінде  бҧл 
қҧндылықтарды  қорғау  қажеттігін  кӛрсетеді.  Қоғамымызда  ҧлттық  бірлік  пен 
ӛзара бейбітшілік пен келісім орнатқан тҧста ғана бҧл қҧндылықтарды жҥзеге 
асыруға  қол  жеткізе  аламыз.  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы» 
Заңында  білім  беру  жҥйесінің  басым  міндеттерінің  қатарында  жеке  тҧлғаны 
«азаматтық  пен  елжандылыққа,  ӛз  Отаны  –  Қазақстан  Республикасына  деген 
сҥйіспеншілікке,  мемлекеттік  рәміздерді  қҧрметтеуге,  халық  дәстҥрлерін 
қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез-келген кӛріністерге 
тӛзбеуге тәрбиелеу», - деп атап кӛрсетілген [6]. 
Сондықтан,  оқушылардың  бойында  патриоттық  қасиетті  тәрбиелеу 
жалпы  білім  беретін  мектептерде  тәрбие  жҧмысын  ҧйымдастырудың  негізгі 
бағыттары  қатарынан  орын  алады.  Отанымыздың  әлеуметтік  –  мәдени  және 
экономикалық  дамуының  жаңа  кезеңі  жастарды  патриоттыққа  тәрбиелеу 
мәселесін  тағы  да  кӛкейкестендіреді.  Қазақстан  Республикасының  Президенті 
Н.Ә. Назарбаевтың  «Жаңа  әлемдегі  жаңа  Қазақстан»  атты  Жолдауында 
қазақстандық патриотизм мен саяси ерік-жігер жаңа  

75 
 
Қазақстанды  қҧрудың  аса  маңызды  факторлары  ретінде  қарастырылады. 
«Жаңа  жалпы  қазақстандық  патриотизмнің  іргетасын  қалап,  біздің 
Отанымыздың,  біздің  барша  кӛп  ҧлтты  және  кӛпконфессиялы  қоғамымыздың, 
біздің  балаларымыздың  тамаша  келешегі  бар  екеніне  негізді  мақтаныш  пен 
сенімділікті туындатады», - дейді Елбасы ӛз Жолдауында [7]. 
Биылғы  жылы  ел  тәуелсіздігіне  25  жыл  толып  отыр.  Осы  уақыт 
аралығында  еліміз  ғасырларға  бергісіз  жҥзеге  асырылған  жетістіктерге  қол 
жеткізді.  Бҧл  жетістіктер  Президентіміз  Н.Ә.  Назарбаевтың  кӛреген  саясатты 
мен  Қазақстан  халықтарының  ынтымақтастығы  мен  ерік-жігерінің  арқасында 
келіп  отыр.  Еліміздің  тәуелсіздігі  мен  мемлекеттілігінің  орнығуы,  дамыған 
елдер  қатарына  қосыла  отыра  дамуы  халықтың  болашағына  деген  сенімдерін 
арттырады.  Қазақстанның  тәуелсіздігі  және  Астанасы  біздің  басты 
қҧндылылықтарымыздың бірі.  Тәуелсіз  ел  болу  барысында  қаншама  ерлеріміз 
жандарын  қҧрбан  етті.  Ерен  ерлеріміздің  мақсаты  тәуелсіздік  ҥшін  аянбай 
кҥресу болса, бҥгінгі ҧрпақтың басты мақсаты тәуелсіздігімізді нығайтып оны 
баянды ету болып отыр.  
Пайдаланған әдебиеттер: 
1.
 
//МANGI EL халыаралық ғылыми-кӛпшілік журнал Алматы, 2013 
2.
 
Елбасы және Мәдениет Астана,2015 
3.
 
Қазақстан Республикасы тарихшыларының І-конгресінің жинағы 
4.
 
Елбасымыз Жолдауы 2015 жылғы ақпан  
5.
 
«Тарих толқынында» 
6.
 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы А.2004 
7.
 
«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Елбасы Жолдауы Астана, 2007, 28 ақпан 
 
МӘҢГІЛІК ЕЛ – ҦЛТ БОЛАШАҒЫ 
 
Идрисова А. С., 
№10 мектеп-гимназияның  
бастауыш сынып мұғалімі 
 
«Қазақтың  мәңгілік  ғұмыры  ұрпақтың  мәңгілік  болашағын  баянды  етуге 
арналады.  Ендігі  ұрпақ  -  мәңгілік  қазақтың  перзенті.  Ендеше,  қазақ  елінің 
ұлттық идеясы - Мәңгілік ел» 
ҚР президенті Н. Ә. Назарбаев 
 
2014  жылдың 17-ші  қаңтарында  Қазақстан  Республикасының президенті 
Нҧрсҧлтан Әбішҧлы Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бҧрын 
мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. 
Басты  мақсат  -  Қазақстанның  ең  дамыған  30  мемлекеттің  қатарына  қосылуы. 
Ол  -  «Мәңгілік  Қазақстан»  жобасы,  ел  тарихындағы  біз  аяқ  басатын  жаңа 
дәуірдің  кемел  келбеті»,-деп  бастады.  Бҧл  орайда  елең  еткізген  жаңалық  - 
тҧңғыш  мемлекеттік  ресми  идеология,  яғни  «Мәңгілік  Ел»  идеясының 
жариялануы.  Бҧл  -  Қазақ  стан  Республикасының  ҧлттық  идеясынан  келген 

76 
 
тҥйін-тҧжырым.  Мәңгілік  Ел  отандастардың  бірегей  тарихи  мақсаты  мен 
қаһармандық  ҧраны  десек  қателеспейміз.  Аталған  идея  қазақ  елінің  ғасырлар 
бойы  армандаған  мақсаты  ғана  емес,  Тәуелсіздік  жолындағы  жанқиярлық 
еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. 
«Мәңгілік  ел»  ҧғымын  тереңнен  тҥсіндіру,  тарихи  негіздерін  кӛрсету 
мәселелері  маңызды  болып  табылады.  Тҥркі  тарихын,  кӛне  тҥркі  мҧраларын 
зерттеуші  филология  ғылымдарының  докторы,  профессор  Қаржаубай 
Сартқожаҧлының  «MANGI  EL»  халықаралық  ғылыми-кӛпшілік  тарихи 
журналында:  «Мәңгілік  ел  -  тҥрік  жҧртының  данагӛйі,  ҥш бірдей  қағанның 
кеңесшісі болған атақты Тоныкӛк (Тҧй-ҧқық) негізін қалаған идея...» - екендігін 
жазған [1, 20-21 бб.]. Елтеріс Қҧтлық қаған екінші Тҥрік қағанатын қҧрғаннан 
кейін  Тоныкӛк  «Мәңгілік  ел»  идеясын  қолға  алды.  Мәңгілік  ел  —  мақсатты 
тҥрік елінің билігі деп осыдан 13 ғасыр бҧрын мәңгілік идеясын ҧсынған. Елдің 
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін геосаяси және ішкі, сыртқы қорғаныс шеңберін 
жасап,  мәңгілік  ел саясатын  Кӛк  Тҥріктер  іске  асырды.  Сол  идея,  сол  мҧрат 
бҥгінгі қазақ елінің бас ҧранына айналуда. «Кҥл тегін» жазуының қазіргі қазақ 
тілінің  нормасына  келтірілген  Ғҧбайдолла  Айдаровтың  нҧсқасында:  «Кӛктегі 
тҥркі  тәңірісі,  тҥркінің  қасиетті  жер-суы  былай  депті:  Тҥркі  халқы  жоқ 
болмасын дейін, халық болсын дейін...» - деген жолдар бар [2, 63 б.]. Бҧл жерде 
елдің  тарих  сахнасынан  кетпей,  сақталуын  тілейді.  Мәңгілік  ел дегеніміз  - 
мемлекеттің  ғасырлар  тоғысында,  ірі  державалар  арасында  бәсекеге  тӛтеп 
беріп,  ӛзіндік  қорғаныс  саясатын  ҧстану  деп  тҥсінуге  болады.  Орхон  ӛзенінің 
бойында Тҥрік қағанатының Ордабалық деген астанасы болған. Қағанаттың хан 
ордасы  мемлекеттің  ішкі  ядросы.  Оны  қорғайтын  арнайы  полиция(тҧрғақ  деп 
аталған) және оған қоса тҧрақты әскер (шерік деп аталған) пайдаланылды. Ішкі 
қорғаныс  деп  атаған  екінші  шеңбер  белдеуін  тҥрлі  тайпалар  қорғап  тҧрды. 
Ҥшінші  шеңберде  он-оқ  Тҥркештер  тҧрды.  Қырғыздар,  Кидандар,  Татабилер, 
Таңғыттар,  Басмылдар  да ҥшінші  шеңбердің  қорғаушысы  болды.  Осы 
ҥш шеңбер  тҧтас  империяны  қорғап  тҧрды.  Тҥріктер  осы  3 шеңберді  орнатып 
болған  соң,  «Мәңгілік ел»  идеясын  нық  бекемдейді.  Ғҧлама  ойшыл,  сазгер, 
қобыз  жасаушы  Қорқыт  бабамыздың  ӛлімге  қарсы  тҧрып,  мәңгі  ӛмірге 
ҧмтылуы, тек Қорқыттың ғана емес, сол замандағы билеушілердің елдің мәңгі 
ӛмір  сҥруін  қалағандығын  білдіреді.  М. Әуезов  Қорқыттың  мәңгілік  ӛмір 
туралы  толғаныстарының  негізгі  философиялық  тҥйініп  аша  келіп,  оның 
болашақ  ҧрпақ  ҥшін  дҥниетанымдық  маңызы  зор,  мәңгілік  мҧра  екенін  атап 
ӛткен.  Қорқытты  мәңгі  ӛмірді  іздеген,  бақилық  болғысы  келмеген  деген 
тҥсінікті, халқына жерҧйықты іздеген Асан Қайғымен тҥсіндіруге болады. Асан 
Қайғы  ӛз халқы  ҥшін  ең қолайлы,  ең қҧнарлы  жерді  іздегендігі  белгілі. 
Утопиялық  кӛзқарастағы  Асан  қайғының  жерҧйықты  іздеудегі  мақсаты, 
халқының  жайлы  жерге  қоныстанып,  болашақта  мәңгі  ел болуын  қалаған. 
Л. Н. Гумилев  еуразия  қҧрлығының  бірлігі,  мәңгілігі  туралы  ойын  кӛне 
тҥріктерден 
бастайды. 
Қазақстан 
Республикасының 
президенті 
Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен қалыптасып жатқан Еуразиялық идеясының 
негізінде  Ресейлік  емес,  тҥріктік  ынтымақтастыққа  қол  жеткізіп,  кӛне 

77 
 
тҥріктердің  мәңгілік  ел  идеясының  ӛміршеңдігін  дәлелдеуіміз  керек.  Елбасы 
Н.Ә.  Назарбаев  ӛзінің  «Тарих  толқынында»  атты  еңбегінде:  «Тарихтың  алға 
қойып  отырған  ӛктем  талабы  әрбір  тҥрік  еліне  әртҥрлі  салада  саяси, 
экономикалық,  мәдени  және  гуманитарлық  тәсілдермен  бірігу  проблемасын 
шешудің  бәріне  бірдей  тең  институттық  тетіктерін  жаппай-тҧрмай  іздестіруді 
міндеттейді»  [3,  120 б.], -  дей  отырып,  тҥрік  мемлекеттері  интеграциясының 
тиімді жолдарын іздеу қажеттілігін кӛрсетті.  
Елбасы  Н.Ә. Назарбаев  2000  жылы  14-желтоқсанда  латын  алфавитіне 
кӛшу мәселесіне қатысты ӛз пікірін білдіре келіп, ӛте мҧқият дайындықтан соң 
латын  алфавитіне  кӛшетінімізді  айтты.  Бҧл  жерде  Тоныкӛк  негізін  салған 
«Мәңгілік ел»  идеясын  қалпына  келтіруші,  жандандырушы  Ҧлт  Кӛшбасшысы 
Н.Ә.  Назарбаевтың  қазақ  халқына  славяндық  кириллица  емес,  тҥркі  тектес 
бауырларымыз қолданатын латын қарпіне кӛшудің қажеттілігін айтты. «Тарих 
толқынында» атты еңбегінде: «Тҥркі халықтары жҧмылған жҧдырықтай болып 
біріккен  кезде  геосаяси  ӛмірге  тең  қҧқықты  субъект  ретінде  ықпал  ете  алады, 
мәдени әлемдегі ӛзара қарым-қатынастарда қайдағы бір енжар, ынжық элемент 
ретінде  емес,  ӛзгелермен  терезесі  тең  тҧлға  ретінде  бой  кӛрсете  алады.  Бҧл 
бағыттағы  алғашқы  игі  қадам  ортаазиялық  одақтың  қҧрылуы  болды.  Оның 
шеңберінде біздің бәрімізге ортақ мәдени ҧқсастығымызды жете сезіну арқылы 
деңгейіміздің  кӛтеріле  тҥсетіні  сӛзсіз» —  деп  тҥрік  бірлігінің  болашағына  зор 
ҥмітпен қарады [3, 121 б.]  
Бақытқа  жету  жолында  адамдардың  арасындағы  қайырымдылық  пен 
тҥсінушілік, бір-біріне кӛмек беру, достық пен бейбітшілік, тәрбие мен тәлім - 
Әл-Фарабидің  тҧтас  әлеуметтік-саяси  теориясының  ажырамас  бір  бӛлігін 
қҧрайды.  Мемлекет  пен  қоғамның  кемелденуі  туралы  әлеуметтік-саяси 
теориясында  мемлекет  басқарушылары  мен  сол  қоғамда  ӛмір  сҥретін 
адамдардың  да ҧстануы  тиіс  мемлекетті  басқарудың  императивтері  мен 
механизмдері  кӛрсетілді.  Сондықтан,  бҧлардың  бәрі  қазіргі  таңда  тҥркітілдес 
мемлекеттердің  ҧлттық  қҧндылықтары  ретінде  саналуы  тиіс.  Фараби 
мемлекеттің міндетін және оның ішкі және сыртқы міндеттерін толық анықтап 
береді.  Сыртқы  міндеті  ретінде  мемлекеттің  қайырымды  қала  тҧрғындарын 
немесе  мемлекетті  сыртқы  жаулардан  қорғау,  яғни  кҥшті  қорғаныс 
ҧйымдастырумен  жҥктеледі.  Ішкі  міндеті  ретінде  мемлекеттің  ӛз халқының 
бақытқа  жетуі  ҥшін  кӛрнекті  шараларды  іске  асыру  керек:  олар -  әділеттілікті 
орнату, халықты оқыту, оларды керекті ғылыммен толықтыру, адамгершілікке 
тәрбиелеу,  қайырымдылықты  тарату  және  ең жақсы  бақытқа  жеткізетін 
әдеттерді  бойға  сіңіру.  Қалған  мәселелердің  бәрі -  экономикалық  және  саяси 
мәселелер -  негізгі  міндетке  бағынады,  яғни  адамдардың  бақытқа  жетуі 
олардың  рухани  жетілуіне  тәуелді.  Бабаларымыздың  арманы.  ҚР Президенті 
Н.Ә.  Назарбаевтың  бастамасымен  Астанада  асқақ  рухымыз  бен  мәңгілік 
мҧраттарымызды паш етіп тҧрған «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасының салынуы 
(1-сурет.) «Мәңгілік Ел» идеясының мелекеттік идеологияға айналғандығының 
бір  дәлелі.  «Мәңгілік Ел»  сӛзінің  терең  тарихи  тамыры  және  ҥлкен  мағыналы 
мәні бар.  

78 
 
 
1-сурет. «Мәңгілік ел» салтанат қақпасы 
«Мәңгілік  ел»  идеясының  маңыздылығын  Елбасы  Н. Назарбаев 
«Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мҥдде, бір болашақ» атты жолдауының 
негізі  етіп  алып,  бҧл  туралы  ӛз  сӛзінде:  «Бір  жыл  бҧрын  мен  еліміздің  2050 
жылға  дейінгі  дамуының  жаңа  саяси  бағдарын  жария  еттім.  Басты  мақсат  - 
Қазақстанның  ең  дамыған  30  мемлекеттің  қатарына  қосылуы.  Ол  -  «Мәңгілік 
Қазақстан»  жобасы,  ел  тарихындағы  біз  аяқ  басатын  жаңа  дәуірдің  кемел 
келбеті...  Ӛткен  тарихымызға  тағзым  да,  бҥгінгі  бақытымызға  мақтаныш  та, 
гҥлденген  келешекке  сенім  де  «Мәңгілік  Ел»  деген  қҧдіретті  ҧғымға  сыйып 
тҧр» деген болатын. Халықты бір мақсатқа, бір мҥддеге, бір болашаққа ҥндеген 
Елбасының бҧл жолдауында ел халқына ҥлкен жауапкершілік жҥктелген. 
Мәңгілік  Ел ҧлттық  идеясының  негізгі  мәні  -  мәңгілік  мақсат-
мҧраттарымыз  бен  мәдени-рухани  қҧндылықтарымызға  негізделген,  мемлекет 
қҧрушы  қазақ  халқы  мен  ӛзге  де ҧлттардың  ҧлттық  идеяларын  бір  арнаға 
тоғыстыратын  идеология  арқылы  қалыптастырылатын  қазақтың  ҧлттық 
мемлекеті.  Мәңгілік  Ел ҧлттық  идеясы  дегеніміз -  ӛткенімізден  сабақ  ала 
отырып, болашағымызды баянды ету жолындағы хақ мҧраттарымыз!  
Мәңгілік елге айналу ҥшін тәуелсіздікті сақтап, елдігімізді нығайту басты 
мақсат  болып  табылады.  Ӛйткені,  тәуелсіздік  ҧғымы  халқымыздың  мҧраты, 
ғасырлар  бойғы  арманына  айналған,  сонау  алаш  тҧлғаларының  зердесі  мен 
ӛнегесімен келген аманат дҥние болатын. 
«Мәңгілік ел - ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін 
барлығымыз  білеміз.  Ол  арман  әлем  елдерімен  терезесі  тең  қатынас  қҧратын, 
әлем  картасынан  ойып  тҧрып  орын  алатын  тәуелсіз  мемлекет  атану  еді.  Ол 
арман  тҧрмысы  бақуатты,  тҥтіні  тҥзу  шыққан,  ҧрпағы  ертеңіне  сеніммен 
қарайтын  бақытты  ел  болу  еді.  Біз  бҧл  армандарды  ақиқатқа  айналдырдық. 
Мәңгілік  елдің  іргесін  қаладық.  Мен  қоғамда  «қазақ  елінің  ҧлттық  идеясы 
қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыға тҥсіп жҥргенін естіп жҥрмін, 
біліп  жҥрмін.  Біз  ҥшін  болашағымызға  бағдар  етіп  ҧлтты  ҧйыстыра  ҧлы 
мақсаттарға  жетелейтін  идея  бар.  Ол  -  мәңгілік  ел  идеясы.  Тәуелсіздігімізбен 
бірге  халқымыз  мәңгілік  мҧраттарына  қол  жеткізді.  Біз  еліміздің  жҥрегі, 
тәуелсіздігіміздің  тірегі  мәңгілік  елордамызды  тҧрғыздық.  Қазақтың  мәңгілік 

79 
 
ғҧмыры  ҧрпақтың  мәңгілік  болашағын  баянды  етуге  арналады.  Ендігі  ҧрпақ  - 
мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ҧлттық идеясы - Мәңгілік ел», 
- деді Президент.  
Н. Назарбаев  ӛз  тәуелсіздігімізді  кӛздің  қарашығындай  сақтау  арқылы 
Мәңгілік ел бола алатынымызды атап ӛтті. 
Еліміздің  мҧратына  айналған  «Мәңгілік  ел»  идеясы  -  халықтың  әл-
ауқатын  жақсартып,  ынтымағын  арттыратын,  елді  дамудың  жаңа  сатысына 
жетелейтін жаңа қадам. 
Сонымен  қатар  Елбасы  Н. Назарбаев  «Мәңгілік  ел»  идеясын  Қазақстан 
халқының жарқын болашағы ҥшін қабылдаған ӛте маңызды және тарихи мәнге 
ие қҧжат «Бес институционалды реформаны жҥзеге асыруға бағытталған нақты 
жҥз  қадам»  атты  бағдарламаның  идеологиялық  негізі  етіп  алды.  Мҧндағы 
«Біртектілік  пен  бірлік»  реформасында  «Мәңгілік  ел»  патриоттық  актісі 
жобасын әзірлеу, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ҥлкен ел - ҥлкен отбасы» 
кең  кӛлемді  жобасын  әзірлеу  және  жҥзеге  асыру,  азаматтық  біртектілікті 
нығайтудың «Менің елім» ҧлттық жобасын әзірлеу және жҥзеге асыру, «Нҧрлы 
болашақ»  ҧлттық  жобасын  әзірлеу  және  жҥзеге  асыру,  т.б.  нақты  қадамдар 
жҥзеге асыру кӛзделді. 
Қазақстан тағдыры ҥшін, ӛткен ата-бабалар мен болашақ ҧрпақ алдында 
ең  бағалы  қҧндылығымыз  -  егемендігімізді  сақтап,  мҧратымызға  айналған 
«Мәңгілік ел» болу идеясын жҥзеге асыру жолында аянбай еңбек ете білейік! 
«Мәңгілік Ел» идеясында қазақ халқының сығымдалған, жҥйеленген ӛмір 
сҥру тәжірибесінің әлеуметтік-мәдени коды бар. Демек, «Мәңгілік Ел» идеясын 
ҧлттың тарихи даму ҥрдісінен тысқары қарау мҥмкін емес және қолдан немесе 
ойдан  шығарылған  мәселе  еместігі  тағы  белгілі.  Себебі,  бҧл  мәселе  қазақ 
қоғамы ҥшін қашанда ӛзекті. 
Ҧлттық  идея  -  ҧлттың  сол  тарихи  кезеңде  ӛзін-ӛзі  тануынан  кӛрініс 
табатын ҧлттық санада басымдыққа ие кӛзқарастар. Зерттеушілер бҧл ҥғымның 
екі қырына баса маңыз береді. Бір жағынан, қауымдастықтың ӛзін-ӛзі ҧлт деп 
танып,  тҥйсінуі,  екінші  жағынан  оның  ерекше  тарихи  адамдар  қауымдастығы 
ретіндегі ӛз кӛзқарастары, ҧстанымдары, қҧндылықтары жайлы жалпақ әлемге 
жар салуы. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет