Алас тайпасы туралы аңыз



Pdf көрінісі
Дата11.12.2022
өлшемі275,49 Kb.
#56476
Байланысты:
Жынды жел Д.Әшімхан



(Алас тайпасы туралы аңыз) 
Мен бұл аңыз-әңгімені бұдан елу жыл бұрын ел кезіп жүретін әлдебір 
емші шалдан естігем. Естігенде де жәйбір жағдайда емес, кӛлденең жабысқан 
кеселден есімді енді жия бастаған кезімде. Сол сәттегі аурумен арпалысқан 
жай-күйім мен жанымда сақалын сипап қойып, есте жоқ ескі заманнан сӛз 
қозғап отырған ақ шапанды ақсары шал есіме түссе, қазірге дейін қарадай 
денем тітіркенеді. Рас, сондағы менің жайым да мәз емес, шалдың әңгімесі де 
тым ауыр еді. 
Жә, бәрін де басынан... Алтыншы класта оқитын кезім. Кӛктемгі 
каникулда Алтайдың бір қойнауында қой бағып отырған әке-шешемнің 
жанына барғанмын. «Оқудан шаршап келген» мені қой соңына салып, қотыр 
тай мінгізген ешкім жоқ. Мектеп кітапханасынан кӛтеріп келген бір құшақ 
кітабымды күні бойы оқимын да жатамын. Күндіз бес жасар інімнен басқа 
жанымда жан баласы болмайды. Оның да менде шаруасы аз, бір бұрышта 
күбір-күбір сӛйлеп асығын ойнайды да отырады. Кейде шешеммен бірге қозы 
бағып кетеді. Әкем болса таңертеңнен кешке дейін ӛрісте. Ал менікі тек үйде 
жатып кітап оқу. Үйдің де үй дейтіндей сиқы жоқ. Қарағайдан қиып салған 
жалғыз бӛлме. Есік жақтағы бұрышта – бүйірі жыртық темір пеш. Тӛрде – 
қабат-қабат етіп жинап қойған жүк: кӛрпе-жастық, матрас. Оң жақтағы 
қабырғада – тӛрт шынылы кішкентай терезе. Оның бір кӛзі ылғи ашық 
тұрады. Есікті біреу ашып қалса болды терезеден ұрған жел ӛңменіңнен 
ӛтеді. Ең тамашасы сол, менің мектеп кітапханасынан алып келген 
кітаптарымның бірінен бірі қызық болып шыққан. Қайсысын бастасам да 
аяғына жеткенше асығамын. Қайсысын оқысам да сиқырлы-сырлы 
таңғажайып әлемге тап боламын. Иә, қай жағыма қарасам да... қызылды-
жасылды, айшықты-ӛрнекті, құпиялы-жұмбақты бір керемет дүние! Осынау 
сан түсті, сан бояулы, тағдырлы-тартысты ӛмірдің ішіне кірген сайын ӛзімнің 


жалғыз бӛлмелі жаман қараша үйде жатқанымды мүлде ұмытып кетемін. 
Ұмытқаным сондай, бірде Капитан Гранттың балаларымен бірге кӛк теңізді 
кӛктей жүзіп, алыс аралдарға аттанып бара жатамын; енді бірде Том Соэр 
мен Гекльбериге жолдас болып, қайдағы бір қазынаны іздеп жүремін; одан 
соң жүк кемелерін тонап жүрген теңіз қарақшыларына ілесемін. Олар 
біреулерді атса – атуға, шапса – шабуға дайын екенімді сеземін. Ал осы 
«достарым» әлдебір сәтсіз жағдайға ұшырай қалса, «ой, әттеген-ай!» деп 
орнымнан атып тұратын да кездерім болады. 
Сонда ғана мен байқұс жаңағы кӛк теңізде де, қазына аралында да емес, 
қойшының қоңыр үйінде жатқанымды біліп, біртүрлі кӛңілсіз күйге түсемін. 
Сосын шалқамнан жатқан күйі үйдің кӛптен бері әктелмеген кір-кір тӛбесіне 
қадала қарап, ұзақ-ұзақ қиялға батамын. Кластас достарымды 
таңқалдыратындай не істеуге болады деп ойлаймын. Жасым болса да он бірге 
келді. Бірақ осы уақытқа дейін біреуді елең еткізетіндей ештеме істемеген 
екенмін. Сабаққа үнсіз барып, үнсіз қайтқанымнан басқа бітіріп жүрген түгім 
жоқ. Ал мендей анау Том Соэрді қарашы! Қандай тапқыр да табанды бала. 
Сол мінезінің арқасында әне, бар мақсатына жетті, тынбай іздеп жүріп 
тығулы жатқан кӛмбенің кӛзін ашты. Сӛйтіп бір-ақ күнде бүкіл жұртты 
таңқалдырып, шылқыған бай боп шыға келді. Ал менің... жыртық шұлықтан 
башпайым шығып жатқан түрі мынау. Не істеймін? Қалай бай адам болуға 
болады? Шіркін-ай, бір ғажайыптың күшімен әлдебір жерде кӛмулі жатқан 
дорба-дорба алтын-күмісті тауып алсам ғой... Алтын-күміс! Жарқ-жарқ еткен 
асыл тастар! Әншейінде әншілер «Алтын Алтай» деп ән салады. Сол алтыны 
қайда оның? Соны қалай табуға болады?.. Тоқта. Баяғыда біздің елдің 
байлары Қытайға қашқан кезде бар байлығын осы жаққа тығып кеткен деуші 
еді. Мүмкін соларды іздесем қайтеді? Ойым сан-саққа кетіп дӛмбекши 
беремін. Ақыры бұл ойымнан түк шықпайтынына да кӛзім жеткен. Қоржын-
қоржын алтынын оп-оңай жерге жасырып кететін сол байлар ақымақ дейсің 
бе. Жоқ, басқа, басқадай қазына іздеуім керек. 
Ӛстіп миымды мың-сан ойлар шырмап жатқанда... кенет тарих-
мұғалімнің бір сӛзі есіме түсе қалған да, қуанғаннан орнымнан ұшып 
тұрғанмын. Бірде ол ауыл шетінде ұзыннан ұзақ созылып жатқан обалар 
тізбегін бізге кӛрсетіп тұрып: «Бұлар – мыңдаған жыл бұрынғы біздің ата-
бабаларымыздың зираты ғой. Сол кездегі діни ұғым бойынша адам бұ 
дүниеде жиған-тергенінің қызығын О дүниеде де кӛрсін деп ӛлгеннің мүлкін 
ӛзімен бірге кӛмген. Оның ішінде, әрине алтын-күміс, асыл зат та болады. 
Соны білген ӛзге жұрттың ұры-қарылары бұларды кӛп тонаған. Бірақ сау 
қалғандары да болуы мүмкін» деген. Сондай обалардың бір-екеуі ауылдағы 
біздің үйдің огородында да бар еді. Әкем картоп егетін жер жыртқан кезде, 


оларды ылғи айналып ӛтетін. Неге соны қазбасқа? Қазу керек! Қазамын. Дәл 
сол екі обаға ешкімнің қолы тимеген шығар... Кӛзіме жалт-жұлт еткен алтын 
бұйымдар, небір асыл тастармен безендірілген әдемі әшекейлер елестейді. 
Сол ғажайып бұйымдар қолыма қазір тиетіндей денем бір ысып, бір суиды. 
Жүрегім лүп-лүп соғады... Ӛстіп жатып қалай ұйықтап кеткенімді білмеймін. 
Және қанша ұйықтағанымды да білмеймін. Әйтеуір, тұяқ серіппей екі-үш 
сағат қатып қалсам керек. Оянған сәтте дір-дір етіп тоңып жатқанымды 
сездім. Есік айқара ашық қалыпты. Терезе де ашық. Сырттан соққан суық 
жел үй ішінде гүлеп тұр. Мана тӛменгі бұрышта асықтарын мәшін етіп ойнап 
отырған боқмұрын інім кӛрінбейді. Есікті ашып кеткен сол екені анық. 
Байқаймын, мұрным бітеліп қалған сияқты, пыр-пыр етіп әзер дем аламын. 
Басым мең-зең. Шекем шың-шың етеді. Орнымнан тұра беріп етбетімнен 
құладым. Қисалаңдап қайта тұрдым. Тізем дір-дір етеді. Тәлтіректеп сыртқа 
шықтым. Таң атып қалған екен деймін. Күн қып-қызыл болып желке 
тұсымнан шығып келеді. Батыс жақтан. Бұнысы несі, күн шығыстан шығушы 
еді ғой деймін. Үйдегілер қайда? Неге бүгін бәрі ерте тұрып кеткен? Бір 
мезет құсқым келген. Бірақ лоқсып-лоқсыдым да қойдым, аузыма қара судан 
басқа ештеме келмеген. Сосын басым айналып біраз тұрдым да, тәй-тәй 
басып келіп үй бұрышында тұрған ағаш шӛркеге отырдым. Кӛзім боталап 
сонау шығыс белдеудегі таулардың шоғыр-шоғыр қыр арқасына қараймын. 
Жоқ, таулар емес, жал-жал болып тӛңкеріліп жатқан кӛк теңіздің кӛкдолы 
толқындары сияқты. Сол толқындарды қақ жарып, әне, Алтайдың Ақсӛре 
шыңы ақ желкенді кемедей әлдеқайда асыға жүйткіп барады. Капитан 
Гранттың кемесі. Онда ешкімнен, ешнәрседен қорықпайтын теңізші балалар 
бар. Шіркін-ай, солармен бірге адам аяғы баспаған алыс-алыс аралдарға 
аттанып кетсем ғой... Күтпеген жерде сол жақ тұсымнан секіре жүгірген аяқ 
дыбысы естілгендей болды. Жалт қарасам... маған қарай арсалаңдай 
ұмтылған ӛзіміздің сабалақ жүнді ақтӛс ит екен. Ес жиғанымша үстіме міне 
түсті де, бетімді жалап алды. «Кет-ей!» деп тұмсықтан бір ұрдым. Жалт 
бұрылған екі-үш қадам жерге бүлкектеп барып, шоқия отырды. Кӛзі маған 
мұңая қадалған. Құдды «бұл адам деген мақұлықты сүйіп алсаң да 
жақпайсың» деп тұрғандай. Артынша желке жағымнан... сұр шекпені 
сӛлбірейіп, қара бӛркі мыжырайып, торы атына миқия мінген әкемді, оның 
соңынан... інімді қолынан жетелеп, кирзі етігі салпылдап келе жатқан 
шешемді кӛрдім. Неге екені белгісіз, олардың осы түрі маған соншама 
кӛңілсіз, соншама жүдеу кӛрінді. Басыма бірінші рет «менің әкем неге қойшы 
болды екен?» деген ой келген. 
– Ӛй, сен неге сыртта отырсың? – деді әкем атынан түсе беріп. 
Үндемедім. 


– Балам-ау,мына отырысың не? Үстіңе бірдеме іліп шықпадың ба? – деді 
шешем жаныма жақын келіп. 
– Үндемедім. 
– Аға, мен қозылармен ойнап келдім, – деп інім мойныма асыла түскенде 
ғана селт еттім. 
Жүрегім елжіреп кетті. Інімді ӛте жақсы кӛруші едім. Томпиған бетінен 
сүйейін деп орнымнан тұра бергенде... шайқалақтап барып тізерлей құладым. 
Шекеммен жер сүздім. 
– Ойбай, кӛтек! Мынау ауырып қалған ба?! – деп, шешем де аңырай үстіме 
құлаған. 
– Ӛй-ӛй мынаған не болған-ей! – деп әкемнің шошына дауыстағанын 
естимін. 
Шешемнің ып-ыстық құшағы... Бірдеме дегім келеді. Бірақ дей алмаймын. 
Кеудемді бір нәрсе ашыта түскендей. Басым айналып... жоқ, жер тӛңкеріле 
бергендей... Бұдан кейін... әкемнің мені құшақтай кӛтеріп үйге ала жӛнелгені, 
тӛр басына жатқызып, маңдайыма суық су басқаны, шешемнің жылап жүріп 
бір-екі түйір дәрі ішкізгені – бұлдыр-бұлдыр есімде. 
...Күндіз бе,түн бе... түсім бе – білмеймін... Менің оқып жатқан кітабымды 
інім қолымнан жұла қашып, сыртқа қарай зыта жӛнелгенін кӛремін. «Тоқта! 
Таста кітапты!» деп соңынан қуып беремін. Ол тоқтамайды, сақ-сақ күліп 
тауға қарай қашады. Мен жанұшыра қуа түсемін. Қолымда теңіз 
қарақшыларының кольт пистолеті. «Тоқта! Тоқта! Атамын!» деймін 
айқайлап. Ол тоқтамайды, жүгірген бойда жолай кезіккен биік қарағайдың 
басына ӛрмелей жӛнеледі. Жоқ, қарағай емес, желкенді кеменің биік діңгегі. 
Інім соның басына шығып алып, қолындағы кітап беттерін жыртып-жыртып 
желге ұшырады. Мен кольт пистолетімен оны атып жіберемін. Ол шыңғыра 
құлай береді. 
– Әке-е, әке-е! Мен оны аттым, – деймін булыға қыстығып. Әкем 
маңдайымнан сипайды. Алақаны сұп-суық. Үстінде аппақ шапан. Сақалы да 
аппақ. Әкемнің сақалы жоқ еді ғой деймін. Сосын... кӛз алдымда кӛлбеңдеген 
жаңағы кӛп елес біртіндеп алыстай түсті де, жалғыз ғана адамның бейнесі 
қалған... Сақалы кеудесіне түскен үлкен ақсары шал. Сұп-суық алақанымен 
маңдайымнан сипап қояды. Одан әріде тақыр басы салбырап әкем отыр. 
Түсім емес – ӛңім. Елес емес – кәдімгі әкем мен әлдебір шал. 
– Батыр, қалайсың? – дейді шал, бадырайған алакӛзін маған тік қадап. 
Денем дір ете қалды да, кӛзімді жұма қойдым. Бұл кім? Қайдан жүрген адам? 
– Аш, балам, кӛзіңді, – дейді ол әмірлі дауыспен. 


Ашпадым. Қорқып жатырмын. Бас бармағын батырып білезігімнен 
ұстағанын білдім. Қолымды одан жұлқи тартып едім, таскенеше жабысқан 
саусақтар жібермеді. 
– Қорықпа, құлыным. Бұл кісі – емші атаң ғой. Тамырыңды ұстасын да. – 
(Әкемнің дауысы). 
Шал ұстаған бас бармақтың басынан лүп-лүп соққан қантамырдың 
бүлкілін сеземін. Недәуір уақыттан кейін шал: 
– Балаға жел тиген. Шайтан ұрған. Су әкеліңдерші, – дегенін естідім. 
Тӛмен жақтан тырп-тырп басқан аяқ тықыры білінді. 
– Ата, айтыңызшы, балаға не болған? Мына дерттен айыға ма, жоқ па? – 
(Шешемнің дауысы). 
– Абыржыма, қарағым, ертең-ақ құр аттай шабады. Қатты жел тиген ғой. 
Үйде баланы жалғыз қалдыруға бола ма. Ескі-қыстау, иен жер. Жын бар, 
шайтан бар дегендей... 
Бетіме бүркіп жіберген суық судан селк етіп, кӛзімді қалай ашып 
алғанымды білмей қалдым. 
Шалдың еріні жыбырлап бірдеме оқып отыр. Оқып-оқып алып бетіме 
«суф» дейді ыстық демімен. Тағы оқиды. Тағы да – «суф, суф». Осыны 
бірнеше қайталады да: 
– Басын кӛтеріп отырғыз, – деді әкеме. 
Әкем желкемнен демеп кеудемді тіктеп отырғызды. Шал орнынан тұрды. 
Қолында қамшы. Кірпідей жиырыла қалдым. Қазір соғады. 
– Кет, бәлекет, кет! 
Арқамнан қамшы сипап ӛтті. Ауырған жоқ. 
– Кет, бәлекет, кет! Ойға кет! Қырға! Суға кет! Суф! Суф! 
Қамшы арқамнан және сипап ӛтті. Байқаймын, бойым шынында да 
жеңілдеп, сергіп қалғандай. 
– Енді жылы бүркеніп жат, – деді шал бетіме күлімсірей қарап. 
Жаттым. Шал жиюлы жүкке арқасын сүйей отырды. Жерге дастарқан 
жайылды. Артынша буы бұрқырап қуырдақ, шәй келді. Кӛрпенің бір 
бұрышынан сығалай қараймын. Маған кӛлденең жабысқан кесел-дерттің бірі 
ойға, бірі қырға кеткеніне сенгендей әкем мен шешем енді жайбарақат шәй 
ішуге кіріскен. 
– Жел тигеннен адам ӛстіп ес-түсінен айырыла ма, – дейді әкем. – Түні 
бойы жын қаққандай сандырақтап шығады. Бұл ӛзі басқа бір дертке 
ұшыраған жоқ па осы? 
Шал жымиып күлді. Сосын шәйын сораптай отырып: 
– Қарағым, жел деген оңай жау емес. Баяғыда іргеден соққан жынды 
желдің кесірінен бір тайпа ел мүлде құрып та кеткен, – деді. 


Мен елең еттім. «Жынды желі» несі? Бір тайпа елдің құрып кеткені қалай? 
– Қызық екен, – деді әкем таңданып. 
– Қызық емес, сұмдық де. Сол сұмдыққа жеткізген – мақтаншақ 
қатындардың даңғойлығы болған. 
Шешем именшіктеп тӛмен қарады. Бұны байқап қалған шал: 
– Шырағым, ол замандағы «қатын» сӛзінің қазіргі әйел затына қатысы 
жоқ. Сонан кейін... мен ауызға алған тайпаның кӛсемі қол астындағы 
адамдардың еркегін де, әйелін де кейде «қатын» деп сӛйлейтін әдеті болған. 
– Ақсақал, сіз бір қызық әңгіменің ұшын шығарып отырсыз. Егер айып 
болмаса, осы әңгімені түп-түгел айтып беріңізші бізге. Мына бала да 
тыңдасын, – деп әкем қопаңдай түскен. 
– Бала тыңдағанмен қазір бәрін түсінбейді. Тек сӛздің ұзын-ырғасы ғана 
есінде қалады. Бірақ кейін, есейе келе мұндағы әрбір сӛз жадында қайта 
жаңғырып, қатты ойланатына менің күмәнім жоқ. 
– Ойпырмай, ішті кептірдіңіз-ау, ақсақал. Айтыңызшы. Бәрін басынан 
бастаңызшы. 
Шал сақалын саумалап біраз ойланып отырды да, тамағын қырнап, бір-екі 
рет жӛткірініп қойды. «Тезірек сӛйлесе екен, айтса екен» деп мен жатырмын. 
– Ел бар жерде ескіден қалған сӛз болады. Ондай сӛз атадан балаға, 
баладан немереге, немереден шӛбереге жетіп, ұрпақтан ұрпаққа кӛшеді. 
Менің айтқалы ортырғаным да – сол ескілікті сӛздің бірі ғой, – деді шал. – Ал 
енді тыңдай беріңдер... 
...Сонау ерте дүниеде, осы Алтайдан айшылық алыс жерде ӛріс толы малы 
бар, шаңырақ толы жаны бар, ағаш уықты, киіз туырлықты Алас деген тайпа 
тіршілік етеді. Оған кӛршілес кӛшіп-қонып жүретін, найзасы кӛк, қылышы 
кӛп Мұндар деген тағы бір тайпа болады. Осы тайпа ешкіммен қақ-соғы жоқ 
Алас тайпасын қайта-қайта шауып, малын айдап әкетіп, жанын байлап 
әкетіп, әмсе тыныштық бермейді. Аластың алаӛкпе жігіттері бірнеше рет ӛз 
кӛсемдерінің алдына келіп: «Алдияр тақсыр, мұндарлар әбден басынып бітті. 
Атқа қонайық, алдаспанды қыннан суырайық» дейді. Бірақ кӛсем: «Әлі де 
шыдайық. Кім не істесе де тӛзе тұрайық. Бірде болмаса бірде тәубаға келер, 
ес жияр. Олармен қазір айқасамыз деп онсыз да аз халқымызды қырып 
алмайық», – деп кӛпке басу айтып отыра береді. Алайда мұндарлар кӛсем 
күткендей «естерін жимайды». Ес жимақ түгіл күн ӛткен сайын есіре түседі. 
Есіргендері сондай, бірде бес-алты мұндар тапа-талтүсте кӛсем отырған орда 
алдына шаңдата шауып келіп, бұлғарымен оралған ұзынша бір затты есік 
аузына тастай бере шаба жӛнеледі. 


Кӛсем бұлғары орауын ашып қарағанда, ұзыннан қатар салынған екі 
затты кӛреді. Бірі – үшкір басына алтын сақина кигізген қара кӛсеу де, 
екіншісі – ӛрімі тарқатылған бұзаутіс қамшы екен. 
– Бұл не? – деп кӛсем жанында отырған кӛпті кӛрген, кӛп жасаған тайпа 
ақсақалына қарайды. 
– Бұл – мұндар тайпасының «бұрымдыңды күң етем, тұлымдыңды құл 
етем» дегені, – дейді ақсақал. 
– Бұл – мұндарлардың ӛз күшіне әбден сенгені. Сенгені сол – тапа-
талтүсте ордаңның алдын шаң қылды. Шаң қылғанды қан қылатын сенен бір 
адам шықпады. Бұл – тайпаңның намыс оты ӛшкені. Сен «шыдай тұр да тӛзе 
беріңмен» асыл текті Аласты осындай күйге түсірдің, – дейді ақсақал кӛсем 
кӛзіне тік қарап. Сосын тағы сӛйлейді. Сӛйлегенде бүй дейді: 
– Жеріміз жәннат еді, мұндарлар тозақ қылды. Бұл жер енді бізге қоныс 
болмайды. Алтайдың арғы бетіне ӛтуіміз керек. Бірақ оған бізді мұндарлар 
оңай ӛткізбейді. Олармен жол бойы айқасып-шайқасатын жүректе от, бойда 
күш бар ма бізде? Әлде шынымен бәрі сӛніп біткен бе? 
Бастары салбырап үнсіз отырған нӛкерлер кӛз астымен кӛсемге қарайды. 
Кӛсемнің қар жауардай қабағы түйіле түседі, түйілген қабақпен бірге бет-
жүзі де түнере береді. Сосын бір сәт орнынан сілкіне тұрып, ту сыртында 
ілулі тұрған , кӛптен бері сабына қол тимеген алмас қылышты қынабынан 
суырып алады. Жарқ еткен қылыш жүзін кӛргенде, бүкіл орда іші қопарыла 
тік кӛтеріледі. 
– Алас! Алас! – дейді қылыштарына қол салып. 
– Алас! Алас! – дейді сырттағылар найзаларын кӛтеріп. 
– Алас! Алас! – дейді ӛрістегі малшы менен жалшы да. 
– Естідің бе, кӛрдің бе мынаны! – дейді ақсақал кӛсемге. – Іштегі 
алашұбарға, сырттағы қарашұбарға басыңды шұлғи берумен асыл текті 
қаныңды кеше маңыраған қой еттің, бүгін қылышыңның бір жарқылымен 
бәрін қайта арыстан қылдың ақырған. Атыңа мін енді! 
Кӛсем атқа мінеді, Тайпа түгел қопарыла тұрады. Бұл – қара күздің аяғы, 
қақаған қыстың басы еді. Сӛйтіп малды-жанды қалың кӛш шұбыра созылып, 
Алтайдың арғы бетін бетке алады. 
(Емші шал сӛйлеп отыр. Үй іші алакӛлеңке. Жиюлы дастарқан шетінде 
білтелі шам ӛлеусірей жанады. Шешем мен кішкентай інім бір бұрышта пыр-
пыр ұйқыға басқан. Шалдың екі жағына жаңбастай қисайып, әңгімені ұйып 
тыңдап жатқан әкем екеуіміз ғана. Шындығында, мен әңгіме тыңдап емес, 
бір қызық кино кӛріп жатқандаймын. Жоқ, қызық емес, үрейлі, қорқынышты 
кино. Кӛз алдымда... қым-қиғаш кӛріністер... Аппақ қарлы асулар... Асу үсті 
ақ тұман. Ақ тұманға бұлдырай сіңген салқар кӛш. Құлағыма сыңсыған ән 


келеді алыстан... «Ауылым кӛшіп барады таудан асып, таудан асқан 
бұлттармен араласып»... Бір бүйірден жалаңдаған қылышты, шошаңдаған 
найзаны кӛремін... Кӛшке қиқулай шапқан қалың қол... Азан-қазан айқай-
шу... ысқырынған жебелер. Сартылдаған қалқандар. Шыңғырған дауыстар... 
шырылдаған балалар... Бір кӛріністен – бір кӛрініс... кӛз алдымнан кӛше 
береді кӛлбеңдеп... Кӛргенімнің бәрі сұмдықтар. Бірінен бірі ӛтеді. Енді 
міне... шың басында ауа етпей булыққан адамдар... Құз-қиядан құлдырай 
құлаған жылқылар... Жол бойы аштан ӛліп қырылып жатқан қой-ешкі. 
Құлағыма тағы да зарлай салған ән естіледі алыстан... «Қаратаудың басынан 
кӛш келеді, кӛшкен сайын бір тайлақ бос келеді...» Мен кӛрген кинолардың 
бірінен де мұндай тӛбе құйқаңды шымырлатар зарлы әнді естіген емеспін. 
Мен оқыған кітаптардан да дәл осындай жан түршігер кӛріністер 
кездеспеген. Шал әлі сӛйлеп отыр...) 
– Сонымен, не керек, анау қара күздің аяғында жолға шыққан кӛш бірде 
жаудың қылышынан, бірде қыстың суығынан, тағы бір жерде аштық пен 
індеттен қатары сирей-сирей келіп, келесі кӛктемнің басында ғана осы 
Алтайдың бергі бетіне жетеді. Жарым-жартысы ғана. Еркеккіндікті аз қалған. 
Бала атаулы кӛзге сирек түседі. Бас кӛтеріп, қара кӛбейтіп жүргендердің кӛбі 
– қатын-қалаш, қыз-қырқын. Бұны кӛрген кӛсем: 
– Біз Тәңірдің қатал сынынан ӛттік. Кӛздеген жерге жеттік. Әр 
шаңырақтың уығы сиреді, бірақ қанаты бүтін. Бесігіміз қисайды, бірақ оны 
түзейтін қолымыз сау. Тәңірім ендігі жерде қатынның кӛзін бесіктен, 
құлағын еркектен айырмасын! Тайпаның басты ұраны да осы болсын», – 
дейді. 
Сонда тайпа ақсақалы басын әнтек кӛтеріп: 
– Бұл сӛз тайпаның ұраны ғана емес, темірдей берік заңы да болсын! – 
дейді. 
(«Мынау бір қызық ұран, қызық заң екен» деймін мен таңданып. Деймін 
де әңгімені одан әрі тыңдаймын). 
– Жаңа жерге тайпа жақсы орнығады. Аз-ақ жылда ӛріс малға, қоныс 
жанға толады. Әр шаңырақтан он-он бестен ӛріп шыққан ӛрімдей жастар 
тайпаның сәніне айналады. Олардың мінгені құйрық-жалы тӛгілген кілең 
сәйгүлік, кигендері сусылдаған жібек пен жылтылдаған торқа болады. Кәріде 
қайғы, жаста уайым болмайды. Жалшы менен малшының жегені алдында, 
жемегені артында, ауыздарынан ақ май ағады. 
(«Па, шіркін», – дейді қисая жатқан әкем тамсанып. Дейді де терең 
күрсінеді. Мен кӛрпемді желпіп-желпіп қоямын. Шал сӛйлеп отыр). 
– Сол заманда, сонау терістікте ағаштан үй, тастан қорған салдырған 
Орман деген тағы бір тайпа болған екен, – деп шал әңгімесін енді кілт басқа 


арнаға бұрған-ды. – Күндердің күні ол тайпаның алыс жерден сауда жасап 
оралған адамдары бірден ӛз кӛсемдерінің алдына келеді. 
– Алдияр тақсыр, – дейді олар алқына сӛйлеп. – Саян тауларының арғы 
жағынан, Алтай тауының бергі бетінен Алас деген бір тайпаны кӛрдік. Кӛріп 
қана қойғамыз жоқ, екі-үші күн сауда жасап, ішкі тірліктерімен де жақсы 
таныстық. Мұндай қызық тайпа еш жерде жоқ шығар. 
– Ал несі қызық, айтыңдар, – дейді кӛсем. 
– Алдымен таңқалғанымыз, ол тайпаның адамдары алтын-күміс, асыл тас 
дегенге мүлде қызықпайды екен, – дейді бірі. 
– Жоқ, қызығады. Жылтырақты кӛргенде қатындарының кӛзі оттай 
жанады. Бірақ байларына қарайды да, жым болады, – дейді екіншісі . 
– Және қызығы, – дейді үшіншісі, – кӛсемдері әйел затын ерекше 
ардақтайды екен. Оны мынадан кӛрдік. Бір жас жігіт кӛсіліп отырған 
кемпірдің аяғын аттап ӛткені үшін кӛсем оған қырық дүре салдырды. 
– О-о! Керемет екен! 
– Бізде де солай болса ғой, – деп кӛсем жанындағылар жаныға түседі. 
– Одан да қызығы мынау, – дейді тӛртіншісі. – Кӛсем қатындарды 
ардақтаумен қатар жазалай да біледі екен. Қазан қақпағын ашып кеткен бір 
келіншектің ол кӛптің кӛзінше ұзын қара бұрымын кестіріп жіберді. 
– Қой-ей! Бұнысы несі? 
– Қақпақта тұрған не бар! 
– Мынауың кӛсем емес, кәззап қой, – деп кӛсем жанындағылар енді түңіле 
бастайды. 
– Тоқтаңдар! – дейді осы мезетте олардың тайпа ақсақалы. – Кӛсемнің бұл 
ісінде астарлы үлкен гәп бар. Сендер сол гәпті түсінбей тұрсыңдар. Кӛшпенді 
жұртта «Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді» деген сӛз бар. Бұл – 
алдымен, тәртіпті меңзейтін сӛз. Тәртіп те – қазанның қақпағы сияқты. Ол 
кетсе, бәрі кетеді. Ұят та, ар да, ынсап та. Кӛсем соны ишарамен білдірген. 
Екіншіден , олар үшін қазан – ырыс-несібенің белгісі. Кӛптің ырыс-несібесі 
ашық жатса, оған кім қол салмайды, кім тұмсығын тықпайды. Бұл 
кӛшпенділер дегенің бәрін ишарамен, ыммен білдіретін жұрт қой. 
Дүниеде бізден ақылды ешкім жоқ деп білетін Орман тайпасының 
адамдары бір-біріне аңтарыла қарайды. Қабақтары түседі, ауыздары 
салпияды. Артынша әлгі саудагерлердің бірі: 
– Бізді тағы бір таңқалдырғаны – кӛсемдері қайта-қайта қолын жуып 
отырады екен. Содан ба, алақандары ақ күмістей жарқырайды, – дейді. 
– О несі екен? 
– Кірпиязын қарай гӛр. 


– Онда тұрған не мән бар, әншейін әдеті де, – деп бұны әркім әрқалай 
топшылай бастағанда, тайпа ақсақалы күліп жібереді де: 
– Әй, маубастарым-ай, кӛсемнің қолы таза болса, әмірінің жүргені, 
айтқанының болғаны емес пе, – дейді. 
– Бұл да ештеңе емес, Алас тайпасының ең қызығарлығы сол, олардың 
еркектері ӛте ұзақ жасайды екен, – дейді және бірі. – Мысалы, жаңағы 
кӛсемнің жасы жүзде болса, тайпа ақсақалы жүз жиырмаға келіпті. 
Манадан бері іштей оттапсыңдар деп отырған тайпа кӛсемі енді ғана селт 
етіп: 
– Ау, басқадан бұрын осыны айтпайсыңдар ма, түге! Олар сонда не ішіп, 
не жейді екен? – деп күйіп кеткендей болады. 
(Емші шал әкеме күле қарап: «Қай заманда қай кӛсем ұзақ жасағысы 
кемеген дейсің. Олардың ӛмірі екеуіміздікіне қарағанда жақсы ғой» дейді. 
Әкем күлген жоқ. Мен де езу тарта алмадым. Шал әңгімесін әрі жалғаған). 
– Олар кӛбінде жылқының етін жейді, қымыз деген ашқылтым бірдеме 
ішеді, – дейді әлгі саудагер. 
– Кӛшпенділердің бәрі солай. Бірақ олардың тым ұзақ ӛмір сүргендерін 
кӛргем жоқ. Бұның басқа бір себебі бар, – деп кӛсемнің басы қатады. Сосын 
ойлана келіп: 
– Жерінің суы қалай? – дейді. 
– Біздікі сияқты... мӛп-мӛлдір. 
– Ауасы ше? 
– Айырмашылық жоқ... Сүрі қардай сыңғырлап тұр. 
– Шӛбі? 
– Кәдімгі біздің шӛп. 
– Ол еркектердің қатындары жас шығар?
– Жасы да, кәрісі де бар. 
Бұл сӛздердің бірі де кӛсемді қуанта алмайды. Амалы құрыған ол, ақыры: 
– Сендер былай... Сол еркектердің ӛзімен бұл жӛнінде сӛйлесіп кӛрдіңдер 
ме? 
– Сӛйлестік. 
– Иә, олар, не дейді? 
– Олар былай дейді... – деп саудагерлер қипақтап қалады. Бұны айтсақ па, 
айтпасақ па дейтіндей. 
– Иә, не дейді олар? Тезірек айтпайсыңдар ма соны? 
– Олар былай дейді. «Біздің ұзақ жасайтынымыздың басты себебі... мынау» 
дейді, – деп және кібіртіктей бергенде, ашуға булыққан кӛсем қынабынан 
қылышын суырып алады. 
– Бастарыңды шауып тастайын ба осы қазір! 


– Ойбай, тақсыр, айтайық, айтайық, – деп саудагерлер жапырыла құлайды. 
Құлап жатып: 
– Олар бізге бір-ақ сӛз айтты, – дейді. 
– Сонда не дейді? 
– «Біздің қатындар аз сӛйлейді» дейді. 
Кӛсем сылқ етіп отыра кетеді.
* * * 
– Жә, Орман тайпасы ӛзімен кетсін. Енді ӛз тайпамызға қайта оралайық, – 
деп шал әңгімесін әрі созған. – Расында, Алас тайпасының қара қазығы 
қатындар болады. Тайпа солардың арқасында гүлдейді, бүрлейді, іргесі 
мықты,керегісі кең үлкен қауымға айналады. Кӛсем олардың тӛбесінен құс 
ұшырмайды, үнемі қолдап, қолпаштап отырады. Не сӛйлесе де «біздің 
қатындар» деп сӛйлейді. Кейде бұл сӛзі еркектерге де қаратылып кетеді. 
Бұған күлетін түк жоқ, біздің бӛріктілердің ішінде де шашы ұзындары 
болады ғой... 
(Шал еңкейе созылып менің тақыр басымнан сипап қойған. Алақаны сап-
салқын екен. Тегі ыстығым әлі қайтпаса керек). 
– Бӛріктілер демекші, – дейді сосын ол. – Бұл тайпаның еркектері 
жылына бір-екі рет алыс тауларға аттанып, біраз күн аң аулап, саятшылап 
қайтатын әдеттері бар екен. Бірде сол әдеттерімен садақтарын асынып, қыран 
бүркіттерін қолға отырғызып, ұшқыр тазыларын алға салып, тау асып кете 
барады. Құрым киізді қоңыр үйлерде тек қатын-қалаш, қыз-келіншектер ғана 
қалады. Міне бар бәле осы кезден басталады. Қалай дейсіңдер ғой? Былай. 
Дәл осы күндері, қас қылғандай, тайпаның ең кәрі кемпірі – кӛсемнің шешесі 
кӛз жұмады. Қатындар қатты абыржиды. Қабір қазатын бір еркек жоқ. Күн 
болса, ыстық. Мәйітті тырайтып жатқыза беруге болмайды. Амал жоқ, 
қатындар қолдарына бір-бір күрек алып, сонадай жердегі кӛкшіл белдің 
үстінен кӛр қазуға ӛздері кірісіп кетеді. Бір күрек бойы қара топырақ 
шығады. Екі күрек бойлағанда сары топыраққа ілігеді. Белден тӛмен 
түскенде кӛкшіл құмды кӛреді. Құм арасынан жылтылдаған бірдемелерді 
байқайды. 
– Әй, мынау не? – деп кӛр түбінде тұрған әйел бір күрек құмды сыртқа 
лақтырып тастайды. Сары топырақ үстіне шашылып түскен құм іші... жылт-
жылт жымыңдайды... Жалт-жұлт жарқырайды. Бұны кӛрген қатындардың бір 
сәт тілі байланып қалады, ӛз демдеріне ӛздері тұншығады. 


– Ал-тын, – дейді әуелі әзер сыбырлап. Сосын бар дауыстарымен: 
– Ал-л-тын, – дейді айқайлап. 
– Алты-ын! Алты-ын! – дейді тау жаңғырығып. 
– Алтын! Алтын! – дейді орман-тоғай шуылдап. 
Жерде тұрған қатындар ентелеп кӛрге ұмтылады. Кӛрде тұрған қатын 
долданып: 
– Жоламаңдар! Бастарыңды шабамын! – деп күрегін айбалтадай ары-бері 
сілтейді. – Алтын керек болса, ӛздерің қазып алыңдар. 
Енді әр қатын әр жерден топырақты бұрқылдата жӛнеледі. Қызық 
болғанда, кӛп ӛтпей-ақ олардың да күрегіне құм аралас алтын іліге бастайды. 
Қазған сайын табыла береді. Тапқандарын... шешіп жіберіп кӛйлектеріне 
түйеді... сыпырып тастап, дамбалдарына толтырады. Жайшылықта біреуінің 
тобығы кӛрініп қалса жабыла бет шымшитын олар енді түп-түгел жалаңаш 
қалған жарқырап. Қызаратын қатын жоқ, қымсынатын қыз да жоқ. Бәрінің 
кӛзі алтында. Ал ӛлген кемпір боз үйде истеніп жата береді. 
Кӛп ұзамай саятшылықтан еркектер де оралады. Оралған сәтте.. иен 
тұрған үйлерді, түтіні ӛшкен қазан-ошақты, иістеніп жатқан кемпірді, кӛкшіл 
белдің үстінен кӛп қатынды кӛреді. Оларға шауып жеткенде: 
– Алтын! Алтын таптық! – дегенінен басқа ештеме естімейді. Сонда мән-
жайды әбден білген тайпа ақсақалы: 
– Бітті! Құрыдық! Алас тайпасының басына ақыр заман келді! – деп аттан 
құлап түседі. 
* * * 
Алас жерінен алтын табылғаны туралы сӛз кӛсем шешесінің топырағы 
суып үлгіргенше алыстағы Орман тайпасына, жақындағы Обыр тайпасына, 
жер түбіндегі Жебір тайпасына желдей есіп жетеді. Бәрі бір-ақ шешімге 
келеді: Алтынды алу керек, Аласты құрту керек. Ал қалай құртуға болады? 
Бұл жағынан әр тайпа ӛздерінше бас қатырады. Күн ойлайды, түн ойлайды. 
Кӛппен кеңеседі, азбен ақылдасады. 
– Таптым! – дейді ақыры Орман тайпасының кӛсемі. – Оларды біз 
жындысумен аламыз. Оған бойларын бір үйретіп алсақ, ӛздері-ақ тұздай 
құрып бітеді. 
Олар осыны айтады да, кеспек-кеспек «қызылсуын», жәшік-жәшік 
«мӛлдірсуын» Алас жеріне қарай аттандыра бастайды. 
Бұл уақытта оң жақтағы Обыр тайпасы да қарап жатпайды, Аласты қалай 
алу жӛнінде олар да сан түрлі амал іздейді. 
– Қарумен аламыз, – дейді қатуланған бірі. 
– Оның күні ӛткен, – дейді кӛсем. 


– Қорқытып кӛреміз, – дейді қопаңдаған бірі. 
– Ат үстіндегі адам ешкімнен қорықпайды. 
– Кӛсемдерінің кӛмейіне, нӛкерлерінің жемсауына жем тастап аламыз. 
– О тесіктері бітеу олардың. 
Енді не істейміз деп бұлардың басы салбырай бастаған кезде, есік жақтан 
шиық-шиық еткен бір зәндем күлкі естіледі. Тӛрдегілер түксие қараса... 
тышқан кӛздері жылтылдап, апандай аузы ырсиып, бір қара кемпір шоқшиып 
отыр екен. Қолында алақандай айна. Соған қарайды да күледі. Күледі де 
сӛйлейді. 
– Құдіретіңнен айналдым, кереметіңе сүйсіндім. Мыналарды маймыл етіп 
кӛрсетші. 
Айна беті жарқ етіп тӛрге қарай бұрылды. Тӛрдегілер одан маймыл түрін 
кӛреді. 
– Құдіретіңнен айналдым, кереметіңе сүйсіндім. Енді бұларды арыстан 
етіп кӛрсетші. 
Айна бетіне арыстандар шыға келді. 
– Міне, қарудың кӛкесі, – дейді кемпір сиқырлана жымиып. – мен 
бұнымен бүкіл дүнияны табаныма саламын. 
– Ойбай, дүнияңды қой, аттан алдымен Алас тайпасына! – деп кӛсем 
кемпірге құшағын ала ұмтылады. 
Ертеңіне ел тұрмай жатып алысқа кетеді. 
* * * 
Жер түбіндегі Жебір тайпасы Орман мен Обыр сияқты Аласқа бірден 
ұмтылмайды. Олардың айла-тәсілінен не шығарын сырттай күтіп отыра 
береді. Сосын арада жылдар ӛткенде, «жақсылықтар» құлаққа жеткенде, 
қулық-сұмдықтың небір түрін білетін, тым әдемі сӛйлейтін, ӛте әріден 
ойлайтын, шашы алтындай сап-сары, беті ақша қардай аппақ жалғыз 
қатынды алыс жолға салады. 
Ол қатын апта жүріп, ай жүріп, күндердің күні тайпа шетіне іліккенде, бір 
тӛбенің басында тоңқаңдап жатқан кӛп қатынды кӛреді. Алдарында тас 
мүсін. Сақалды еркек мүсіні. Қатындар оны құшады. Құшады да құлайды. 
Құлайды да жылайды. 
– Ау, не істеп жатырсыңдар? Бұларың кім? – дейді ақша қардай ақ қатын. 
Қатындар жалт қарайды да, тым-тырыс тұра қалады. Сәлден кейін ғана ес 
жиып: 
– Бұл біздің Құдайымыз, – дейді. – Ал сен кімсің? 


– Мен қатындар патшалығынанмын. Сендерді іздеп келемін. Біз жер 
бетіндегі әр қатынды құдайдай кӛреміз. Келіңдерші табандарыңнан сүйейін, 
– деп ақша қардай ақ қатын етбетінен түседі. 
– Ойбай қойыңыз, сіз емес біз сүйейік сол табанды, – деп кӛп қатын ақ 
қатынның аяғына жығылады. 
– Бұдан әрі ақ қатын кейін кӛп қатынның алақанында кетеді. 
...Арада ай ӛтеді, жыл ӛтеді. Ақ қатын үйде отырса, тӛр басындағы 
тӛредей маңғазданады, сыртқа шықса, кӛп қатынның алдында мамақаздай 
мамырлайды. «Әй» дейтін оған еркек жоқ. «Әй»-ді қойып «ә» десе ӛз 
қатындары «мә» дейді. Ӛйткені олар құдай болудан қалған ғой. Құдай 
болатындай сияқтары да қалмаған. Орман тайпасы «тәтті сусындарына» 
тойып алып күні бойы киіз үй іргесінде тоңқаяды да жатады. Мал бағусыз, 
қатын қараусыз қалады. Бала-шаға күндіз-түні баяғы Обыр тайпасынан 
келген қара кемпірдің айнасына қарайды да отырады. Ғажап айна! 
Алыстағыны алақандағандағыдай кӛрсетеді. Ал ол не кӛрсетпейді десеңші. 
Бұзауға артылған бұқаны, жігітке ӛзі артылған қыздарды, жалаңдаған 
пышақты, жап-жалаңаш құшықты, жын қаққандай биді, құтырынған күйді, 
бәрін-бәрін кӛрсетеді шіркінің. Оны кӛрген қыз-жігіт тепең-тепең етеді. Қол 
сумаңдап етекке, қыз елпеңдеп жетекке кетеді. Ал бұл кезде ақ қатын не 
істейді? 
Ол енді кӛп қатынды жиып алып, ақбоз үйде мынадай сӛз бастайды: 
– Балаларың әлсіз, еркектерің әрсіз, суыққа шыдамсыз екен, – дейді. 
– Ол неден? – деп кӛп қатын елең қағады. 
Ақ қатын есіктен басқа тесігі жоқ, шаңырақтан басқа жарығы жоқ үй ішіне 
сұқ саусағын шошайтып: 
– Күн түспейтін, жел кірмейтін мынадай үйде бетте ӛң, бойда қуат бола 
ма. Бала-шаға, еркекті қойып, сендердің де түрлерің оңып тұрған жоқ, – 
дейді. 
– Сонда не істеу керек? – дейді кӛп қатын. 
– Іргені ашып, киіздерді кесіп, тұс-тұстан тесік жасау керек. Сонда желге 
де, жарыққа да қарық боласыңдар. 
– Міне ақыл! – деп кӛп қатын іргелерді кӛтеріп, киіздерді тесіп-тесіп 
тастайды. Бірақ, жел соқпайды күткендей. 
– Бұ қалай? – деп кӛп қатын ақ қатынға мӛлие қарайды. 
– Анай тайпаға әкелер тар жолдың бойы тұтасқан қара орман ғой. Бүкіл 
желді ұстап тұрған сол-дағы. 
Кӛп қатын кӛп ойланбай-ақ от қояды орманға. Әп-сәтте қызыл жалын 
кӛкке жалаңдап. Ағаштар күн жанады, түн жанады кӛк түтін будақтап. 


Ақыры ит тұмсығы ӛтпейтін, доңыз аяғы жетпейтін ну орманның орнында 
жап-жалаңаш тау қалады сопайып. 
Сол-ақ екен: ойдан-қырдан, оңнан-солдан самал лекіп қоя береді. 
Қатындар мәз боп қол соғады. Еркектер желпініп кеуде ашады. Бірінің бетіне 
әр кіреді, бірінің бойына әл бітеді. Мұдай рақатты кім кӛрген!.. Бірақ, амал 
не, бұл рақат ұзаққа созылмайды, самалдың арты желге айналады. Желдің 
соңы қара дауылға ұласады. Ол күндіз-түні түйедей боздап, иттей ұлып 
тұрады. Бір сәт тұна қалады, бір сәт екілене қайта соғады. Жыландай 
ысылдап іргеден кіреді, айдаһардай ысқырып есіктен шығады. Зәрі еттен 
ӛтеді, ызғары сүйекке жетеді. Ыңырсып жылап бала бесікте жатады. Күрк-
күрк жӛтеліп еркектер есікте отырады. Кӛздері алақ-жұлақ етіп кӛп қатып ақ 
қатынды іздейді. Ол ізім-ғайым жоғалған. Ол жоғалысымен тағы бір сұмдық 
басталады. Кӛктен түсті ме, жерден шықты ма, әлде желмен бірге жеті ме, 
тайпа ішінен белгісіз бір індет шығады. Бұл алдымен жан-жануар, малдан 
білінеді. Қотанда қойлар бастарын бір жағына қисайтып, айналып-айналып 
құлап түседі. Үйірде айғырлар қуып жүріп ӛз жатырына шабады. Түйелер 
жаңа туған ботасын тіземен таптап тастайды. Үйдегі иттер иесін қабады. 
Бұның соңы адамдарға жетеді. Балалар әке-шешесімен емес, қолдарындағы 
айнамен сӛйлеседі. Олардың не деп отырғанын ешкім түсінбейді. Тілдері 
басқа болады. 
Осының бәрін кӛріп-білген тайпа ақсақалы: 
– Бұлар енді тірі ӛлік. Тайпаның күні батты, – дейді күңіреніп. Бұл оның 
соңғы сӛзі болады. 
– Міне, шырақтарым, кезінде дәуірлеп тұрған бір тайпаның тағдыры 
осылайша бітеді, – деп шал әңгімесін аяқтаған. 
Әкем күрсінді. Мен жыладым. 
*** 
Кейін кӛп жыл ӛткенде маған тағы да жел тиіп ауырып қалғам. Сонда 
жанымда отырған әкеме: 
– Баяғы емші шал есіңде ме? – дедім. – Анау әлгі... мен ауырып жатқанда 
Алас деген тайпа туралы кӛп әңгіме айтқан шал ше? 
Әкем бетіме ұзақ қараған. Қарап отырып, кемсең-кемсең жылаған. 
– Аянышты тағдыр, иә, әке? – дедім. 
Әкем кӛзінің жасын сүрте беріп: 
– Балам, емделсеңші, – деген. 
Менің де кӛзімнен жас шыққан. Аласты ойлап... Ал әкем кімді ойлап 
қамықты екен?.. 
ДИДАХМЕТ ӘШІМХАН 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет