Алаш қайраткерінің Ғылыми-зерттеушілік қыры қ. Е. Тілешева, ф.ғ. к., доцент



жүктеу 47.67 Kb.
Pdf просмотр
Дата03.03.2017
өлшемі47.67 Kb.

АЛАШ ҚАЙРАТКЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚЫРЫ

 

Қ.Е. Тілешева, ф.ғ.к., доцент  

Л.Н.Гумилев атындағы  Еуразия ұлттық университеті, Астана қ., 

Қазақстан 

 

 

«Ана тілі аясы: тіл мен әдебиет теориясы және лингвистика»  атты 



республикалық 

ғылыми-теориялық 

және 

әдістемелік 

конференция 

материалдары. – Астана: ЕҰУ баспасы, 2012. – 323-326-б.  

 

К.Е. Тілешева – к.ф.н., доцент 



Кафедра  практического  казахского  языка  ФФ  ЕНУ  им.  Л.Н.  Гумилева,  

ул.Мунайтпасова 5 

корпоративная почта: 

Tіlesheva_KE@enu.kz

  

 



 

Қазақ  ӛркениетінің  жаңаша  дәуірін  бастаған  Алаш  зиялыларының 

күресі  мен  еңбегі  бүгінгі  ұрпаққа  ӛнеге.  «Алаш»  атымен  туған  халқының 

бостандығы  мен  тәуелсіздігі  үшін  күреске  шыққан  қайраткерлер,  саяси 

тұлғалар ғана емес, ұлтымыздың баға жетпес асыл қазыналарының қасиетін 

түсінген, киесін ұғынған, ұлттың кӛшін түзеудегі ғажайып мұраның маңызын 

түсінген  рухани  қайраткерлер  де  еді.  Алаш  қайраткерлері  ұлтымыздың 

рухани  мұрасын  жинауда,  жариялауда  және  зерттеуде  маңызды  істер 

атқарғаны  белгілі.  Олардың  бұл  саладағы  аса  нәтижелі  жұмыстары  –  осы 

халық  үшін  маңызды  мәселенің  бастауында  тұрғандығымен  де  бағалы. 

Айталық,  Әлихан  Бӛкейхан,  Ахмет  Байтұрсынұлы  халық  ауыз  әдебиеті 

үлгілерін,  Мағжан  Жұмабаев  Базар  жырау,  Ақан  сері  мұраларын, 

Мұхамеджан  Тынышбаев  қазақ  тарихына  қатысты  деректерді  жинап, 

зерттегені, жариялағаны бүгінгі күндері бәрімізге белгілі. Осы қайраткерлер 

жинаған құнды қазынамыз кӛпшіліктің игілігіне айналуда. Алаш зиялылары 

ұлттың  саяси  бостандығы  мен  азаттығы  жолында  күреске  шыға  отырып, 

халықтың  рухани  болмысын  түгендеуді  де  ұмытқан  емес.  Ӛйткені,  біздің 

ойымызша,  қандай  халық  болмасын  ӛзінің  мәдени-рухани  дүниесін 

дамытпай,  ӛркендеу  жолына  түсе  алмайтындығын  ұлт-азаттық  қозғалыс 

ӛкілдері ӛте жақсы түсінген. Алайда, олардың алған білімдері филологиямен, 

тарихпен  немесе  ӛнертанушы  сияқты  мамандықтармен  байланысты 

болмаған. 

ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде ұлт зиялылары ретінде қалыптасқан 

ұлы  шоғырдың  орасан,  ірі  тұлғаларының  қай-қайсы  да  жан-жақты  қабілет 

иелері. Сол қайраткер тұлғалардың бірегейі – Халел Досмұхамедұлы.  Алаш 

қозғалысы  кӛсемдерінің  бірі,  Батыс  Алашорда  жетекшісі  болған  Халел 

Досмұхамедұлы  Әскери-медициналық  академияны  алтын  медальмен 

бітірген.  Мамандығы  –  дәрігер.  Соған  қарамастан  ол  қазақ  әдебиеті  мен 

мәдениеті  үшін  құнды  бірқатар  еңбектер  тындырды.  Атап  айтқанда,  ол 

«Қазақ  халық  әдебиеті.  Қысқаша  очерк»,  «Самарқан  шаһарындағы  «Тіллә-

кәри»  және  «Ширдар»  медреселерін  салдырушы  Жалаңтӛс  батырдың 

шежіресі»,  «Бұхарадағы  Кӛгілташ  медресесінің  салынуы  туралы  әпсана», 



«Қазақ-қырғыз  комиссиясынан»,  «Тайманұлы  Исатайдың  қозғалысы  туралы 

қысқаша  мағлұмат»,  «Қазақ-қырғыз  тіліндегі  сингормонизм  заңы»,  «Мұрат 

ақынның  сӛздері»  сияқты  күні  бүгінге  дейін  деректік  мәнін  жоймаған 

еңбектер  жазды.  Бұл  еңбектерді  1923-1928  жылдары  жазды.  Бұл  кездейсоқ 

емес.  Алаш  зиялыларының  мәдениет,  әдебиет,  тіл,  тарих,  ғылым 

салаларындағы  еңбектерінің  басым  кӛпшілігі  осы  кезеңде  жазылған  екен. 

Оның  себебі  советтік  диктатура  кешегі  Алаш  қозғалысы  жетекшілерін  ӛз 

билігінен шет қалдырған соң, олар қалайда болсын ұлт мүддесі үшін қызмет 

етуді үлкен борыш санап, ендігі жерде ғылым, ағарту салаларына атсалысты. 

Осындай  жағдайдан  барып,  Халел  Досмұхамедұлы  табиғаттану,  Мағжан 

Жұмабаев педагогика, Міржақып Дулатов математика, Жүсіпбек Аймауытов 

психология,  Телжан  Шонанұлы  әдістеме,  Қошке  Кемеңгерұлы  жер 

шаруашылығы,  Мұхамеджан  Тынышпаев  тарих  оқулықтарын  жазды. 

Бұлардың қай-қайсысы да аталған салаларда тұңғыш деген атқа ие.  

 

Алаш  қозғалысы  қалыптастырған  зиялылардың  ішінде  Халел 



Досмұхамедұлының  қайраткер  ретінде  де,  қаламгер  ретінде  де  орны 

алабӛтен. Ол сонау 1905 жылдан бастап Алаш қозғалысының басы-қасында 

жүрді.  1905  жылы  Орал  қаласында  бес  облыс  ӛкілдері  жиналған  Қазақ 

конституциялық-демократиялық партия құру жиналысына қатысқан он сегіз 

жасар  Халел  ісімен  де,  сӛзімен  де  туған  халқына  қызмет  етіп  ӛтті.  Халел 

күрескерлік жолмен ел арасында жүріп, кӛнеден қалған мұраларды жинауға 

белсене кірісті. Оның осы саладағы еңбектері кейінгілерге дерек кӛзі ретінде 

мол пайдасын тигізді. Х.Досмұхамедұлының осындай маңызды еңбектерінің 

бірі  –  қазақ  әдебиеті  тарихындағы  ұлы  тұлғалардың  бірі  –  Мұрат 

Мӛңкеұлының  шығармашылығымен  байланысты.  Ол  1924  жылы  Ташкент 

қаласында  «Мұрат  ақынның  сӛздері»  деген  атпен  жинақ  шығарды.  Бұл 

жинаққа  ӛзі  алғысӛз  жазды,  ақын  шығармаларында  кездесетін  тарихи 

атауларға,  ру  аттарына,  топонимикалық  атауларға,  кӛне  сӛздерге  түсініктер 

берді.  Жинақтың  басты  маңызы:  бүгін  біз  білетін  Мұрат  ақын  ӛлеңдері, 

толғаулары,  дастандары  осы  Халел  Досмұхамедұлы  арқасында  толық  жетіп 

отыр.  Бұл  рухани  аз  олжа  емес.  Қазақ  поэзиясының  алтын  қорынан  ӛзінің 

лайықты  орнын  алатын  Мұраттың  «Үш  қиян»,  «Сарыарқа»,  «Қазтуған», 

«Қарасай-Қази», 

«Шалкез 

жыраудың 

айтқаны» 

сияқты 


әйгілі 

шығармалардың  біздің  заманымызға  жетуіне  зор  үлес  қосты.  Кейінгі 

зерттеушілер,  қазақ  әдебиеті  үлгілерін  жинақ  етіп  құрастырушылар  Халел 

Досмұхамедұлының осы еңбектерін пайдаланды. Олардың  кӛбісі заманында 

«осыларды  жинаған  Халел  Досмұхамедұлы  еді»    деп  айта  алмады,  заман 

айтқызбады. Олай деп әділ бағасын беруге мүмкіндік күні кешеден бері ғана 

туып  отыр.  Ендігі  жерде  Мұрат  Мӛңкеұлы  шығармашылығына  қатысты 

зерттеулерде,  ақын  ӛлеңдері  енген  жинақтарда  Халел  есімі  аталуы  тиіс. 

Х.Досмұхамедұлы Мұрат ақын ӛлеңдерін жинап бастырумен бірге, ең алғаш 

оның ӛмірбаянын да жазған кісі. Мұраттың шыққан тегі, тұрмысы, ӛлең жаза 

бастауы, ӛскен, жүрген ортасы, ақынның алдындағы ұстаз тұтқан ӛнер иелері 

туралы деректерді 1924 жылы жарық кӛрген жинақтың алғысӛзінен табамыз. 

Мәселен,  Мұраттың  шыққан  тегі  жӛнінде  «Мұрат  ақын  туралы  қысқаша 


мағлұмат»  деген  алғысӛзінде  Халел:  «  Мӛңке  баласы  Мұрат  1843  жылы 

туып, 1906 жылы 63 жасында опат болды. Кіші жүздегі байұлы беріш деген 

рудың  қаратоқай  деген  арысынан,  аққолы  деген  бӛлімінен  болады.  Туған 

жері  Орал  облысы, Гурьев  (Үйшік)  уезі,  Қарабау  деген  жер.  Жүрген  жері  – 

Бӛкейлік,Орал,  Маңғыстау.  Мұраттың  ата-тегі  мал  баққан  шаруа  қазақ. 

Туысқан ағасы Матай деген ақын болған. Мұраттың нағашысы адай Азамат, 

Саламат,  Сәмет  дегендер  заманында  айтқыш  адамдар  екен.  Мұрат  жасында 

аз-кем  молдаға  оқыған,  қара  танып,хат  жазарлық  қана  оқығаны  болған. 

Мұрат бала күннен-ақ ӛлең айта бастаған. Он бестен асқан соң той-тобырда 

ӛлең  айтқанды  мүсе  тұтпай,  заманындағы  айтқыштардың  бәрін  айтысып, 

жеңген.  Айтысқа  ӛте  шебер  болған.  Мұраттың  ӛмірінде  айтыстан  жеңілген 

орны болмаған» - деп жазады.  

 

Халелдің  осы  алғы  сӛзін  оқып  отырғанда,  автордың  екі  мәселеге 



айрықша  назар  аударғаны  байқалады.  Біріншісі  –  Мұрат  Мӛңкеұлы 

шығармаларындағы  тарихтық  негізі  бар  деректер,  екіншісі  –  ақын 

ӛлеңдерінің тілі. Осы кӛлемі шағын алғысӛзден кӛптеген жер-су аттарын, ру 

атауларын,  адам  аттарын  оқуға  болады.  Оны  Халелдің  ӛзі  де  айтып  ӛтеді. 

Мәселен, ол былай деп жазады «Мұраттың сӛздерінде жерлердің аттары кӛп 

ұшырайды.  Бұлардың  кӛбі  ескі  аттар.  Осы  аттардың  бір  қатары  осы  күнде 

Еділ, Жайық алаптарында ұшырайды». 

 

Жоғарыда жазушы Мұрат ӛлеңдеріндегі тарихи деректерге мән берген 



деген  болатынбыз.  «Қазақтың  тарихын  жазған  адам  Мұрат  секілді 

ақындардың  сӛзін  елеусіз  тастай  алмайды»  -  дейді  Халел  Досмұхамедұлы. 

Осылай  дей  келе,  ол  Мұрат  ӛмір  сүрген  дәуір  мен  ақын  шығармашылығы 

арасындағы  табиғи  байланысты  ӛте  білгірлікпен  ашып  бере  алған.  Оны 

Халелдің  мына  бір  пікірлерінен  аңғарамыз:  «Мұрат  бір  жағынан  ӛткенді 

білген шежіре болса, екінші жағынан халықтың мұңын, елдің зарын айтатын 

әлеуметшіл  ақын.  Қазақ  елі  елдігінен  айырылып,  «штатқа»  кӛніп,  нағыз 

болдырып  тұрған  кезде  Мұрат  ӛмір  сүрді.  Мұраттың  заманы  –  бостандық 

үшін  «егескен  ердің  бәрі  жер  тіреген»  заман.  Патша  хүкүметінің  қазаққа 

құрған саясатының гүрлеп тұрған заманы, қазақтың бұрынғы тұрмысы ӛзгере 

бастаған,  қазақтың  бұрынғы  кең  қоныстан,  сүйкімді  әдеттен,  еркін  салттан 

айырыла  бастаған  заманы»  -  дей  келіп,  ақынның  әйгілі  «Үш  қиян» 

толғауынан мына шумақтарды келтіреді:   

 

Бұл қоныс жеті жұрттан қалған қоныс



Ноғайдың көшіп талақ салған қоныс. 

Қазтуған, Асан Қайғы, Орақ, Мамай, 

Біз түгіл осыларды алған қоныс. 

............................................................ 

............................................................. 

Кемелсіз қонған елін көп тоздырған

Қайырсыз осы секілді неткен қоныс? 

 .................................... 

.................................... 

Кетейін десе жөн таппай,           

Адыра қалған Үш қиян, 

Қол ұстасып жүрген жер  

Мұраттың 

ӛлеңдерін 

талдаудан 

Халел 

Досмұхамедұлының 



қайраткерлігі 

байқалады. 

Сыншының 

ондай 


қайраткерлігі 

ақын 


шығармаларындағы  отаршылдыққа  қарсы  сарындарды  талдауынан,  саяси, 

әлеуметтік,  қоғамдық  пікірлерінен  байқалады.  Мәселен,  ол:  «Мұраттың 

ӛлеңдерінде патша хүкүметінің қазаққа жұмсаған саясаты айқын байқалады. 

Хүкүметінің  жақсы  жерлерді  тартып  алғаны,  ел  қамын  жегендердің 

қуылғаны, ӛлтірілгені анық айтылады» - дейді. 

 

Мұраттың  отаршылдыққа  қарсылықтан  туған  шығармаларында, 



кӛбінесе,  отаршылдардың  қазақ  жерін  тартып  алуы,  байырғы  жұртты 

ығыстыруы  кӛбірек  жырланатын.  Ӛткен  ғасырдың  екінші  жартысында 

жазылған  Мұрат  шығармашылығы  туралы  зерттеулерде  осы  мәселе  үнемі 

айтылатын.  Мұрат  ақынның  осы  ерекшелігін  Х.  Досмұхамедұлы  ӛте  дұрыс 

байқаған.  

 

Халел Досмұхамедұлы Мұрат ақынның ӛзіндік дәстүрі болғандығын да 



айтып  ӛтеді.  Ал  ақынның  поэзиясына  келгенде:  «Ӛлеңдерінің  сырт  жағына 

келсек,  Мұраттың  тілі  әдебиетімізге  негіз  болған  ел  әдебиетінің  тілі  »  деп 

бағалайды. 

 

Алаш  қайраткерлері  қазақтың  рухани  дүниесін  байытатын  мәдени, 



әдеби  құбылыстардың  қай-қайсысына  болса  да  баға  беруге  тырысып,  соған 

еселі  еңбек  етіп  ӛз  заманынында  қалың  кӛпшілікке  таныстырды.  Осындай 

ұлт  үшін  рухани  мұраны  насихаттаған  үлкен  шоғырды  ӛз  тарихымызда  ең 

алдымен алашшылдар арасынан табамыз. Алаш қозғалысы – тек қана белгілі 

бір  кезеңді  қамтыған  саяси,  тарихи,  қоғамдық  құбылыс  емес,  тұтас  ұлттық 

ӛрлеуді  тудырған  орасан  құбылыс,  ӛркениеттік  жаңғыру  кезеңі.  Осындай 

айрықша  күрес  пен  ерекше  шығармашылыққа  толы  кезеңнің  ең  дарынды 

тұлғаларының  бірі  –  Халел  Досмұхамедұлы  қайраткерлігімен  де, 

қаламгерлігімен  де,  дегдарлығымен  де  ұлтына  қалтқысыз  қызмет  етті. 

Сондықтан  да  мұндай  тұлғалардың  еңбегі  ұрпаққа  ӛнеге,  болашаққа 



тағылым.  

 

Каталог: bitstream -> handle -> 123456789
123456789 -> Қ атыстық сын есімдердің лексикалық тіркесімділігі
123456789 -> Бегімбай К. М. Дизайн және бейнелеу өнері салаларына
123456789 -> СҮттің Қоректік сапасы және сүттегі микроорганизмдер
123456789 -> Қазақ халқының ою-өрнектерінің Қолданылуы
123456789 -> Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы
123456789 -> Қр президенттік мәдениет орталығының кіші ғылыми қызметкері
123456789 -> Адам қҰҚЫҚтары жүйесіндегі білім алу қҰҚЫҒЫ
123456789 -> Бейбітшілік бақЫТҚа бастайды
123456789 -> Г.Қ. аЙҚынбаева оҚуШылаРДыҢ беЙІнДІк ҚабІлетІн аныҚтауДа психологиялыҚ- пеДагогикалыҚ ӘДІс-тӘсІлДерді қолДануДыҢ еРекШелІктеРІ
123456789 -> Артыкбаев Ж. О. «Қозы көрпеш – Баян сұлу» Жаратылыс құпиялары туралы жыр


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет