Алаш қайраткерлерінің философиясындағы еркіндік және тәуелсіздік идеялары



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата10.04.2023
өлшемі325,96 Kb.
#81285
1   2
теориясын терең меңгерген қазақ зиялыларының үркердей озық ойлы тобы шықты. 
Олардың басым көпшілігі ғылымға емес – утопияға, демократияға емес – 
авторитаризмге негізделген большевизм идеясын қабылдамай, баррикаданың арғы бетіне 
шығып, өз елінде, өз жерінде отырып азап шеккен қазақ халқының мұң-мұқтажын 
қорғауды мақсат еткен «Алаш» партиясын ұйымдастырды. Ел алдындағы ұлы 
мақсаттарды жүзеге асыратын атқарушы билік органы – «Алаш Орда» үкіметін құрып, 
ұлттық-аумақтық негіздегі «Алаш автономиясы» мемлекеттігін жариялауға талпыныс 
жасады». Бұл идея сол уақыттағы советтік-тоталитарлық жүйеге ұнамады. XX 
ғасырдың басында қалыптасқан Ұлттық идеяны советтік билік өз қолымен 
тұншықтырып, саяси көшбасшылар мен ұлт зиялыларына қуғын-сүргін ұшыратты. 


«Қазақ халқының ұлттық, саяси санасын қалыптастырудағы ең биік белес болған XX 
ғасыр басындағы осы бір қазақ зиялылары алдыңғы қатарлы тобының саяси қызметі де, 
құқықтық көзқарастары да, тіпті ғылыми, әдеби мұралары да ұзақ жылдар бойы 
жабық тақырып саналып, зерделі зерттеулерге обьект бола алмады», – дейді алаш 
қайраткерлері тақырыбында сүбелі үлес қосқан ғалым Мұхтар Құл-Мұхаммед. Әлихан 
Бөкейхан Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құру идеясы қазақтың ұлттық ерекшеліктерін 
сақтай отырып, халықтың сана-сезімін оята жүріп, бодандық құрсауын бұзып шығуға 
болатынын көрсетті. Жемісін Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті көрді. Бүгінгі билік сол 
идеяны мойындамаса да, Әлиханды ұлт көсемі ретінде тани алмаса да, Алаш көсемінің 
құрған мемлекетінде өмір сүріп отыр. Ұлы «Орыс идеясы» іспетті ұлттың саналық 
рухани болмысын анықтайтын «Алаш идеясы» қазақ топырағында қалыптасты. Өркенін 
жайды. Ұлттық идея негізінен XX ғасырдың басында әлемдегі, Ресейдегі геосаяси 
жағдайдың өзгеруімен жүзеге асқанымен, оның әлеуметтік, саяси, рухани тамыры 
ғасырлар тереңінен бастау алғанын ұмытпаған абзал
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет