Алаш идеясының жаршысы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы мемлекеттік университетте осымен 8-ші рет Халықаралық «Торайғыров оқулары»



Дата09.05.2023
өлшемі20,53 Kb.
#91177
Байланысты:
Сұлтанмахмұт Алаш идеясын таратушы


Алаш идеясының жаршысы - Сұлтанмахмұт
Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы мемлекеттік университетте осымен 8-ші рет Халықаралық «Торайғыров оқулары» ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті. Жан-жақтан келген ғалымдар өз баяндамаларына қазақ елінің Тәуелсіздігін аңсаған күрескер ақынның шығармашылығын арқау етсе, Загреб университеті (Хорватия) биология кафедрасының профессоры Младен Кучинич халықаралық зерттеу экспедициясы туралы баяндады. Сұлтанмахмұт Торайғыров алғаш­қылардың бірі болып «Алаш» қозғалысының жағына шық­қаны, алашордалықтармен белсенді араласқаны кезінде жабық тақырып болғанымен, қазір анық, айқын. Сол кездері «Сары-арқа» газетінде мақалалары басылады. Ол «Алаш» көсемдерінің идеяларын қолдайды, оларға арнап өлең жазады. Алаш көсемдері ақын туындылары арқылы өз идея­ларын насихаттайды. Уез­дік және болыстық «Алаш» партия­сының жұмысына қатысты. Алашорда үкіметінің алғашқы басшылары А.Бөкейхановпен, М.Дулатовпен, А.Байтұрсыновпен тығыз қатынаста болды. Қазақтың тәуелсіздігі туралы озық идеяларды қолдады. Ақын жігерленді. «Алаш ұраны» өлеңі жазылды. Биылғы «Торайғыров оқула­рының» да негізгі тақырыбы «Алаш» идеясын қолдаған ақын­ның «Таныстыру» поэмасына арналды. «Алаш» партиясы туының астында біздің идея нұры ғасыр­лар бойы жоғалмайды және оны ешкім жоя алмайды» – депті күрескер ақын. Кеңестік кезде «Таныстыру» поэмасына «Алашорда басшыларын дәріптейтін шығарма» деген ат тағылса, «Айтыс» поэма­сы байшылдық-ұлтшылдықты қолдайды деп жарияланбады. Сон­дық­тан, биылғы «Торайғыров оқуларының» бір ерекшелігі де осында, ғалымдар бас қосқан ғылы­ми конференцияның мақсаты – «Таныстыру» поэмасының елді­гі­мізді дәріптейтін, Алаш арыс­тарын ардақтайтын ұлттық құн­ды­лық екенін бүгінгі ұрпаққа жеткізу. Бұл поэма 1917 жылдың күзі мен 1918 жылдың қысында Сұл­танмахмұт Абай елінде болған кезде жазылыпты. – Торайғыровтың бұл поэ­маны жазуы кездейсоқ емес. Ақын бұл поэмасында қазақты Алаш қозға­лысының өкілдерімен таныс­тырады, – деді осы жиында «Таныстыру» поэмасындағы «Алаш» тұлғаларының портреті» тақырыбында баяндама жасаған филология ғылымдарының докторы, профессор Айтмұханбет Тұрышев. – Сөйтіп, Алаш зиялы­ларының тарихи галереясын жасайды. «Алаштың» тұлғаларын – Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкей­ханов, Міржақып Дулатов, Халел Ғаббасұлы, Мұ­қыш Бош­тайұлы, Жақып Ақпайұлы, Райым­жан Мәрсекұлы, Биахмет Сәр­сенұлы, Нәзипа Құлжанова, Нұр­ғали Құлжанов, Шәкәрім Құ­дай­­бердіұлын суреттейді. Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдай­бер­диев, алашшыл қыз – Нәзипа Құлжанованы таныстырады. Бұдан әрі А.Тұрышев: – Бүгін Алаш арыстарының бостандық туралы өз сөздерімен айтсақ, «ауыз­дықсыз» арманы, көре алмай кеткен асыл армандары орындалды. Ұрпақтары Алаш арыстарының салып кеткен жолымен келе жатыр. Білге қаған мен Күлтегіннің, Әлихан мен Сұлтанмахмұттың «Мәңгілік Ел» үшін арпалысқан өмірлері зая кеткен жоқ. Кейінгі ұрпақтары, біздер сол күнді кө­ріп отырмыз. Ұлттық идеямыз «Мәңгілік Елге» жету, оны сақтап қалу жолындағы: жер, су, тіл, дін, тарих сияқты құн­ды­лықтарды баян­ды ету бүкіл қазақ­тың, осы жерде туып-өскен өзге ұлт өкіл­дерінің де басты мін­деті болып табылады, – деп қорытты. Иә, Сұлтанмахмұт 27 жас қысқа өмір сүріп, соңына мазмұны рухты мол шығармашылық мұра қалдырды. Ақынның поэзиясында еркіндіктің дабылы естіледі. Өлеңмен және прозамен жазылған романдар, философиялық және әлеуметтік поэмалар, очерктер жазды. Шығармашылығы еркін қоғам, қазақтың еркіндігі туралы арманға толы, елге, жерге деген ұлы сезімнен тұрады. Туған халқын отаршылдықтан, қанаудан азат етуге, ел бостандығына жалынды күрескер рухтағы өлеңдерімен үн қосты, деді ғалымдар. Біз «Торайғыров оқуларынан» Сұлтанмахмұттың елдік, егемен­дікті аңсаған, құбылысы бөлек шығармашылық мұрасын зерттеу­шілердің басты мақсаты да ондағы Алаш идеясын ұрпағына жеткізу деген ой түйдік.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет