22
23
Парыз күші ата-анама өтелді,
Маңыздысы – қидырдым ақ некемді.
Көңілдегі сағынышым болмаса,
Өмір мені көп белеске көтерді.
Алаңдатқан уайымына түстім бе?
Жаман жатқам. Сонсоң көрдім түс бірде.
Өңін жұмбақ маған бұрып,
досым тұр,
Қолын бұлғап аппақ төбе үстінде.
Енді нетем? Ертеңіне сол түстің,
Белгі ме екен, аяқ асты морт ұштым.
Жүрек екен! Жүрек екен, ұстаған!
Біледі екем... Ақыр жақын... Сор құштым.
Жарық дермін... Бір сәуле бар таң ата.
Анық көрдім. Аурухана. Палата.
Әбігер түр. Жанары мұң жанжарым.
Дәрігер тұр маған жүзін қарата:
– Жата бермей, өмір – режим қосыңыз!
Қатал ердей келді ескі досыңыз.
Тұнған ине, шүмек, дәрі денеңіз.
Мұңды, әрине... Бірақ ұзақ көшіңіз.
Жаман боп қап... жүрек дерті ең арғы...
Маман тоқтап, бір күрсіне демалды.
– Шыңдаған-ау, өмір қайсар болуды,
Тыңдамады-ау... кісіні айтам, мен әлгі...
Туады екен мұндайлар да... Тосылам...
Шығады екен, мұндай да адам досынан.
Егер түнде жаңа орган таппасақ,
Жедел түрде тура келді осыған.
Деген еді: «Түсін, мейлі түсінбе,
Ең ерегі – достық фәни ішінде...
Қалады әлі... Оныкі өмір... Сертім бар.
...Балалары, сүйген жары үшін де».
* * *
Бұлай
кел деп айтып па едім, ұланым?!
Құдай... Мен, деп неге өзің құладың?
Жаным олай қиналмаған секілді,
Әрі қарай тыңдай алмай жыладым.
Құдай!
Менмін пендең сенің.
Кеш ұдай!
Жылай бердім... Жылай бердім осылай....
Білегімді жарып шыққан қан үшін,
Жүрегіңді жұлып берген, досым-ай!
Пенде күннің жалған екен барлығы,
Енді өмірдің екі еселік бар жүгі.
Мұң-сыр жатқан, тылсым жатқан естимін,
Дүрсіл қаққан жүрегіңді әр күні...
24
25
Аңғалдық па екен... көрінген жанға,
Несіне сонша шашыла берем?..
Сырын айтқанға жанымд(ы)-ай берем,
Өзгенің жайын уайымдай берем.
Мұңын айтқанға «тәубе» үйретіп,
Өзімді дана, ғалымдай көрем...
Бір
ауыз сөзге барымдай сенем,
Жалғанды шындай қабылдай берем.
Бір жанды үнсіз ұната қалсам,
Көктегі жетпес айымдай көрем.
Жаныма жайлы достарды көрем,
Көздері отты жастарды көрем.
Даладайын кең көңілдерінен,
Тұп-тұнық, шексіз аспанды көрем.
Біздерге деген сеніммен келем,
Адамдық ізгі жолыммен келем.
Елімнің алды жастар ғой деген
Елбасы берген демеумен келем.
Жастар
жылында жаңғырып көнем,
Тұла-бойымнан тасқын күш сезем.
Жырымды оқыған әрбір жалын жас,
Үлесіңді қос, үміт зор сенен.
Бейбіт көгімнің күнінен күлген,
Жалынды жастың нұр жүзін көрем.
Жастар жылында жарқырап жанар,
Алтын жұлдызы барына сенем.
Әр жақын жанның жанына енем
Ешбір себепсіз тек жақсы көрем.
Мендегі шексіз сенімдерді де
Бағалайтын жан барына сенем!
Достарыңызбен бөлісу: