«алаш мәдениеті» ҚОҒамдық Қоры



Pdf көрінісі
бет29/64
Дата15.08.2023
өлшемі1,01 Mb.
#105323
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   64
Байланысты:
aқyndar-zhinaғy-2019-1

МЕРЕЙ ҚАРТ
* * *
Тарбағатайдың теріскейіндегі өзендер,
Құлдыраңдаған әр бұлақ,
Біздің Үш Төбеден басталған.
Көне дәуірдің сырын шертетін кезеңдер,
Соқпақ-сүрлеулі, жон-қырат,
Тәлім ұғарсың тастардан.
Қараша келсе, Қаражал жаққа қаз өрлер.
Қош айтысады көл-құрақ.
Қол бұлғап тұрмын асқардан...
Өкпеті және Қызылтас – туған тауларым,
Сәл ғана кіші Аспаннан!
Әлемнің барлық тау-қырындағы бөрілер,
Мұзбалақ алғыр қырандар,
Біздің Үш Төбеден тараған.
Ақберлі шыңы күншілік жерден көрінер.
Арқарға пана кіл аңғар.
Маңайы бұта, қараған.
Талды мен Базар – пырағыма шылбыр да 
болып өрілер,
Шілік-шыбықтар билерін билеп бұлаңдар.
Сайлардан есер самал-ән!
Бөртегүл мен бозқараған қошынан көңіл семірер.
Жазда да түсер тұман, қар,
Боран да тіпті бораған.
Мартөбелерде маралдар кербез керілер,
Мөңірер сайдан бұландар,
Өмір көресің даладан!
Үш Төбемдегі қарияларымның қай-қайсысы да – 
Пір-абыз.
Ерлері – дәтті, дуалы.
Хор қыздары – көркем, бұрымды.
Доланқараның әр сайы – құтты, кіл аңыз,
Ақжайлау – елдің жұмағы.
Шөптеріне дейін үр үнді.
Әулие құстар қонған балбал-тастардан сұраңыз,
Туған Жер деген ұғымды!
Сайыпқыран сақтың ұлымын
Арқыраса тарпаң күреңім,
Бал-бұл да жанар түр-өңім.
Көнеден қалған көзімсің,
Күміс көмкерген жүгенім.
Өмілдірігім де дін аман.
Өң-бойын ою құраған.
Омырау тұсы шашақбау,
Астары – қызыл шұғадан.
Көшпенді елміз көшелі. 
Маңдайбақ біткен бес елі. 
Құйысқаным да – құйма алтын,
Өркениетім ғой кешегі.
Жаратып мінген күлігін,
Сайыпқыран Сақтың ұлымын!
Үзеңгімен-ақ үзгенбіз,
Қарсы шапқан қасқыр жұлынын.
Тақым қажамас таралғым,
Зерленген шеті – сары алтын.
Былғары-бекзат тоқымым, 
Осы күнге аман оралдың.


70
71
Шөлдесем қымыз ішкенім.
Шипасы қандай күшті едің!
Ат терін адал сімірген,
Жабағы жүнді ішпегім.
Қайыңнан шапқан қапталым
Жәдігерімдей сақтадым. 
Іңірге тізгін қаңтарып, 
Ізгінің күттім ақ таңын!
Қанжығам – құтты қайыстан, 
Шыңдалғам көкпар-сайыстан. 
Бес жастан шауып бәйгеге
Жанарымнан жасыл жай ұшқан.
Қамшым да – қызыл тобылғы,
Соққызба, тағдыр, санымды. 
Келер ғасырға аттандым, 
Оңғарса Тәңір жолымды!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет