72
73
Алты алаштың ақ арманын арқалап,
Азаттығың қонды басқа бар ма бақ?!
Айдан
асып абыройың ендігі,
Күн астында қыран болып шарламақ...
«Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты», –
Жігеріміз әлі өзектен таймапты.
Қыраныңбыз көкке тігер байрақты!
Уа, ұлы елім, бақ-береке қонсын, деп,
«Жастар жылы» – болсын, деп,
Елбасымыз жас шыбықтың көктеуін,
Даналықпен ойлапты...
Осы
жылы бағы жанса әр жастың,
Парызыммен мен де аянбай қалмаспын.
Талабынан тау үгіліп, қар жанған...
Қиып түсер жүзіндейміз алмастың.
Ғасырлардан рухани жаңғырып,
Азат күннің әрбір таңын ән қылып,
Жалғап өтер жастарымыз жасасын,
Елін сүйген ерімізбен мәңгілік!
Түн болғанда
Түн болғанда түріліп тыстағы рең,
Мың ойымнан бір ойдың ұшпағы ем.
Ғадауатты ғаламның ғажабынан,
Мына өмірдің ажары қысқа білем.
Зәулі ғалам, қамырық көкірегім,
Кейде ащы күлем де өкінемін...
Сүрлеу жолдан сүрініп жүрсем-дағы,
Көкке ұшып кетердей бекінемін...
Түн
болғанда ашылып перде кілең,
Түреңделген жүректі пенде сүрең.
Ауырлатқан азабын алып кетпей,
О, Құдайым, отырмын мен несімен?!
Көшіріп ап көзінен ару айдың,
Ғазал мұңын жазамын жарығы айқын...
Түн пердесі түрілсе жылап тұрар,
Осы
сезім құрғырдың, жанын-ай, тым!..