МҰХТАР МЫРЗАҒАЛИ Аңдатпа: Жастар жылында елім, жерім деп, от кешкен ата-
бабалармыздың рухты сөздерін, өсиет, аманатын
санаға тағы да бір сіңдіріп, еске сап, болашаққа
бастаған бағытымызға дем, жігер беру болатын!
Тарихын, ақын, батыр аруағын қастерлеген халық-
та алынбас қамал болмас-ты!
Аннотация: Цель написания данного стихотворения – выра-
зить дань наследию предков, которые бились за
нас, за нашу землю, еще раз напомнить и под-
держать начинания, которые ведут в светлое бу-
дущее! Любые препятствия нипочем народу, чтив-
шему свою историю, дух поэтов, батыров!
Abstract: The purpose of writing this poem is to express
tribute to the heritage of our ancestors who fought
for us, for our land, to once again recall and support
the undertakings that lead to a brighter future! Any
obstacles to the people who honored their history, the
spirit of poets, batyrs, do not!
* * *
Болмайды, деп болашақ елімде мін,
Қазақ үшін қорғаған жерін де мың,
Бабаларым бейбіт ел балдарына,
Аманат қып тастаған сенімдерін.
Көз тастайық тарихқа көрермен ел,
Кенді ашайын бағасыз көнермеген,
Еске салам ақын мен батыр сөзін,
Өсиетке өң беріп өлеңменен.
Айналдырған жақсыны жазуды әдет,
Қан бойында қазақтың қажырлы әдеп,
Ғасыр өтсін ғұмырда Ғабит айтқан,
«Тәрбиеңнен тектілік тапжылма», деп.
Алашқа айбат алауыз шеккенді ұра,
Қайсар мінез қайратты жеткен мына,
Жалындаған жастарға жалын рухты,
Момышұлы Бауыржан еткен мұра.
Надандық деп адамның азабы шын,
Білім жолы сарпыған таза күшін,
Абай атам «ақылды ұстаның», деп,
Қара сөзін қалдырған қазақ үшін.
Мықты қазақ жастары, ей, қасқырдан,
Сынақпенен шыдамын шайқастырған,
Сенім артып біздерге болашағын,
Бұлқышев Баубек атам айқастырған.
Ата сөзін санаға салдыртайық,
Қазына қып мәңгілік қалдыртайық,
Өсиетін өткеннің өскелеңге,
Жастар жылы тағы бір жаңғыртайық.
Ақын, батыр сөзінің берген лебі,
Жастар жылы жараспас жерленгені,
Болашаққа бастайық ашық-жарқын,
Жұмабаев Мағжанның сенгендері!