«алаш мәдениеті» ҚОҒамдық Қоры



Pdf көрінісі
бет30/64
Дата15.08.2023
өлшемі1,01 Mb.
#105323
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   64
Байланысты:
aқyndar-zhinaғy-2019-1

НҰРБОЛ ҚҰДАЙБЕРГЕН
Аңдатпа:
Ақын «Жастар жылына» арнаған азаматтық поэ-
зиясында жастық шақтың қайрат-жігерімен елінің 
өркендеуі үшін тіпті қара басын да құрбан ете ала-
тынын отансүйгіштік сезіммен асқақтай жырлаған. 
Кешегі Мағжан сенген жастардың рухы биік болуы 
керектігі, елін сүйген ерлердің мәңгі жасайтынын 
да өлеңмен өрнектей білген.
Аннотация:
В своей гражданской поэзии, посвященной «Году 
молодежи», автор с чувством патриотизма восхва-
ляет молодежь за то, что она может пожертвовать 
своей жизнью ради процветания своего народа. 
Молодежь, в которую верил Магжан, не должна 
падать духом, ибо сыновья своих отцов бессмерт-
ны.
Abstract:
In his civic poetry dedicated to the Year of Youth, the 
author praises the youth with a sense of patriotism for 
sacrificing their lives for the prosperity of their people. 
The youth, in which Magzhan believed, should not 
lose heart, for the sons of their fathers are immortal.
Уа, Ұлы елім, Ұлысың сен, киелім!
Уа, Ұлы елім, Ұлысың сен, киелім!
Ерлерің бар отыңа да күйетін.
Бір кәдеңе жарап жатсам өзіңнің,
Қара басты құрбан ете сүйемін...
Бұл даламда аспан куә, тас та аңыз,
Аңыз болып қалар ұлың басқан із.
Мағжан сеніп, келешекке тапсырған,
Жалынды отын жағар енді жастармыз.


72
73
Алты алаштың ақ арманын арқалап,
Азаттығың қонды басқа бар ма бақ?!
Айдан асып абыройың ендігі,
Күн астында қыран болып шарламақ...
«Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты», –
Жігеріміз әлі өзектен таймапты.
Қыраныңбыз көкке тігер байрақты!
Уа, ұлы елім, бақ-береке қонсын, деп,
«Жастар жылы» – болсын, деп,
Елбасымыз жас шыбықтың көктеуін,
Даналықпен ойлапты...
Осы жылы бағы жанса әр жастың,
Парызыммен мен де аянбай қалмаспын.
Талабынан тау үгіліп, қар жанған...
Қиып түсер жүзіндейміз алмастың.
Ғасырлардан рухани жаңғырып, 
Азат күннің әрбір таңын ән қылып,
Жалғап өтер жастарымыз жасасын, 
Елін сүйген ерімізбен мәңгілік!
Түн болғанда
Түн болғанда түріліп тыстағы рең,
Мың ойымнан бір ойдың ұшпағы ем.
Ғадауатты ғаламның ғажабынан,
Мына өмірдің ажары қысқа білем.
Зәулі ғалам, қамырық көкірегім,
Кейде ащы күлем де өкінемін...
Сүрлеу жолдан сүрініп жүрсем-дағы,
Көкке ұшып кетердей бекінемін...
Түн болғанда ашылып перде кілең,
Түреңделген жүректі пенде сүрең.
Ауырлатқан азабын алып кетпей,
О, Құдайым, отырмын мен несімен?!
Көшіріп ап көзінен ару айдың, 
Ғазал мұңын жазамын жарығы айқын...
Түн пердесі түрілсе жылап тұрар,
Осы сезім құрғырдың, жанын-ай, тым!..


74
75


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет