«алаш мәдениеті» ҚОҒамдық Қоры



Pdf көрінісі
бет45/64
Дата15.08.2023
өлшемі1,01 Mb.
#105323
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   64
Байланысты:
aқyndar-zhinaғy-2019-1

Толғаныс
Неге ғана істерің кетті жаңсақ?
Деп күрсініп қояды күдік демім.
Тас жүрегің еритін сәтті аңсап,
Үзіліп бара жатыр үміттерім.
Арманымның тереңіне бойлаймын
Кім болды екен менің анам өрі асқан?
Құс боп ұшып кетсем деп те ойлаймын,
Пәк бейнеңді көрсетер деп көк аспан.
Есейгенде айналып күрегіңе,
Алғысыңды айтар ең жас балаңа.
Сыймадым ба мен сенің жүрегіңе?
Сыймадым ба мен әлде баспанаңа?
Тастап мені далаға, қыр астың ба?
Қоқыс па едім мен саған жанып кеткен?
Бықсымадым мен бірақ күл астында.
Тумаса да басыма жарық көктем!
Көл болады жастарым ағып кеткен.
Теңіз болар тамшылар әр жыл аққан,
Сен емес пе сәбиді ғаріп еткен?!
Сен емес пе сәбиді зар жылатқан?!
Телміріп тұр көкке қарап кей қыздар,
Ұлдар да көп, жатқан жоқ қой азайып.
Тілектерін қабылдар деп жұлдыздар,
Күтеді олар әр күн сайын ғажайып!
Ұл мен қызды бақытынан айырған,
Аналарға өткел бермес қара бел.
Жауыздарды төбесінен жай ұрған,
Көтеріп жүр қалай ғана қара жер?!.
Баз кешеді кейбіреулер анасыз,
Ал біреулер ұғынбаса не шара?
Тастанды ол – сәби емес шарасыз,
Тастап кеткен аналар ол – бейшара...


112
113
РАЙХАН НАРҚҰЛАН
Аңдатпа:
Біздің ұлан байтақ ұлы даламызда жер жаралып, 
су аққалы бері адамзат тарихы осы даладан бас-
талған. Оған аңыз әфсана, ұшқан құс, жүгірген аң 
т.б. күллі жаратылыс ғаламаты куә. Табиғат таны-
мы әлімсақтан тереңге байланып, өзгеше өрілген 
халықтың бүгінгі жастарының рухына шырақ болар 
«Жеті рух» жыры. Биылғы жастар жылы қарсаңын-
да аталмыш поэма жастардың дүние танымын іл-
кіден бастап бүгінмен ұштастыру арқылы мәйек-
ті таным жасауға қозғаушы күш болуды көздейді. 
Соны мақсат тұтады.
Аннотация:
История человечества берет свое начало с тех 
времен, когда зародилась земля, наша бескрай-
няя степь. Этому свидетельствуют мифы и леген-
ды, все живое. Поэма «Жеті рух» служит знаменем 
для молодого поколения народа, история которого 
испокон веков имеет глубокие корни.
Abstract:
The history of mankind dates back to the time when 
the earth, our endless steppe, was born. Myths and 
legends testify to this, all living things. The poem 
«Zhetі rukh» serves as a banner for the young 
generation of the people, whose history has deep 
roots for centuries.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет