ОРАЛХАН ЗАҒЫПАР
Аңдатпа:
Дүрмегі көп дүрбелең жылдарды артқа тастап,
арайлаған азаттықтық ақ таңы – ел бақыты һәм
бабалар аманаты. Өткеніңді есіңе алмай, ертеңіне
бет түзей алмайтының да анық. Ел ертеңіне сүйеу
болар жастар жалыны – ел қуаты. Менің үнім – өз
буынымның үні. Тариxтан тағылым алып, тектілігін
ту еткен жастардың жігері мен руxы, ел алдында
арқалаған үміті мен келешекке сенімі жастар поэ-
зиясының арқауы екені анық.
Аннотация:
Оставив позади долгие и нелегкие годы и вст-
ретить долгожданный день независимости – это
счастья народа и кладезь предков. Понятно, что
невозможно построить путь в будущее невспом-
нив прошлое. Молодежь это сила страны которое
строит стены будущего для своего народа. Мой го-
лос – это голос моих современников. Очевидно,
что поэзия молодого поколения берет основу с
глубоких знании своей истории, умение гордиться
своим происхождением, чувство ответсвенности
перед своим народом за возложенную надежду.
Abstract:
Leaving behind the long and difficult years and to meet
the long-awaited Independence Day is the happiness
of the people and the treasury of their ancestors. It is
clear that it is impossible to build a path into the future
without remembering the past. Youth is the power
of a country that builds the walls of the future for its
people. My voice is the voice of my contemporaries.
Obviously, the poetry of the young generation takes a
basis from a deep knowledge of its history, the ability
to be proud of its origin, a sense of responsibility
before its people for the hope entrusted.
Күмбір
Соры қысқан кеудеде арым ұйып,
Алқымынан өксіктің шағын тиып.
Сеңгір-сеңгір сілемнен сыр саулаған,
Кеткен ұлдың семсер жыл бағын қиып.
Боз далада боздақ үн жатқан ұлып,
Алартпадық салуға жатқа құрық.
Көкіректе кісінеп кегі қалды,
Ат жалынан өткенім тарқатылып.
Құрсағынан уақыттың сусып күш кем,
Сәтті сөгіп селдір мұң сыңсып іштен.
Тас жанарын жасқанбай жасырынды,
Жас моншағым мөлдіреп ыршып түскен.
Күн үстінен дөңгелеп дөңбекші нұр,
Дірдегінен тірсектің сөнбекші бір.
Өңі кірген өлкеде өпкен желдің,
Өзегінен өзеуреп келмекші жыр.
Күрсінісім бұлт па еді, бұлыңғырым,
Бұлыңғырдан бу ұшар бұрынғы тым.
Телміріп кіл сүрлемге сүрлеу салсам,
Тамырынан теңселіп жұлынды кім?
Шыдамынан сейіліп сұм қылықтың,
Күн дұғасын оқыдым, түн жылыттым.
Тәңір жұтқан бақыттың исі сіңген,
Дұға оқыдым басында мыңжылдықтың.