Өлшемшарттар/Балдар
|
10-9
|
8-7
|
6-4
|
3-2
|
1
|
Тақырыптың ашылуы, драматургиялық қағидаларды сақтауы
|
Қойылымның мазмұны мен тақырыбы сайыстың негізгі идеясына сай. Тақырып толығымен ашылған.
|
Мазмұны тақырыпқа сай.
Негізгі тақырыптан шамалы ауытқулар бар.
|
Тақырып біржақты және жеткілікті дәрежеде толық ашылмаған.
|
Мазмұны берілген тақырыпты тек ішінара ашады.
|
Мазмұны берілген тақырыпты ашпайды.
|
Сюжеттегі жүйелілік пен байланыс
|
Жүйелі, түсінікті құрылым сақталған.
|
Сюжет барысында күрт ауысулар байқалады.
Кіріспе, Негізгі бөлім, қорытынды бар.
|
Қойылымда логикалық байланыс әрдайым сақтала бермейді, жүйесіздік бар.
|
Негізгі ой, мен идея жүйелі берілмеген, қойылым құрылымдық тұрғыдан ұйымдастырылмаған.
|
Сахналық қойылым деп атауға келмейді.
|
Актерлік шеберлік, дикциясының анықтылығы, жалпы дайындығы
|
Оқушылардың актерлік шеберліктері өте жақсы: шынайы, шебер. Дауыстары анық, сөздері түсінікті.
|
Жалпы жақсы, дегенмен қойылымда сахналау кезінде аздаған қателіктер кездеседі.
|
Сөздердің жиі қайталануы, қателесуі байқалады. Дегенмен негізгі идеяны орташа деңгейдегі актерлік шеберлікпен орындап шықты.
|
Актерлер кейіпкерлер образын аша алмады.
|
Актерлер ойыны өте әлсіз. Ойын жеткізе алмады, кейіпкер образын сомдай алмады.
|
Сахналық образ, реквизиттер, гример, стилист, костюмер жұмысы
|
Сахналық образдары өте жақсы ойластырылған. Образды алып шығуға көмектесетін лайықты стиль, киім, реквизит бар.
|
Образды сомдауға қажет дүниелердің негізгілері бар. Костюмдері лайықты. Ішінара сәйкессіздіктер кездеседі.
|
Арнайы сахналық образ дайындалмағаны байқалады. Реквизиттер жұтаң.
|
Сахналық образда шикілік көп. Актерлердің кейіпкер рөліндегі сыртқы бейнесі сенімсіз. Реквизит өте аз.
|
Өте әлсіз дайындық. Образға дайындалған деп айтуға келмейді. Реквизиттер жоқ.
|
Максималды балл – 40
|