Алашыбай Аршын М.Әуезов «Қарагөз» трагедиясы ( i-нұсқа)



Дата29.09.2023
өлшемі46,08 Kb.
#111723
Байланысты:
салыстыру


Алашыбай Аршын
М.Әуезов «Қарагөз» трагедиясы ( I-нұсқа)
Қойылым: «Жаңа ғасыр» театры
1 көрініс
Қойылым
1-көрініс
Кітап
Қойылым «Желсіз түнде жарық ай» әнімен басталады.
Нарша мен Асан арасында диалог жүреді.
Кітаптағы диалогпен салыстырғанда –өзгертілген тұстар бар. Мысалы:
Асан (аңырып ойланып). Не дейді?... Кім ол? Осы елдің сенімен бақталас жарыстыратын жақсысы кім? Соны айтшы маған.
Жарылғап ауылының сырты, дөң асты... Кешкі мезгіл: жартас, өзен, қайыңды тоғай, алыста тау, ауыл, шашырап жайылған мал көрінеді. Перде ашылғанда, сахнада тыныштық. Аздан соң ауылдан қоңырлатып айтып келе жатқан ән естіледі. Ән. («Баянауыл»)
Ұшады кешке жақын көк көбелек,
Дертіңді сөндірейін су себелеп.
Түскенде сен есіме, ой, қарағым,
Жортайын аш бөрідей тау жебелеп.
Нарша мен Асан ғана емес, Матайда бар.
Асан (аңырып ойланып). Сонда… Осы елдің сенімен бақталастырар асылы кім? Соны айтшы маған.
2-көрініс
Ақбала.Ұшығыңа жеткізбеген бір баласың ғой, әйтеуір. Наршаны менсінбейді дегенді жұртқа не деп айтарды білмеймін. Осы елдегі бас көтерген жақ жігіттің талай тоғызтоғыздан жолын алып, сенен бір ауыз жылы жауап әпер дегенде, жалғыз сөзге зар болып едік. Аяғыңа бір күн отыртқан жоқ едің. Қашаннан іс еді? Сені жолдан тайғызған кім, соны айтшы?
Ақбала.Ұшығыңа жеткізбеген бір баласың ғой, әйтеуір. Көз жақсым-ау, Наршадай сері жігітті менсінбейді деп мына жұртқа не бетімді айтамын. Әй, Еркеқыз… Сені жолдан тайдырған кім?
Қарагөз. Қара түнді жамылып, құдай атын айтып бір апта ғана болды. Содан бері екі-ақ рет көрістік (Тым-тырыс.) Бізді қосқан желік пен құмарлық емес. Бізді қайғы қосты. Апам өлгеннен бері көңілімде болған жетімдік, күйік қосты. Саған айтатын үлкен сырым осы.
Қарагөз. Қара түнді жамылып, құдай атын айтып екі-үш-ақ ай болды. Содан бері аз-ақ көрістік (Тым-тырыс.) Бізді қосқан желік пен құмарлық емес. Бізді қайғы қосты. Апам өлгеннен бері көңілімде болған жетімдік, күйік қосты. Саған айтатын үлкен сырым осы.
3-көрініс
Сырым (Қаракөздің құшағынан босанып, Ақбалаға). Тоқтат сөзіңді... кекселенбей. Сен сынаймысың бізді, ол – Қаракөз, мен – Сырым... Қаракөздің Сырымнан артық жері болушы ма еді. Бізді Құдайыңның өзі қосқан. Сәулемнің менен өзге теңі кім, мен жылап жүріп тілеп алғамын.
Сырым (Қаракөздің құшағынан босанып, Ақбалаға).Ақбала, айыбыңды ал жаным,тек жазғырма. Ол – Қаракөз, мен – Сырым... Қаракөздің Сырымнан артық жары болушы ма еді. Бізді Құдайыңның өзі қосқан. Сәулемнің менен өзге теңі кім Ақбалажан, мен жылап жүріп тілеп алғамын.
(Салдар қоңырлатып ән салады, Ақбала жерде тұрады. Сырым мен Қаракөз құшақтасып бір тастың үстінде отырады.) Ән (салдыр-күлдір домбыраны қосып, бәрі қосылып ән салады). Күзетші біз отырған жауды барлап,
Сыртыңда дұспандар жүр жындай сарнап.
Екі асық, ынтық болған мұратқа жет,
Жау жатсын іші күйіп онда зарлап.
Қошемет сөз айтамыз сендерге арнап.
Ақбаланы Сырымның досы көтеріп алып кетеді. Артынан қыз-жігіттер шығып ән салады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет