Алдында тұрған ұғымдарды алдын ала енгізудің ұстанымы


ІІ.2. Бастауыш мектепте математика пәнінде ақпараттық технологияларды пайдалану тәжірибесінен



бет5/9
Дата04.02.2022
өлшемі266,5 Kb.
#24839
1   2   3   4   5   6   7   8   9
ІІ.2. Бастауыш мектепте математика пәнінде ақпараттық технологияларды пайдалану тәжірибесінен

Еліміздегі білім беруді дамытудың қазіргі заманғы кезеңі-оқытудың дәстүрлі түрінен жаңа педагогикалық технологияларға ауысатын өтпелі кезең.

Қазіргі уақытта инновациялық педагогикалық технологиялар саны жетерліктей. Оларды пайдалану барысында адамның өмірін, оның құқығы мен бостандығын - ең жоғарғы құндылық ретінде анықтайтын Қазақстан Республикасының негізгі заңы - Қазақстан Республикасы Конституциясын басшылыққа алу керек.

Бұл білім беруді жаңартудың негізгі қағидаларының бірі ізгілендіру мен демократияландырудың іске асыруға бағытталған технологиялар болу керек. Олар «білгір адам» атты білім берудің дәстүрлі парадигмасын «өмір бойы білім ала алатын адам», «іскер адам» атты «гуманистік парадигмаға» аустыратын технология болып табылады. Парадигмалардың осылай ауысуы - білім беру жүйесінің барлық құрамдас компонеттерін жаңартуды талап етеді.

Соның ішіндегі басты компонент - білім берудегі мақсат. Ол мектеп бітірушінің барынша көп білуі емес, оның өзіне қажетті білімді өзі біліп, іздеп табуға үйренуі, оқу, кәсіптік, тұрмыс мәселесін кез келген жағдайда шешіп, іс-әрекет жасай алатын болу керек.

Қазіргі заманғы мектеп мақсаты: ол баланың қабілеті жететін бағытта оны неғұрлым өз бетімен терең білім алуына қолайлы жағдай туғызуы керек.

Мұғалім дайын ақиқат, түйін, ой қорытындысын балалардың «миына құйғанымен», ойлау мен сөйлеу негіздеріне жақындауға да мүмкіндік бермей, шығармашылық, арман, қиял қанатын байлап қояды.

Көптеген жағдайда бала өзінің ой еңбегін әлі ойлап та үлгермеген санасына ерекше әсер етпеген түрінде, жаттап алуына тура келеді. Соның нәтижесінде құбылыстың мәнін ойлау жэне бақылау қабілеті дамымай, жаттауға негізделген есте сақтау дамиды. Бұл -баланы топастыққа әкелетін, ақырында оқуға деген ынтасын жоятын үлкен кемістік болып табылады.

Сабақта, жалпы мектепте оқушыларға ыңғайлы және жайлы жағдай жасалу қажет, сонда ғана оқудан жақсы нәтиже шығады, ол тұлға ретінде жан-жақты дамитын болады.

Аталған мәселені шешетін технологияларды бірі деңгейлеп саралап оқытудың педагогикалық технологиясы. Оны Республикамыздың көптеген мектептер оқу үрдісінде пайдаланып, жақсы нәтижелерге жетіп жүр.

Осы технологияны оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың жетілдірген педагогикалық жүйесінің жобасы ретінде қолданатын болсақ, онда: білімді демократияландыруға және ізгілендіруге; оқу мақсатын анархиялық түрде дәл анықтауға (алты шағын мақсаттар тізбегі арқылы); әр шағын мақсатқа сәйкес мазмұнды айқындауға; оқу үрдісін ұйымдастырудың жаңа әдіс-тәсілдері мен формаларын қолдануға; оқыту қүралы ретінде компьютердіңі дидактикалық мүмкіндіктерін оқу үрдісінде тиімді пайдалануға, оқушыны өз бетімен танымдық іс-әрекетке ынталандыруға, белсендігін арттыруға; жеке басының қабылетіне, даму темпіне сәйкес өз бетімен тиісті білім деңгейіне жетуге; білім сапасын көтеруге; мұғалімнің басқарушылық іс-әрекеті оқушының өзін-өзі тексеріп түзетуге, бақылап, рейтинг жүйесімен бағалауға, сол арқылы өзін-өзі рефлексивті басқаруына айналуға; оған сәйкес жеке түлға өз бетімен дамуын қадағалайтын мониторингін құруына; педагогикалық технологияларды меңгеріп, өз жұмысына пайдалану үшін мұғалімдерді ғылыми-әдістемелік, ғылыми-ізденіс жұмыстарын ынталандырып, шығармашылыққа тартуға болатындығын мектептерде өтіп жатқан тәжірибе жұмыстарын да анықталды.

Оқушының өз бетімен оқулықпен жұмыс істеп, білім алу дағдысын қалыптастыру үшін қажетті талаптардың бірі - оқулық соған бейімделіп жазылу керек.

Кеңінен қарастыратын болсақ, оқулық деген не? Ол педагогикалық жүйенің бір ғана құрамдас бөлігі. Ал, Педагогикалық жүйе дегеніміз не?

Педагогикалық жүйе дегеніміз: мақсат, мазмұн, әдіс-тәсіл, оқытудың ұйымдастыру түрі, құралы (көрнекіліктер) және осылар арқылы нәтижеге жетелейтін оқушы мен оқытушының арасындағы оқыту (дидактикалық) процесі.

Мұндағы: педагогикалық жүйенің алғашқы бес компоненті әдістемелік жүйені құрайды: Әж (мақсат, мазмұн, әдіс-тәсіл, түрі, құрамы).

_ Дидактикалық (оқыту) процесі ойдағыдай жүзеге асу үшін оқушылар белгілі бір дәрежеде оқуға қызықтырылып, ынталандырылу қажет.

Оған мұғалім өзінің шеберлігі арқылы (сыртқы ынталандыру) және міндетті түрде қызықты, тартымды, өз бетімен білім алуға қолайлы құрастырылған мазмұн (ішкі ынталандыру) арқылы қол жеткізе алады.

Қазіргі заманның тиімді білім берудегі бірден бір талабы: оқулықтың мазмұнын жаңаша теру керектігін- мазмұндалу жағынан да, құрылымы жағынан да жетілдірілген түрде.

Оқулықтың мазмұны жай ақпарат көзінен оқушының өз бетімен белсенді түрде танымдық қызмет атқара алатын құралына айналу керек», делінген (Ж.А.Қараев докт.дисс.авторефераты). Ол үшін оқулықтың мазмұнына, кем дегенде, төмендегідей төрт шарт қойылады:

1. а) орта білім беру мектебінің мазмұны (стандарт бойынша бағдарламалар);

ә) әр пәннің жылдық мазмұны (күнтізбе) жоспарында тоқсандық, жылдық қорытынды.

б) әр тараудың мазмұны (күнтізбе) жоспарында тараулық қорытынды.

в) әр тақырыптың мазмұны (тақырыптық жоспарда кері байланыс кезеңі-деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы тақырып бойынша ұпай жинау).

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге багытталуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда.

Оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық-педагогикалық бағыттағы негізгі ой-тұжырымдар төмендегіше сипатталады:

-есте сақтауға негізделген оқып білім алудан бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;

-білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу;

-оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту.

Кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталады. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі.

Ал білім беру саласындағы технологиялық идеялар бүдан 400 жыл бұрын пайда болған. Бұл күнде оқыту технологиясы үлкен өзгеріске душар болып отыр. Мұғалімдер мен оқушыларға әр түрлі дидактикалық материалдармен қоса оқытудың техникалық құралдары жәрдемге келді.Оқыту технологиясы педагогикалық әдістерге негізделген.

1960 жылдарда шетел зерттеушілері «педагогикалық техология» терминін енгізді. «Педагогикалық технология дегеніміз - тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс, тәсілдер оның құрамды бөлігі ғана.

Педагогикалық технология оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру және оны өткізудің формасымен анықталады. Педагогикалық технологияның өзіндік ерекшелігі: қойылған мақсатқа жету мүмкіндігіне кепілдік беретін оқыту үрдісін қүрастыру және оны жүзеге асыру. Оқытылатын пән мазмұны мүғалім мен оқушының өзара байланыс іс-әрекеті, оқушының ішкі даму үрдісі негізінде анықталған нақты мақсат ғана педагогикалық технология құрылымын түсіну кілті бола алады.

Білім беруді реформалауды жузеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттігінен туып отыр. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп өміріне енгізіліп жатыр.

Олар мыналар: Лысенкованың алдын-ала оқыту; В.Шаталовтың интенсивті оқыту (тірек сигналдарын пайдалану арқылы) Эрдниевтің ірі блоктан оқыту, мәселелік оқыту, оқытудың белсенді әдісі т.б.

Ал соңғы жылдары оқытудың модулдік технологиясы мен В.Монаховтың, Дьяченконың оқытудың ұжымдық тэсілі, сондай-ақ профессор Ж.Қараевтың оқытуды дербестендіру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технологиясы еліміздің көптеген мектептерінде қолданылып жүр.

Сонымен қатар нақты іс жүзінде ақпараттық технологияларды оқыту процесінде қолданылып жатқандығын мына материалдарға жасалған шолудан анық көруге болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет