26. Өндірстік полигондарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мыналарды:
1) өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға қойылатын талаптарды;
2) өндірістік ғимараттар мен құрылыстарға қойылатын талаптарды;
3) өндірістік объектілердегі технологиялық процестерге және жабдықтарға қойылатын талаптарды;
4) өндірістік объектілерді жылытуға, жарықтандыруға, ауасын желдетуге және баптауға қойылатын талаптарды;
5) сумен жабдықтауға, су бұруға және өнеркәсіп қалдықтарын кәдеге жаратуға қойылатын талаптарды қамтиды.
6) инфекция ошақтарын оқшаулау бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды;
Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
1) аэрация – құрамындағы органикалық заттарды жылдам тотықтыру үшін әртүрлі орталардың ауамен жасанды қанығуы;
2) ауамен себезгілеу – үй-жайға салқын ауаның, газдың, будың, шаңның түсуінің алдын алуға арналған жергілікті желдеткіш;
3) зиянды заттар – ауадағы рұқсат етілген шекті шоғырланудан (бұдан әрі - РШШ) асатын, адамның организміне теріс әсер ететін заттар;
4) зиянды өндірістік фактор – қызметкерге әсері ауруға немесе еңбек қабілетін төмендетуге және (немесе) ұрпағының денсаулығына теріс әсер етуге алып келуі мүмкін өндірістік фактор;
5) өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар – технологиялық жабдықты пайдаланатын және адамдардың еңбегі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірістері орналастырылған өндірістік объектілер;
Достарыңызбен бөлісу: |