Қалдықтарды жою және жою ережелерін сипаттаңыз (пба)?



Дата18.11.2023
өлшемі16,84 Kb.
#124681

РК-8 билет
Сұрақтар:

  1. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адамдардың өмірі мен денсаулығын, жануарлар мен қоршаған ортаны қорғау қандай принциптермен жүзеге асырылады?

  2. Қалдықтарды жою және жою ережелерін сипаттаңыз (ПБА)?

  3. Биологиялық қауіп» ұғымын түсіндіріңіз.

Жауабы:
3)Биологиялық қауіп-патогендік биологиялық агенттердің адамдардың,Жануарлардың, өсімдіктердің денсаулығына зиян келтіру, сондай-ақ олардың табиғи Ортаның жекелеген компоненттеріне ену ықтималдығы.


Биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптар – Қазақстан Республикасының Заңнамасында және осы заңның (122 бұйрық) 9-бабының 11-тармағына сәйкес Бекітілетін тізбеге енгізілген нормативтік техникалық құжаттарда, ұлттық және (немесе) мемлекетаралық стандарттарда қамтылған биологиялық қауіпсіздікті .Қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін нормалар.

2)Инфекциялық қауіптерден қорғау мақсатында зертханалық жұмыстар барысында биологиялық заттармен сенімді түрде немесе болжамды контаминацияланған кез келген бет немесе материал тиісті түрде дезинфекциялануға тиіс.


Деконтаминациядан және/немесе утилизациялаудан бұрын контаминацияланған материалдарды анықтау және бөлу үшін тиісті рәсімдерді жүргізу керек.
Деконтаминацияны зертхана үй-жайларында немесе дәл жұмыс орнында жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, контаминацияланған қалдықтарды деконтаминацияға жағдай жасалған басқа объектіге тасымалдау үшін бекітілген тәсілмен (яғни герметикалық ыдысқа) буып-түю қажет.
Қалдықтарды жою – қалдықтарды көму және жою бойынша операциялар.
Зертханалық және медициналық қалдықтарды жою әртүрлі аймақтық, ұлттық және халықаралық ережелермен реттеледі, сондықтан биоқауіпті қалдықтарды өңдеу, тасымалдау және кәдеге жарату бағдарламасын әзірлеу және іске асыру алдында осы мәселе бойынша құжаттардың соңғы басылымдарымен танысу қажет. Әдетте, қалдықтарды өртегеннен кейін қоқыс өртегіште пайда болған күлді қарапайым тұрмыстық қалдықтар сияқты өңдеуге және жергілікті қызметтердің күшімен шығаруға болады. Автоклавталған қалдықтарды сыртқы қоқыс өртегіштерде жағуға немесе қоқыс төгетін орындарға шығаруға болады.

1)Табиғат пен оның байлықтары Қазақстан Республикасы халықтарының өмірі мен қызметінің, олардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы мен әл-ауқатын арттырудың табиғи негізі болып табылады.


Осы Заң қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді, сонымен бірге экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге де қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсері болғызбауға, алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Негізгі терминдер мен анықтамалар. Осы заңда мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
Қоршаған орта – табиғи объектілердің, оның ішінде өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін сондай-ақ климатты қоса алғанда, табиғи ресурстардың жанды әрі жансыз жиынтығы;
Қоршаған ортаны қорғау – табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды үтымды пайдалану мен молықтыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдык шаралар жүйесі;
Қоршаған ортаны қорғау объектілері – қоршаған ортаның заңдармен корғалатын құрамдас бөліктері;
Табиғи ресурстар – қоғамның материалдық, мәдени және басқа қажеттерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылық т.б. қызмет процесінде пайдаланылатын құрамдас бөліктері;
Табиғат пайдалану – адамның шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалануы;

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет