Альфред Адлер (1870-1937ж) Индивидуалды психологияның негізгі тезистері 1.Индивидуум бірлік пен өзара келісетін бүтін ретінде адам бірлікті және өзара келісетін ағза болып табылатындығы туралы көзқарастар адлерлік психологияның басты алғы шартын құрайды. Адлер өз теориясына «Индивидуалды психология» деген атау берді, себебі латынша «individuum», «бөлінбейтін» - яғни бөлуге болмайтын ағзаны білдіреді. Индивидуум өзінен ми мен дене арасындағы қатынастағы, сондай-ақ психикалық өмір қатынасындағыдай бөлінбейтін бүтін ретінде көрсетеді. Адлердің пайымдауынша, индивидуалды психологияға деген басты талап бұл бірлікті әрбір индивидуумде : оның ойлауында, сезімдерінде, әрекеттерінде, тұлғаның әрбір көрінуінде дәлелдеуден тұрады. Өзара келісетін және бүтін тұлға құрылымын Адлер өмір стилі деп анықтайды.
2. Адам өмірі жетістікке деген белсенді ұмтылыс ретінде.Адамды органикалық бүтіндік ретінде қарастыру бірыңғай психодинамикалық принципті талап етеді.
Адлер адамның жетістікке ұмтылуын көрсетеді, бұл жерде адамдар ішкі және сыртқы себептерден алшақтамайды, керісінше, алға ұмтылады – олар жеке тұлғалық өмірлік мақсаттарға әрқашан қозғалыста болады. Алдыларына қоятын мақсаттар, және де оларға жетудің индивидуалды жолдары адамдарға өз өміріне қаншалықты мән беретінін түсінуге кілт береді. Адлер бойынша бұл өмірлік мақсаттар мәнді деңгейде индивидуалды таңдалады, сәйкесінше, адамдар әрқашан жетістікке жетуге ұмтылғанда өз әрекеттерін жоспарлауға және өз тағдырын анықтауға қабілетті болады. Қойылған мақсаттарға жетіп, олар тек өз бағасын көтеріп қана қоймай, сондай-ақ өмірде өз орындарын табады.
3. Индивидуум шығармашылық және өзін-өзі анықтайтын бүтін ретінде. Аддлер жеке тұлға қалыптасуындағы тұқымқуалаушылық пен қоршаған ортаның маңызын мойындап, индивидуум - бұл екі әсер етудің нәтижесіне қарағанда, өзгеше деп тұжырымдаған болатын.
Адамдар өз өмірін басқаруға мүмкіндік беретін шығармашылық күшке ие деп есептеген, - еркін, саналы белсенділік адамның анықтаушы белгісі болып табылады. Бұл шығармашылық күш адам тәжірибесінің әрбір шегіне әсер етеді: қабылдау, есте сақтау, қиял, фантазия мен армандар. Ол әрбір адамды өзін-өзі анықтайтын индивидуум, өз өмірінің сәулетшісі етеді.
Адамның шығармашылық табиғаты мен бостандығындағы бұл сенушілік көптеген психологтарды Адлерді қазіргі заманғы гуманистік психологияның өкілі деп есептеуге мәжбүрлейді.