Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет291/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   596
Фреймдерді талдау. Фреймдерді талдауда (1974) Гоффман символика-
лық интеракционизмнен әлеуметтік өмірдің кішігірім құрылымдарын (for a 
study employing the idea of frames, see McLean, 1998) зерттеуге бет бұрды. Ол 
адамдардың жағдайды У.И. Томас көрсеткен мағыналарға сай анықтайтынын 
алға тартатын ұстанымынан алшақтамағанымен, мұндай анықтамалардың 
аса маңызды еместігін айтады: «Жағдайды шынайы деп анықтаудың бірқатар 
салдары бар, бірақ олар болып жатқан жағдайларға аса әсер етпеуі мүмкін»
(Goffman, 1974:1). Оның үстіне, адамдар жағдайды анықтап жатқанда әдетте 
мұндай анықтамаларды жасамайды. Мұндай әрекеттер белсенді, жасампаз, ой-
ластырылған процестің көмегімен емес, ережелерді ұстануымен анықталады. 
Гоффман өз мақсатын былай тұжырымдайды: «Оқиғаларға мән беру үшін қо-
ғамда қолданылатын негізгі ұғымдарды мүшелеуге тырысып, аталмыш құры-
лымдардың әлсіз тұстарын талдау қажет» (1974:10).
Гоффман көзімізге көрінбей-ақ басқаратын құрылымдарды анықтау мақ-
сатында күнделікті өмірдегі жағдайларды сипаттады. Бұл индивидтердің өмір 
кеңістігі мен жалпы әлемдегі оқиғаларды «орналастырып, қабылдап, танып, 
белгілеуге» мүмкіндік және «түсіндіру схемасы» болып табылады. Фрейм-
дер оқиғалар мен жағдайларға мән бере отырып, тәжірибе жасап, жеке немесе 
ұжымдық іс-қимылдарды басқарады» (Snow, 1968:464). Фреймдер – бұл біздің 
күнделікті тәжірибемізді анықтайтын ұйымдастыру қағидалары. Олар біздің 
әлеуметтік әлемдегі болжамдар. Фреймдерсіз біздің әлем байланысы жоқ жеке 
оқиғалар мен фактілердің ретсіз жиынтығына айналар еді. Гонос фрейм дердің 
өзге құрылымдық сипаттарының негізін қалады:
«Гоффманның жеке құрылымдық іс-әрекетті талдауынан фреймдердің 
кейбір негізгі сипаттамасын көруге болады. Фрейм белгілі бір ұйымы 
мен тұрақты қатынастары бар маңызды компоненттердің белгіленген 
жиынтығы ретінде түсіндірілмейді. Бұл компоненттер белгілі бір жағ-
дайдың элементі ретінде жаппай жиналмайды, олар үнемі бірге, барлығы 
қосылып жүйені құрайды. Стандартты компоненттердің үйлесімді әрі 
жетілген сипаты бар... Біздің тәжірибеміздің мысалында өз құрамы жай-
лы хабар беретін маңызды элементтер бар… Барлық осы сипатта фрейм 
ұғымы «құрылым» терминімен ұқсас келеді».
(Gonos, 1977:860)
Гоностың көзқарасы бойынша, фреймдер – негізінен, өзара әрекеттесу-
ді анықтайтын ережелер немесе заңдар. Әдетте ережелер бейсаналы сипатта 
болады және олар жайлы көп айтылмайды. Гонос «белгілер қалай түсінді-
рілу керек, сыртқы көріністер мен әлеуметтік «мен»» арасындағы байланыс 
қандай және бұл әрекеттердің тәжірибесі қандай деген сияқты сұрақтарды 
анықтайтын ережелерді ерекше бөліп қарастырды (Manning, 1980:160). Гонос 
мынадай қорытындылар жасайды: «Гоффмандық мәселелер осылайша бақы-
ланбайтын «күнделікті» өзара әрекеттесуді емес, оның ішкі құрылымы мен 
идеологиясын, жағдайларды емес, олардың фреймдерін зерттеуге ықпал етеді»
(Manning, 1980:160).


391
9-тарау

Символикалық интеракционизм
Бұрындары болған құрылымдардың, әсіресе анағұрлым үлкен мәдениет құ-
рылымдарының шеңберлік мәртебесін көрсетуге болады. Олармен байланыс-
ты субъектілер де түсіндірмелік және конструкциялы жұмыстарды талап етеді 
(P. Berger and Luckmann, 1967; Swatos, 2007). Осы орайда акторлар нақты бір 
жағдайда қандай құрылымның қолданылуы керек екенін шешуі тиіс. Акторлар 
оларды қажеттілік туған жағдайда өздері өзгерте алады. Аталмыш құрылымдар 
бірқалыпты күйде қалмай, уақыт өте келе өзгере алады.
Сноудың айтуынша, (2007) құрылымдар түсіндірмелік жұмыста үш қыз-
метті атқарады. Біріншіден, олар біздің қоршаған ортамызға көңіл бөліп, реле-
вантты немесе мәнсіз, «фрейм ішіндегі» және «фреймнен тыс» деп ажыратып 
отырады. Екіншіден, олар артикуляция тетіктері ретінде жұмыс істеп, түр-
лі құрамдас бөліктерді байланыстырып отырады. Үшіншіден, олар бір заттың 
басқа заттарға және акторларға қарағанда деректі болып келуіне байланысты 
түрлендіруші қызмет атқарады. Сноу «олардың (фреймдердің) түсіндіруге қа-
рағанда, негізгі мәнге ие болатыны даулы мәселе екені соншалықты – пікірлер 
оларды қалыптастырған әдістен тыс түсінілуі мүмкін» деген қорытындыға кел-
ді (2007:1778–1786).
Филип Мэннинг (1992:119) бірқатар оқиғаларға түрлі фреймді қолданған-
дықтан, бұл оқиғалардың әртүрлі мәнге ие болуына байланысты бірнеше мы-
салдар келтіреді. Мысалы, біз дүкенде қалтасына екі сағатты салып алып, ақы-
сын төлемей кетіп бара жатқан әйелді көргенде не ойлауымыз керек? Егер жер-
гілікті детективтің фреймі арқылы қарастырсақ, бұл ұрлық екені айдан анық. 
Ал егер оның қорғаушысының фреймі арқылы қарастырсақ, бұл өз қыздарына 
сыйлық алуға барған әйелдің ұмытшақтығы болып табылады.
Мэннингтің пікірінше, тағы бір өзгеріс Frame Analysis («Фреймдерді тал-
дау») барысында айқындалды және ол Гоффманның өзге жұмыстарында бар 
еді. Бұл – «күнделікті өмірде өзін-өзі өзгеше көрсетудің» негізінде жатқан өмір-
ге деген теріс көзқарастан бас тарту жолы. Гоффман былай дейді: «Бұл әлем 
сахна емес; барлығы жаппай театр емес» (1974, р. 1). Гоффман өмірдің кейбір 
аспектілерін айқын көрсете отырып, метафора ретінде театр ұғымының шек-
теулі екенін мойындады. Сондай-ақ күнделікті өмірдегі салттардың мәні қарас-
тырылмайды. Мэннинг күнделікті өмірде орындалатын рәсімдердің бір функ-
циясын былай сипаттайды:
«Гоффман үшін рәсімдердің айтарлықтай маңызы бар, өйткені олар – 
біздің негізгі қоғамдық қатынастарға деген сеніміміздің тірегі. Рәсім өз-
гелерге әлеуметтік құрылымдағы біздің күйіміздің заңдылығын ақтау-
ға мүмкіндік береді, оған бізді де міндеттейді. Рәсім – бұл позициялық 
механизм, оның көмегімен әлеуметтік төменгі сатыда тұрғандар өздері-
нен жоғары сатыдағылардың жағдайының жоғары екенін құптайды. Қо-
ғамдағы рәсімнің дәрежесі оның әлеуметтік құрылымының заңдылығын 
көр сетеді, себебі индивидке деген рәсімді құрмет – олардың орындайтын 
рө ліне деген құрмет болып саналады».
(P. Manning, 1992:133)
Жалпы айтқанда, рәсімдер – бұл негізгі механизмдердің бірі, солардың кө-
мегімен күнделікті өмір мен әлеуметтік әлем жүйелі тәртіпке түсіп, берік ор-


392
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
нығады. Гоффманның рәсімге деген қызығушылығы оны Эмиль Дюркгеймнің 
шығармашылығына бет бұрғызды, әсіресе оның The Elementary Forms of the 
Religious Life («Дін ұстанудың қалыпты формалары») деген еңбегіне айрықша 
ден қойды. Кең мағынасында, әлеуметтік фактілердің дюркгеймдік ұғымына 
сәйкес, Гоффман ережелерді қарастырып, оларды әлеуметтік тәртіптің сыртқы 
шектеулері ретінде түсіне бастады. Алайда ережелер тек жартылай және бел-
гісіз түрде тәртіпті басқарады. Оның үстіне, адамдардың мүмкіндігі шектеулі 
болғанымен, мұндай шектеулер жеке вариацияның мүмкіндіктерін, тіпті адам-
ның осы ережелерді жалған қолданатынын жоққа шығармайды. Мэннинг тұ-
жырымдағандай, «негізінен, Гоффман ережелердің ең біріншіден шектеу екенін 
пайымдады… Ал басқа жағдайларда Гоффман Дюркгеймнің ережелердің тәр-
тіпті басқаратын шектеуді алға тартатын идеяның тар шеңберде екеніне баса 
назар аударып, оның орнына біздің әрекетімізді шектеуге арналған ережелерді 
әрдайым елемейміз немесе бұзатынымызды пайымдайды» (Manning, 1992:158). 
Шын мәнісінде, заманауи талапқа сай ережелер Гоффман үшін шектеумен 
қатар, әлеуметтік өзара әрекеттесуге қолданылатын тәсілдердің қайнар көзі
болуы да мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет