661
16-тарау
•
Жаһандану теориясы
зіледі. Қазіргі уақытта бұл технологиялар қызметкерлерге үстемдік етеді, уақыт
өте келе олардың көпшілігі адамдарды алмастырады. Қызметкерлер қуырылған
картоп дайын болған кезде қоңырау белгі беретін, тіпті ыстық майдан өзі авто-
матты түрде сүзіп алатын френч-фрай (қуырылған картоп) маши налары сияқ-
ты технологиялар арқылы басқарылады. Өз кезегінде, тұтыну шыларды осындай
технологиялармен шектелген қызметкерлермен бірге, техно логиялардың өздері
де тікелей басқарады. Осылайша автоматты түрде қуыратын машина тұтыну-
шының сапалы дайындалған, жақсылап қуырылған картопты сұратуына мүм-
кіндік бермейді.
Рационалдықтың иррационалдығы. Қызметкерлер де, клиенттер де макдональд-
тандыруға өзгеріссіз серіктес болып көрінетін рационалдықтың иррационал-
дығынан зардап шегеді. Қаншалықты парадокс болса да, рацио налдық өзінің
қарсыласы – иррационалдыққа алып келеді. Мысалы, жылдам тамақтану мей-
рамханасының тиімділігі көбінесе сатушы сөресіне ұзын-сонар кезекке тұр-
ған адамдармен немесе кіріс-шығыс терезесі арқылы жүргізілетін көліктердің
ұзыннан-ұзақ кезектеріне байланысты тиімсіздіктермен ауыстырылады. Көпте-
ген басқа да иррационалдықтар бар болса да, ақырғы иррационалдық – дегу-
манизация. Қызметкерлер тамақ сапасыз дайындалған орындарда қызмет етуге
мәжбүр болса, тұтынушылар сапасыз әзірленген тағамдармен және асықпай
тамақтануға мүмкіндік болмайтын жағдайларда тамақтануға мәжбүр болады.
Жылдам тамақтану мей рамханасы – қызметкерлер үшін де, тұтынушылар үшін
де деградация көзі.
Достарыңызбен бөлісу: