Алеуметтану тероиясы indb


I бөлім • Классикалық әлеуметтану теориясы Мәселенің деңгейі мен ауқымы



Pdf көрінісі
бет142/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   596
174
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
Мәселенің деңгейі мен ауқымы
Заманауи америкалық әлеуметтану теориялары тұрғысынан қарағанда, Зим-
мельдің әлеуметтік шындық туралы теориясы әлдеқайда қиын әрі күрделі. Том 
Боттомор мен Дэвид Фрисбидің (1978) пайымдауынша, Зиммельдің еңбектерін-
де алаңдаудың негізгі төрт деңгейі бар. Біріншіден, бұл – оның қоғамдық өмірдің 
психологиялық компоненттері туралы микроскопиялық болжамдары. Екіншіден – 
оның кең ауқымдағы, тұлғааралық қарым-қатынастың әлеуметтану компоненттері 
туралы қызығушылықтары. Үшіншіден – аса макроскопиялығы, оның өз заманы-
ның құрылымы, сонымен қатар әлеуметтік және мәдени «рухы» мен өзгерісі тура-
лы еңбектері. Зиммель әлеуметтік шындықтың үш өлшемді суретімен ғана жұмыс 
жасап қоймай, сонымен бірге ол «жоғарғы деңгей төменгі деңгейден туындайды» 
деген идеяға негізделген туындау принципін ұстанған болатын (Sawyer, 2005): «Іл-
гері даму өзара ықпалдасушы күштердің тікелей әсерін индивидуалдыдан жоғары 
құрылымдармен алмастырады, олар осы күштердің тәуелсіз өкілдері ретінде қа-
тысады және индивидуумдар арасындағы қарым-қатынасты оңайлатады» ([1907] 
1978:174). Ол тағы былай деді: «Егер қоғам тәуелсіз ғылымның автономды объек-
тісі болуы қажет болса, онда ол тек оны құраушы жеке элементтер жиынтығынан 
жаңа болмыс қалыптасуы арқылы ғана іске асуы мүмкін, олай болмаған жағдайда 
әлеуметтік ғылымдардың барлық мәселелері тек индивидуалды психологияға ғана 
қатысты болады» (Frisby, 1984:56–57). Осы үш деңгейдің қосындысы төртінші 
деңгейді құрайды, ол өз бойына өмірдің барлық метафизикалық принциптерін жи-
наған. Осы мәңгілік шындықтар Зиммельдің барлық жұмыстарына әсер етеді және
әлемнің болашақ бейнесін танып-білуге әкеледі.
Әлеуметтік шындықтың бірнеше деңгейін қамтитын бұл мәселе Зиммель-
дің The Problem Areas of Sociology («Әлеуметтанудың мәселелі аумақтары») атты 
еңбегінде әлеуметтанудың үшке бөлінген «мәселелерінде» бейнеленген (1950, 
бастапқыда 1917 жылы жарық көрген). Ол ең алғаш «таза» әлеуметтануды ай-
қындаған. Бұл аймақта психологиялық өзгерулер өзара әрекеттесу формала-
рымен үйлескен. Зиммель әрекет етушілердің өзіндік шығармашылық ойлауы 
бар екенін болжаған, бірақ ол әлеуметтік шындықтың бұл аспектісіне аз көңіл 
бөлген. Оның ең басты микроскопиялық жұмысы өзара әрекет ету формала-
рымен, сондай-ақ өзара әрекетке түсетін адамдар түрімен байланысты (Korllos, 
1994). Формаларға: бағыну, жоғарғы деңгейлі іс-әрекет, алмасу, конфликт және 
құзыреттілік жатады. Түрлер туралы жұмысында ол қарым-қатынас құрылы-
мындағы позицияларды айқындаған, мысалы «бәсекелес», «қарапайымдылық», 
«әлемге бейімделу, мысалы «дүниеқор», «ысырапшы», «бейтаныс» және «аван-
тюрист». Аралық деңгей – Зиммельдің адамзат тарихының әлеуметтік және мә-
дени өніміне қатысты «жалпы» әлеуметтануы. Бұл тұрғыда Зиммель топ, қоғам 
мен мәдениет құрылымына және тарихына баса мән берді. Соңында, «филосо-
фиялық» әлеуметтануда адамзат тағдырының негізгі табиғаты мен сөзсіздігіне 
деген көзқарасты қарастырған. Осы бөлімде әлеуметтанудың барлық деңгейлері 
туралы сөз қозғалады. Зиммель кей кезде әлеуметтанудың түрлі деңгейлерін бө-
ліп талдаған, бірақ көбінесе оларды жалпылама бірлікте қарастырған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет