184
I бөлім
•
Классикалық әлеуметтану теориясы
көрсетілген көмек қо ғамдағы жүйені бірқалыпты ұстауға мүмкіндік береді де-
ген функционалды көзқарастарды ұстанды. «Кедейлер белсенді әрі қоғамның
қауіпті қарсыласына айналмауы үшін, қоғам олардың күш-қуат, әл-ауқатын
көтеріп, сонымен бірге ұрпақ тоқырауының алдын алу үшін кедейлерге көмек
көрсетуді талап етеді» (Simmel, [1908] 1971c:154). Осылайша, кедейлерге көмек
көрсету кедейлер үшін емес, қоғам үшін жасалады. Мемлекет бұл жағдайда бас-
ты рөл атқарады және, Зиммель көргендей, кедейлерге деген қарым-қатынас
өзіндік қасиетін жоғалтады, себебі көмек көрсету механизмі бюрократтанған
сипат алып барады.
Сондай-ақ Зиммель кедейліктің релятивистік түрін айтты, яғни кедейлер
қоғамның азғын бөлшегі емес. Оның пайымдауынша, кедейлік
барлық әлеумет-
тік жікте кездеседі. Бұл тұжырымдама осыдан кейін туындаған салыстырмалы
депривацияның әлеуметтік тұжырымдамасын айқындап берді. Егер жоғарғы
топтардың мүшесі болып табылатын адамдардың өзімен қатарластарға қа-
рағанда үлестері аздау болса, олар өздерін басқалармен салыстырғанда кедей
сезінуі мүмкін. Сол себепті кедейлікті толық жоюға бағытталған мемлекеттік
бағдарламалар ешқашан сәтті болмайды. Егер әл-ауқаты ең төмендегілерді кө-
терсе де, стратификация жүйесіндегі көптеген адамдар өзін қатарластарымен
салыстырғанда бәрібір кедей сезінетін болады.
Достарыңызбен бөлісу: