198
I бөлім
•
Классикалық әлеуметтану теориясы
нан алшақ татып», таныстарымыздан оқшау ұстаймыз. Бұл – белгілі бір нақты,
білуге тыйым салынатын ақпараттан бұрын, сол тұлғаға қатысты анағұрлым
жалпыланған ақпаратқа байланысты әнгіме (Simmel, [1906] 1950:321). Сыр ай-
тудан
сақтанғанына қарамастан, басқа адамдар туралы олардың өздері ерікті
түрде айтқанынан әлдеқайда көп білеміз. Нақтырақ айтқанда, бізден жасырғы-
сы келген жайларды зерттеуге мәжбүрміз. Зиммель біздің осындай нәрселерді
білуіміз туралы фрейдтік мысал келтіреді: «Психологиялық сезімталдығы жо-
ғары адамға көп адам өзінің ең құпия ойлары мен қасиеттерін еріксіз білдіріп
алады, ішкі сырын жасырғысы келсе де, көбіне
қобалжып отырып сыр аңда-
тып қояды» ([1906] 1950:323–324). Ол неғұрлым бір-бірінің сырына қанығып
жақсырақ білген сайын, соғұрлым бір-біріне тәуелді бола түседі деп пайым-
дайды. Зиммель ассоциацияның басқа бір формасы – достыққа жүгіне оты-
рып, «достық толық жақындыққа, бір-бірі туралы толық білімге негізделеді»
деген пікірге қарсы шығады. Толық жақындықтың болмауы әсіресе заманауи,
диф ференциацияланған қоғамға қатысты: «Заманауи адамның достықты ескі
мағынасында сақтау үшін ішке бүгетін сыры тым көп шығар» (Simmel, [1906]
1950:326]. Осылайша, бізде бірқатар дифференциацияланған достық қарым-
қатынас түрлері бар, бұл – интеллектуалды білімге, дінге, ортақ тәжірибеге
негізделген достық. Мұндай достықта жақындық шектелген және нәтижесінде
үлкен құпиялық бар. Дегенмен бұл шектеулерге қарамастан, достық әлі де бір-
шама жақындықпен байланысты:
«Алайда осындай жолмен шектелген және дискретті құқықтармен қор-
шалған қарым-қатынас сол тұлғаның өмір сүрген ортасымен байланыс-
ты болуы мүм кін. Ол тұлға ең негізгі
адамгершілік құндылықтардың
қайнар көзінен сусындауы ықтимал, алайда ол тек тұлғаның әуел бас-
тағы болмысын қанағаттандырады. Бұл, негізінен, ашу-ыза мен құрбан-
дыққа деген құлшынысты қамтиды, аз дефференциацияланған дәуірдегі
адамдар тек өмірдің жалпы
сферасымен байланысты болса, жаңылыс
айтылған сөз бен әрекет еш қиындық тудырмайды».
(Simmel, [1906] 1950:326)
Әдетте ассоциацияның мейілінше ашық әрі өзіндік құпиясы бар, ең ша-
ғын түрі неке болып саналады. Зиммельдің айтуынша, некеде серігіңе барлық
нәрсені жария қылып, құпия сақтамауға деген қызығушылық бар. Алайда,
оның ойынша, бұлай ету – қате. Барлық әлеуметтік қарым-қатынас «белгі-
лі бір шындық және қателік үлесін» талап етеді, демек,
әлеуметтік қарым-
қатынастан барша қателіктерді жою мүмкін емес (Simmel, [1906] 1950:329).
Нақтырақ айтқанда, толық өзін-өзі ашу (бұл мүмкін деген жағдайдың өзінде)
некені қызықтан және ықтимал кездейсоқтықтан толық айырады. Соңында
біздің көпшілігіміздің ішкі ресурстарымыз шектелген және әрбір сыр ашуы-
мыз басқаларға ұсына алатын (құпия) қазынамызды азайта түседі. Үлкен
жетістіктерге жеткен адамдар ғана өзінің неке серігіне көптеген құпияларын
айта алады. Өзгенің барлығы өз сырын жұртқа жариялап, өзін әшкерелеу
ғана болып қалады.