Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет296/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   596
Сезім қағидалары
Эмоцияларды басқару тарихи, мәдени және кросс-жағдайлар тұрғысынан түр-
ленеді. Басқаша айтқанда, түрлі жағдайлар Хохшильд анықтаған сезім қағи-
даларымен қатар жүреді. Қағидаларды сезіну – бұл эмоцияларды басқарудың 
белгілі бір мәдени стандарттары. Мысалы, Лин Лофланд (1985) жылдар өткен 
сайын жақыныңды жоқтау түрі де өзгере беретінін айтады. Ережелерді сезі-
ну нақты жағдайда сезімдердің деңгейін, бағыты мен ұзақтығын анықтайды. 
Деңгей нақты бір эмоцияның қаншалықты сезілетініне қатысты. Егер менің 
досымның баласы туылса, мен қаншалықты бақытты болуым керек? Бағыт 
жағдайға сәйкес эмоцияларға қатысты болады. Егер досымның баласы туылса
мен қайғыра аламын ба? Ұзақтық белгілі бір сезім кезіндегі оның ұзақтығына 
қатысты. Егер досымның баласы дүниеге келсе, мен неше күн, ай, жыл бақыт-
ты бола аламын?
Нақтырақ айтсақ, сезімдер ережесі микродеңгейде тұлғааралық алмасу ке-
шені ретінде болады. Хохшильд эмоциямен алмасуды сыйлық берумен теңес-
тіреді. Маңыздысы, сыйлық сыйлау әрекеті мәдени ережелерге сай ретте леді. 


399
9-тарау

Символикалық интеракционизм
Жақсы сыйлық секілді сезімдердің алмасуы әлеуметтік облигациялардың өмір-
шеңдігін қамтамасыз етеді. Сондықтан біз күнделікті өмірде өзгелерден белгілі 
бір сезімді сезініп, сол өзгелерге өз сезімдерімізді сыйлаймыз: «сезімдер ереже-
сі адамдардың ыммен алмасуындағы міндеттерді орнатады» ([1983] 2003:76).
10
Бұл ережелер алдыңғы бөлімшелерде қарастырылған үстіртін әре кет пен терең 
әрекеттерге де байланысты. Хохшильд үстіртін және терең әрекет арасындағы 
айырмашылықты жақсы ажырата алатынын айтады. Кейбір жағдайларда сезім 
ережелеріне сай келіп жатса, үстіртін ықпал арқылы да сезімдермен алмаса ала-
мыз. Біз саясаткердің өз жақтастарына жылы жүзбен қарауы тек үстіртін екенін 
жақсы білеміз. Егер олар осы жұмысты қолдауға аз мөлшерде болса да ат са-
лысса, риза боламыз. Басқа жағдайларда махаббат дастаны сынды эмоциямен 
алмасу әрекеті терең ойынды қажет етеді. Егер адам өз ғашығының шынайы 
сезімін тудырмай, тек әрекет үстінде екенін сезінсе, мұны сезім мен алмасудың 
сәйкессіздігі дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет