Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет30/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   596
Социализмнің өркендеуі
Индустриялық жүйе мен капитализм олқылықтарын жеңуге бағытталған бір-
қатар өзгерістерді социализм атауымен ұштастыруға болады (Beilharz, 2005). 
Кейбір әлеуметтанушылар социализмді өндірістік мәселелерді шешу құралы 
ретінде дәріптесе де, көпшілігі бұған адами және интеллектуалды тұрғыдан 
қарсы келді. Бір жағынан, Карл Маркс капиталистік жүйені құлатып, оны со-
циалистік жүйеге ауыстыруды белсенді түрде қолдады. Ол социализм теория-
сын дамытпағанымен, капиталистік жүйенің әртүрлі аспектілерін сынауға көп 
күш жұмсады. Оған қоса, Карл Маркс өзі үміт артқан социалистік қоғамның 
өркендеуіне көмектесетін түрлі саяси іс-шаралармен айналысты.
Алайда Маркс әлеуметтану теориясының ерте кезеңіндегі теорияшыл-әлеу-
меттанушысы болған жоқ. Вебер мен Дюркгейм секілді ал ғашқы теорияшы-
лардың көпшілігі социалимзге қарсы болды (кем дегенде, Маркс түсінігімен). 
Алғашқы теорияшылар капиталистік жүйенің шешілмеген түйінді мәселелері 
бар екенін мойындап, Маркс күрескен әлеуметтік революцияның орнына әлеу-
меттік реформаларды қалады. Олар капитализмге қарағанда социализмнен кө-
бірек қорыққан. Бұл қорқыныш Маркстің капитализмнің социалистік балама-
сын қолдауға бағытталған талпыныстарымен салыстырғанда, әлеуметтану тео-
риясын қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. Шындығында, байқағанымыздай, 
әлеу меттану теориясы көп жағдайда марксизмге, жалпылай келгенде, социа-
листік теорияға қарсы реакция ретінде қалыптасқан.
Феминизм
Феминизм түйткілі тарихпен бірге жасап келеді. Әйелдер қай жерде және қай 
уақытта бағынышты жағдайда болса да (олар әрқашан барлық жерде бағы-
нышты жағдайда болған), сол қалыптасқан жағдайға әрқашан қарсылық біл-
діріп кел ген (Lerner, 1993). Феминистік қозғалыстың алғашқы хабаршыларын 
1630 жыл дардан байқауға болады. Әйелдер белсенділігінің ең биік шарықтауы 
және соған сәйкес әдебиеттің пайда болуы заманауи Батыс тарихының ре-
волюциялық кезеңіне тұспа-тұс келеді. Феминистік белсенділіктің алғашқы 
дабылдары Америка және Француз революцияларының пікірсайыстарымен 
қатар, 1780–1790 жыл дарда басталды. Барынша жоғары деңгейде ұйымдасты-
рылған қозғалыс 1850 жылдарда құлдыққа қарсы орта таптың саяси құқық-
тары үшін күрестің құрамдас бір бөлігі ретінде, сондай-ақ әйелдердің жалпы 
сайлау құқығы (суфражизм) мен ХХ ғасырдың азаматтық және өнеркәсіптік 
заңнама рефор масын талап етіп, жаппай жұмылған ұлы толқынның белорта-
сынан, әсіресе Құрама Штаттардағы «Прогрессивті заманда» көрінді.
Осының барлығы әлеуметтанудың дамуына, әсіресе осы немесе көршілес 
салалардағы әйел адамдардың жұмыстарына әсер етті: кейбіреуін ғана атайтын 


10
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
болсақ, Харриет Мартино (Vetter, 2008), Шарлотта Перкинс Гилман (J. Allen, 
2011), Джейн Аддамс, Флоренс Келли, Анна Джулия Купер, Ида Уэллс-Бар-
нетт, Марианна Вебер және Беатрис Поттер Вэб. Алайда олардың туындылары 
уақыт өте келе шеткері ығыстырылып, өзге теориялардың құрамдас бөлігіне 
ай налды не болмаса мүлдем елеп-ескерілмеді; әлеуметтанудың кәсіптік билік 
негізі ретінде қалыптасуының басында тұрған ер адамдар оларды әлеуметта-
ну бойынша жарияланымдар тізімінен сызып тастады. Феминистік мәселелер 
әлеуметтануда шетке ығыстырылып, маргиналды теорияшыл ерлердің неме се 
аса маргиналданған теорияшыл әйелдердің еңбектерінде ғана қалды. Әлеу мет-
тану теориясының белді тұлғалары – Спенсер, Вебер, Дюркгейм мен кейін гі-
лері өздерінің айналасында болған феминистік пікірталастарға, негізінен, кон-
сервативті түрде жауап қайтарды. Олар жыныс мәселесін жұрт алдында әлеу-
меттану деп атаған білім саласы үшін елеусіз тақырып ретінде қарап, оларға 
шартты түрде ғана жауап қатты. Осындай көзқарас әйелдер әлеуметтану тео-
риясын қалыптастыруға белсене қатыса бастаған шақтың өзінде де сақталды.
Ер адамдардың феминистердің талаптарына қатысты реакцияларының өзге-
ру тарихының бір бөлігі – кәсіптік гендерлік саясаттың даму тарихы енді ғана 
қолға алынып, жазылып жатыр (Deegan, 1988; Fitzpatrick, 1990; Gordon, 1994; 
Lengermann and Niebrugge-Brantley, 1998; Rosenberg, 1982).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет