18
I
бөлім
•
Классикалық әлеуметтану теориясы
Огюст Конт 1798 жылдың 19 қаңтарында Фран-
ция дағы Монпелье қаласында дүниеге келген
(Pickering, 1993:7, Wernick, 2005a; Orenstein,
2007). Отбасы орта таптан шыққан, әкесі салық
жинаушының ресми жер гілікті өкілі лауазы-
мына дейін жеткен.
Конт жас кезінде студент
болса да, сол беті колледжді бітіру туралы
дипломды алмады. Өзі де, сыныптастары да
түгелдей бүлікші деп танылып, саяси көзқарас-
тары үшін Политехникалық институттан (Ecole
Polythechnique) шы ғарылды. Бұл Конттың
академиялық мансабына теріс әсер етті. 1817
жылы өзінен 40 жас үлкен философ Клод Анри
Сен-Симонның хатшысы болды (және «өкіл
баласына» айналды [Manuel, 1962:251]). Бір-
неше жыл бойы олар етене жұмыс істеді. Конт
Сен-Симонға
көп қарыздар екенін мойында-
ған: «Сөзсіз, мен Сен-Симонға интеллектуалды
түрде өте көп қа рыз дармын... мен бүгінгі күні
өзім үшін таңдаған және өмір бойы тайсал-
май жүретін философиялық бағытта алға басуыма Сен-Симон өте қатты жәрдемдесті»
(Durkheim, [1928] 1962:144). Бірақ 1824 жылы олардың қарым-қатынасы үзілді, өйткені,
Конттың пікірінше, Сен-Симон мақалалардың бірінде Конттың есімін өшіріп тастағасы
келді. Кейін Конт өзінің Сен-Симонмен қарым-қатынастарын «апаттық»
деп сипаттады
(Pickering, 1993:238) және оны «бұзылған, өтірікші» деп жазды (Durkheim, [1928] 1962:144).
Конт 1852 жылы Сен-Симон жайлы: «Мен бұл тұлғаға ешқандай міндетті емеспін», – деді
(Pickering, 1993:240).
Хайлброн (1995) Контты «аласа бойлы (шамасы 5 фут, 2 дюйм), қысық көзді және сөйлесу
барысында, әсіресе әйел адамдармен сөйлескенде өзін өте сенімсіз сезінеді» деп сурет-
теген. Сондай-ақ ол жалпы қоғамнан шеттетілген. Бұл фактілер Конттың Каролина Мас-
санмен некелесуін түсіндіруге көмектесе алады (некелері 1825 жылдан 1842 жылға дейін
созылды). Ол әйел некесіз бала туған, кейінірек Конт оны «жезөкше» деп айыптағанмен,
соңғы уақыттарда бұл айыптау күмән туғызады (Pickering, 1997:37). Конттың бойындағы
сенімсіздік оның интеллектуалды қабілетіндегі аса зор сенімділікпен мүлде сыйыспайтын
және ол пікір мынадай деректерге негізделген:
«Конттың есте сақтау қабілетінің күштілігі көпке белгілі. Оның фотографиялық
есте сақтау қабілеті керемет еді, соның көмегімен ол кез келген бетті бір-ақ рет
оқып, оны толықтай бастан аяқ сөзбе-сөз қайталай алатын. Оның зейін қоюы сон-
шалықты жақсы болған, ол тіпті қағазға қалам тигізбестен, бүтін бір кітапты ойша
жазып тастай алатын. Ол дәрістерді конспектісіз оқыған. Конт кітаптарды жазуға
кіріскенде, барлығын есте сақтағаны бойынша жазған».
(Schweber, 1991:134)
1826 жылы Конт өзінің философиялық идеяларына негізделген 72 сериялық қоғамдық
дәріс жүргізудің (өзінің жеке пәтерінде өтетін) жолын ойластырды. Бұл курс едәуір ау-
диторияны жинады, алайда үш дәрістен кейін (жүйке ауытқушылығы болғаннан кейін)
тоқтатылды. Ол психикалық ауытқулардан қиналып жүрді және 1827 жылы Сена өзенінен
секіріп, өз-өзіне қол салмақ болды (сәтсіз аяқталды).
Конт Политехникалық институтта тұрақты қызмет ала алмаса да, 1832 жылы сол жерде
ассистент лауазымына қол жеткізді. 1837 жылы оған қабылдау емтихандарында емтихан
Достарыңызбен бөлісу: