Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет70/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   596
Эксплуатациялау
Маркс үшін пайдалану мен үстемдік – байлықты және билікті кездейсоқ тең 
емес бөлуден артық мағынаны білдіреді. Пайдалану – капиталистік экономи-
каның қажетті бөлігі. Барлық қоғамда пайдалану бар, бірақ капитализмге тән 
нәрсе – пайдаланудың жеке және «объективті» экономикалық жүйе арқылы 
жү зеге асуы. Билік пен күштің маңыздылығына қарағанда экономистердің кес-
телері мен фигураларының маңыздылығы жоғарырақ секілді. Сонымен қатар 
мәжбүрлеу – жиі жалаң күш емес, керісінше, қазіргі уақытта жұмыскердің тек 
еңбекақысы арқылы қанағаттандырыла алатын жеке қажеттіліктері. Маркс 
осылайша жалақының еркіндігін сипаттайды:
«Өзінің ақшасын капиталға айналдыру үшін... ақшаның иесі екі мағына-
да да бос болады, ол бос адам ретінде өзінің еңбек күшін өз тауарларына 
айналдыра алады және, екінші жағынан, сатуға арналған басқа тауары 
жоқ, бос еңбекшіні кездестіруі керек, бұл – еңбек күшін іске асыру үшін 
қажетті нәрсе».
(Marx, [1867] 1967:169)
Жұмысшылар «бос жұмысшылар» болып көрінеді, капиталистермен еркін 
келісім жасайды. Бірақ, Маркстің пайымдауынша, жұмысшылар капиталистер 
ұсынған шарттарды қабылдауы тиіс, өйткені олар жұмысты енді өз қажетті-
ліктері үшін жасай алмайды. Бұл – ерекше шындық, себебі капитализм жұ-
мыссыздардың резервтік жасағы деп аталатын тобын құрады. Егер жұмыс-
шы капиталистің ұсынған жалақысы бойынша жұмыс істеуді қаламаса, онда 
жұмыссыздардың резервтік армиясында тағы біреуі дайын тұр. Бұл, мысалы, 


66
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
Барбара Эренрайхтың ашқан жаңалығының – жалақысы төмен жұмыс орында-
рына арналған көптеген жұмыс ұсыну жарнамаларының мақсаты:
«Жарнамалық хабарландырулар белгілі бір уақытта қолжетімді жұмыс 
орындарының сенімді өлшемі емес екенін кейінірек қана түсіндім. Олар 
жұмыс берушілердің төменгі жалдамалы жұмыс күшінің тұрақты бол-
мауынан одан қорғанудың сақтандыру полисі болады. Үлкен қонақүй-
лердің көбі хабарландыруды, тұрақты жарнамалауды жұмыстан кеткен 
немесе бо са тылған жұмысшылардың орнын басу мақсатында өтініштер 
легін қа лыптастыру үшін ғана жалғастырды».
(Ehrenreich, 2001:15)
Капиталистер жұмысшыларға өздеріне жұмсап отырған құндылықтардан аз 
төлейді. Бұл тәжірибе бізді Маркстің қосымша құн тұжырымдамасына алып 
келеді, ол сатылған кездегі тауар өнімінің құны мен осы тауар өнімін шығару 
кезінде тұтынылатын элементтер (жұмысшының еңбегін қосқанда) құнының 
арасындағы айырмашылық ретінде анықталады. Капиталистер бұл пайданы 
жеке тұтыну үшін пайдалана алады, бірақ ол капитализмді кеңейтуге әкел мей-
ді. Керісінше, капиталистер өздерінің кәсіпорындарын бұрынғыдан да көп құн-
дылықтар өндіру үшін пайданы айналымға түсіру арқылы кеңейтеді.
Айта кету керек, қосымша құн – тек экономикалық тұжырым емес. Капитал 
сияқты, қосымша құн – белгілі бір әлеуметтік қарым-қатынас пен үстемдік ны-
саны, өйткені еңбек – қосымша құнның нақты көзі. «Сондықтан қосымша құн көр-
сеткіші – капиталдың еңбек күшінің немесе капиталистің жұмысшыны қанау 
дәрежесінің нақты көрінісі» (Marx, 1967:218). Бұл байқау Маркс түсіндіретін 
метафораларының біріне нұсқайды: «Капитал – өлім-жітім, бұл вампир тәрізді, 
тірі еңбекті сору арқылы ғана өмір сүреді» ([1867] 1967:233).
Маркс (1857–1858) 1974:414) капитал туралы басқа маңызды нәрсені атап 
көрсетеді: «Капитал бар және тек көптеген капитал сияқты өмір сүре алады». 
Демек, бұл – капитализмді үздіксіз бәсекелестік басқарады дегенді білдіреді. 
Капиталистердің бақылауында сияқты көрінуі мүмкін, бірақ тіпті олар капи-
талдар арасындағы тұрақты бәсекелестікке негізделеді. Капитализм көп капи-
талды қорландыру және инвестициялау үшін қомақты пайда табуға ұмтылады. 
Олай жасамайтын капиталисті солай әрекет ететін басқалар ығыс тырып шыға-
рады. «Осылайша ол өзін-өзі байытуға бағытталған абсолюттік жетістіктерін 
бөліседі. Алайда сараңның бойында өзімшілдік мания ретінде көрініс табатын 
бұл құбылыс – капиталистің бойында тек бір бұранда рөлін ойнайтын әлеумет-
тік механизмнің әсері
» (Marx, [1867] 1967:739). 
Мол пайда мен өндірісті кеңейту үшін қосымша құнды көбейте беруге де-
ген талпыныс – капитализмді Маркс капиталистік қорланудың жалпы заңы 
деп атаған әрекетке итермелейді. Капиталистер жұмысшыларды мүмкіндігін-
ше пайдалануға тырысады: «Капиталдың тұрақты беталысы – еңбек құнының... 
нөлге ұмтылуын талап ету» (Marx, [1867] 1967:600). Маркс, негізінен, капита-
лизмнің құрылымы мен құлдырауы капиталистерді одан сайын көп капиталды 
жинақтау бағытына итермелейтінін айтты. «Еңбек – құндылықтың көзі» деген 
Маркстің ойын ескере отырып, капиталистер пролетариатты қанауды күшейте-
ді, осылайша таптық қақтығысқа жол ашады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет